20 SKO ReYD СҚО ТЖД Айыртау ауданының ТЖ бөлімі, азаматтық қорғаныс басқармасы мамандарымен және жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен бірге су қоймаларындағы азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында Имантау және Шалқар көлдерінде, атап айтқанда «Солнечный ВИП» және «Арман» демалыс базасында рейдтік іс-шаралар өткізілді. Бұдан басқа, демалушылар жиі уақыттарын өткізетін көлдер аумағында үш «жабайы жағажайларда» патрульдеу жүргізілді.
Құқық қорғау органдарының өкілдері халыққа жол қозғалысы мен қоғамдық құқық тәртібі, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы еске салды. Рейд барысында 700 –ден астам адам қамтылды, оларға өртке қарсы ережелерді сақтау және судағы қауіпсіздік тақырыбы бойынша жаднамалар таратылып, нұсқаулықтар жүргізілді.
Іс-шараға барлығы 13 құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты, олар адамдарды өз өмірін құтқаруға және бос уақытты тыныш және қауіпсіз түрде өткізуге шақырды.
 
СҚО ТЖД
Айыртау ауданының ТЖб