21 SKO lager 1 Жазғы демалыс кезінде ата-аналар балаларына күш-қуат алып және толық қанды демалуға мүмкіндік беру үшін, қамқорлық жасайды. Статистика бойынша балалардың 60% -дан астамы бос уақытын сауықтыру лагерлерінде өткізеді. Осы маусымда Қызылжар ауданының «Серебряный бор» лагерінде 400-ден астам бала демалды. Аудан құтқарушылары жазғы маусымда да балаларды қараусыз қалдырмайды. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері өз өмірлерін сақтап қалу туралы маңызды білімді өсіп келе жатқан жас ұрпаққа қызықты, танымды және көрнекі түрде жеткізу үшін оқу жұмыстарын мектеп алаңынан балалар лагерлеріне ауыстырды.
21 SKO lager 2 Осылайша, «Серебряный Бор» лагерінде Қызылжар ауданының білім бөлімі мен төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары төтенше жағдайлардың алдын алу тақырыбында балаларға арналған ойын өткізді. Іс-шараның басты міндеті – адамның айналасындағы қауіп туралы көріністерді қалыптастыру, судағы, тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін бұзудың салдары, сондай-ақ балаларға қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті туралы білім беру болып табылады.
Лагердегі ойын бағдарламасы байқау мен викторинадан басталды, онда балалар судағы демалу ережелері туралы, өрттің қауіпсіздігі саласындағы өз білімдерін көрсетті. Балаларға көрсетілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойылды, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімдерін кию бойынша жарыстар өткізілді. Балаларға сонымен қатар «Су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелері», «Балалардың отпен ойнауы», «Күнделікті өмірдегі өрт қауіпсіздігі ережелері», «Төтенше жағдайлардағы әрекеттер», «Мен өрт сөндіруші мамандығын таңдаймын» тақырыбында қысқа метражды бейне роликтер де есте қалады. Жас демалушылар әр бейнені үлкен қызығушылықпен және мұқият назармен қарады, содан соң бір-бірлерімен құтқарушы болғылары келетіндігімен бөлісті.
Бұдан басқа, өрт сөндіру машинасы көрсетілді, оның тактикалық және техникалық сипаттамалары түсіндірілді, ал содан соң жарыстың қызу қатысушыларын көптеген қуанышты эмоциялар мен әсерлерге әкелетін, өрт сөндіру шлангысынан жаңбыр жауды.
Қойылған тапсырмалармен құтқарушылар лагер жұмысшылары мен балаларды өрт сөндіруші және құтқарушылардың асыл кәсіптерімен таныстырып, төтенше жағдайлардағы әрекеттерге үйретті.
 
Қызылжар ауданының ТЖб