23 VKO Pozh Bez Шығыс Қазақстанда өрт қауіпсіздігі сенбіліктері қызып тұр. Жылыту маусымының басынан бері ШҚО ТЖД инспекторлары «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өрт сөндірушілерімен бірге қызметтен бос кезде, күнделікті және демалыс күндері жеке тұрғын секторының тұрғындарына пешпен жылыту және улы газдың қаупі туралы ескерту үшін барады.
Жеке сектордағы өрттер статистикасы көңіл көншітерлік емес, бұрынғысынша көшбастап тұр. 250 өрттің 200-і жеке секторына қатысты. азаматтардың қауіпсіздік және ережелерді сақтау мәдениеті өте төмен жағдайда. адамдар мамандардың кеңестерін құлақтарына ілгісі де келмейді. Адамдардың көбі пештің жанына жеңіл тұтанатын заттарды сақтайды, түтін мұржасында өртке қарсы аралықты сақтамайды. Бұл проблеманың жартысы ғана – жарамсыз пеш өрт шығуына ғана себепкер емес, сондай-ақ улы газбен улануға әкеп соғуы ықтимал. Пештегі сызаттар, мұржаны уақтылы тазаламау, мұржаны жауып тастау – ШҚО-да жыл басынан бері 17 рет улануға әкеп соқты, салдарынан 16 адам зардап шегіп, 2-уі мерт болған.
Соңғы кезде аталмыш жағдайлар үйлерде ғана емес, моншада да кездесуде. Сондықтан өртпен күресушілер үйлердегі пешпен қоса моншаны да тексереді.
ШҚО өрт сөндірушілері күн сайын адресатқа ғана жеткізіп қана қоймай, түсіндіру арқылы санасына да жетуге үміттерін үзбейді. Жаппай өрт қауіпсіздігінің сенбіліктері нәтижесінде ШҚО ТЖД шамамен 60000 үйді аралап, үй иесінің аты-жөні, мекенжайы көрсетілген жадынама-ұсыныстарды таратты. Жыл басынан бері инспекторлар құрамы 90000 астам ауланы аралады.
 
ШҚО ТЖД