«Qostanai» облыстық телеарнаның тікелей эфирінде «Тобыл таңы» бағдарламасында Қостанай облысының ТЖД ТЖ жою бөлімінің бас маманы майор Қ.Тәуекелов және Қостанай облысының ТЖД ТЖ алдын алу бөлімінің бас маманы С. Жүсіпов сөз сөйледі.
Бағдарламаның жетекші-редакторының сұрақтарына жауап беріп, қостанайлық құтқарушылардың алдағы суға шомылу маусымына дайындықтары туралы айтты.
Жүсіпов Саяттың айтуынша, жағажайлардың ресми ашылу уақыты жоқ, алайда ауа температурасы көтерілген кезде адамдар су айдындарына шомылуға шыға бастайды және осы жерден құтқарушылардың жұмысы басталады. Сонымен қатар, суға шомылу маусымына дайындық сәуір айынан басталған. Облыстық Тетенше жағдайлар комиссиясының отырысы өтті, онда бірқатар мәселелер, оның ішінде тыйым салынған белгілерді орнату мәселесі қаралды. Бұрыннан келе жатқан мәселе, біздің облыстағы арнайы жабдықталмаған суға шомылу орындарының аздығы болып табылады. Алдын алу іс-шаралары балалармен қатар ересектермен де ұйымдастырылды. Жазғы демалыс басталар алдында интерактивті сабақтар өткізілуде. Оқу жылының басынан бастап осындай 11 сабақ өткізілді. Балаларға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
Статистика бойынша 2017 жылы 19 адам, оның ішінде 5 бала су құрбаны болды. 9 адам мас күйде болған. Барлық суға батып кеткендер жабдықталмаған орындарда шомылған.
«Жазғы кезеңде біз жазғы лагерлерге шығамыз. Өткен жылы 12 жұмыс істеп тұрған лагерлерді араладық. «Қауіпсіз демалыс» атты бағдарлама шеңберінде өзекті жазғы тақырып болып саналатын «Судағы қауіпсіздік», «Орманда қалай аман қалу» және т.б. алдын алу сұхбаттарын өткіздік. Су айдындары бар лагерлерде сабақты ойын түрінде өткіземіз. Құтқару шеңберлерінен лақтыру, құтқару кеудешелерін кию дағлыларына үйретеміз. Жалпы жазғы кезеңде бізде 2 мыңнан астам адам, соның ішінді балалар мен лагерлердің ересек қызметшілері оқытылды. Осы кезеңде осыған ұқсас жұмыстар мектеп ішіндегі лагерлер мен аула клубтарында ұйымдастырылды. Сұхбаттасулардан бөлек балаларға көрнекі материалдар, үндеулер және жадынамалар таратылды. Жергілікті телеарналарда, ЛЕД-экрандарда, адамдардың көп жиналатын орындарында, сондай-ақ ТЖД мен Білім басқармасының сайттарында бейнероликтарды жалға беруді жүзеге асырамыз»,-деп атап өтті С.Жүсіпов.
К.Тауекелов атап өткендей, алдын алу жұмыстарындағы құтқарушылардың маңызды элементтерінің бірі рейд өткізу болып табылады. Жергілікті полиция қызметімен бірлескен патрульдеу барысында олар тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда шомылуды болдырмау үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Балық аулаушыларға су қоймаларына жақын жерлердегі жүріс-тұрыс қағидаларын ескертеді.
Тақырыптың жалғасында облыстық мекеме өкілдері судағы тәртіп ережелері туралы бөлісіп, бағалы және пайдалы кеңестер айтты.
 
Қостанай облысының ТЖД ТЖ алдын алу бөлімі