22 SKO reiD Жазғы кезеңде су айдындарындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар ерекше өзекті болып табылады. Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында құтқарушылармен су айдындарындағы адамдардың жалпылай демалыс орындарында патрульдеу жұмыстары жүргізіледі. Осылай шомылу кезеңінің басынан 200-ден астам патрульдеу және рейд жұмыстары жүргізілді. 08 тамыз күні құтқарушылармен Пестрое көлінде «МТРА» телеарнасының журналисттерінің қатысуымен кезекті рейд өткізілді.
Құтқарушылар демалушылармен су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері бойынша, сонымен қатар, алғашқы көмек көрсету бойынша үнпарақ таратып, профилактикалық жұмыс жүргізді.
Құрметті солтүстікқазақстандықтар және қонақтар! Абай болыңыздар! Қарапайым қауіпсіздік ережелерін есте сақтап, ережелердің бұзұлуына жол бермеңіздер! Демалуға және шомылуға арналған арнайы орындарда ғана демалыңыздар. Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, су шалыс іс-әрекетерді көтермейді, қатаң жазалайды. Судағы қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау – өзіңіз төтенше жағдайды болдырмауды білдіреді.
 
Тұяқ Гүлмира
СҚО ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» ММ
Бас құтқарушысы