23 UKO K4S 1 Қалалық әкімшілік ғимаратында, Шымкент қаласы аумағында табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алу және дер кезінде жою жұмыстарын жүйелі турде жургізу мақсатында қалалық Төтенше жағдайларды алдын алу және жою комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Отырыстың күн тәртібінде 2018 жылғы жазғы шомылу маусымында Шымкент қаласының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы және 2018 жылы болуы мүмкін дала және орман өрттерін алдын алу және жою жөніндегі шаралар туралы сұрақтар қаралды.
Жиналыс барысында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Мадияр Есенгелдіұлы Жақсыбаев алдыңғы жылдары болған төтенше жағдайлардың мониторингіне сүйене отырып, суға батқандардың себептері туралы және судағы сақтық шаралары жөнінде айтып шықты.
Отырысты қорытындылай келе қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Керімбекұлы Жанбосынов құзырлы мекемелерге нақты тапсырмалар берді.
23 UKO K4S 2 23 UKO K4S 3
 
ОҚО ТЖД
Шымкент қ.ТЖБ