21 Mang PB Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының қызметкерлері автокөліктерге техникалық қызмет көрсету станцияларында өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша профилактикалық рейд ұйымдастырды.
Рейд барысында гараж иелеріне және, сондай-ақ, күзетшілерге, өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау бойынша кеңестер айтты, гараждарды, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қарады, жүргізушілерге өрт кезінде іс-әрекеттерін хабардар етті, сонымен қатар техникалық қызмет көрсету станцияларында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша жадынамалар таратты.
Басқарма қызметкерлері автокөлік иелеріне ең алдымен байланыстардың қосылған жерлеріне уақытылы назар аударуға, отынмен жабдықтау жүйесінің дұрыстығын бақылауға, қозғалтқышты жылыту үшін ашық отты пайдаланбауға, өрт сөндіру құралының дұрыстығын бақылауға, сонымен қатар газ қондырғысын сертификаттандырылған орталықта орнатуын, және өз автокөліктерін мерзімді техникалық қызмет көрсетуден өткізуге, ал егер өрт болған жағдайда дереу 101, 112 нөмірлеріне қоңырау шалуға шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, бұл Қазақстан Республикасы бойынша аралас отын түрінің пайдалану бойынша Маңғыстау облысы 1-орын алады.
 
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы
Маңғыстау облысы ТЖД