15 ZKO U4enie 1 23 мамыр күні «Атриум» сауда үйінде Орал қаласының өрт бөлімшелерінің кезекшілік аусымы мен күзетінің жеке құрамымен кезекті өрт-тактикалық оқу-жаттығуы жүргізілді.
Оқу-жаттығу сценарийі бойынша сағат 16.40-та БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығына «Атриум» сауда үйнен бірінші қабаттың ауданы 35 кв. м. «Grazie» зат бутигіндегі өрт туындағаны туралы түсті. Сондай-ақ, ғимаратта шығып үлгермеген зардап шегушілер де бар. Оқиға орнына кідірместен өрттің 3-рангісі бойынша бөлімшесі жіберілді. Ғимаратқа жеткен бойда өрт сөндірушілер бір минутты да жоғалтпастан адамдарды эвакуациялауға және құтқаруға, содан кейін өртті сөндіруге кірісті.
15 ZKO U4enie 2 Оқу-жаттығу аяқталар уақытта зардап шеккендер құтқарылды, өрт сөндірілді, жұмыс мақсатына жетіп барлығы жоғары деңгейде орындалды. Шартты өрт сағат 17.23-те түгел жойылды. Оқу-жаттығуға барлығы 15 техника мен жеке құрамнан 55 адам жұмылдырылды.
ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің басшысы Назарәлі Селимов айтып өткендей, оқу-жаттығудың негізгі міндеті – өрт күзеті бөлімшелерінің қаланың объект персоналы және тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимылдарының нәтижелілігін шыңдау.
- Мұндау оқу-жаттығулары бізде ай сайын өткізіледі. Ішкі істер министрлігінің нұсқауы бойынша алдағы екі айда сауда және білім объектілерінде 108 өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған. Бүгінгі «Атриум» сауда үйіндегі оқу-жаттығуында 137 адам эвакуацияланып, 23 адам құтқарылды, - деді Н.Селимов.
Қауіпсіздік қызметі координаторы Вади Волкогонның айтуынша ғимараттың жалпы ауданы 9043 шаршы метрді құрайды.
21 мамыр күні «Галактика» СОК-та осындай оқу-жаттығуы өткізілгенін айтып өткен жөн, оған 12 техника жеке құрамнан 60 адам жұмылыдырылды. Осы оқу-жаттығуларда сценарий бойынша сағат 14.30-да «Галактика» сауда-ойын-сауық кешенінің екінші қабатындағы «Динозаврия» ойын залында өрт орын алғаны және балалар ойын залында ғимараттан шығып үлгермеген адамдар бар екені жөніндегі шартты дабыл келіп түскен.
Өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың және меджұмысшылардың жедел іс-қимылы барысында зардап шегушілер құтқарылды оларға медициналық көмек көрсетілді. Оқу-жаттығу барлық мақсатына жетті.
 
БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы