25 Kar da Efir 2018 жылғы 20 сәуірде Қарағанды облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау-профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Бауыржан Бадылбаев «5 арна» телеарнадағы «Постскриптум» телебағдарламасында сөз сөйледі. Шығарылымның негізгі тақырыбы сауда объектілерінің өрт қауіпсіздігі бойынша тексерулері болды.
Жоспардан тыс тексерілерді өткізу үшін Қарағанды облысында 171 сауда нысаны есепке алынды. 2018 жылғы 18 сәуірге 106 тексерістерді белгілеу актілері тіркелді. 94 тексерулер аяқталды, 91 объектіде 971 өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің бұзушылықтары анықталды, жіберілген бұзушылықтар үшін 106 әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар 1481 адам қамтылумен 144 нұсқаулық өткізілді. «Атамекен» ҰКП бірлесіп, сауда объектілерінің және жеке мектепке дейінгі мекемелердің басшыларымен 3 кеңес өткізілді.
67 өрт-тактикалық сабақ пен 9 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Жұмыс жалғасуда және кунделікті бақылауда.
Негізгі бұзушылықтар ол: өрт сөндіру автоматика жүйесімен барлық бөлмелер бұғатталмаған; бар өрт сөндіру автоматика жүйелері жартылай бұзылған жағдайда; электр сымдарының тарамдары оқшауларының кедергісін өлшеуімен электр жабдықталуының тексерулері жүргізілмейді; шиыршықтарымен жалғаулары бар уақытша электр желілерінің салуына жол беріледі; қойма бөлмелерінде қыздыру лампалары қорғау плафондарысыз пайдаланады; эвакуациялық жолдар қосымша сауда орындарының орнатуымен тарылуы; қосымша эвакуациялық шығулардың есіктері құлыптарға жабылады; ғимараттан шығу жолы бойынша емес есіктердің ашылуына жол берілуі; ақаусыз өрт сөндіргіштердің нормативті саны жоқ; сыртқы металл өрт сөндіру сатылары сыналмайды; ішкі және сыртқы сумен жабдықтау жүйелерінде ақаулықтарға жол беру.
Өткізілген тексерулер бойынша барлық құжаттар ҚР ІІМ ТЖ комитетіне күнделікті жіберіліп, ресми сайтта орнатылады.
 
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі