15 PVLdr ReiD 1 2018 жылғы 18 қаңтарда Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Железнодорожников кентінде акция ұйымдастырып өткізді. Осы акцияға “Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмысы қызметі” ММ қызметкерлері, сондай-ақ “Жастар бастамасын дамыту орталығы” еріктілері белсенділікпен қатысты.
Іс-шараның мақсаты тұрғындарға жылыту пештерін дұрыс пайдалану және азаматтарды пештерді пайдалану кезінде қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтауға шақыру.
15 PVLdr ReiD 2 Өткізілген акция барысында бірқатар жеке тұрғын үйлерде ауыр жағдайларға әкелетін өр қауіпсіздігін сақтау ережелерін өрескел бұзушылар анықталды, бұл - өңделмеген пештер, мұржалар жарылған, пеш алдындағы темірлер, пештерде жанатын қатты заттарды сақтау және кептіру ( ағаш, киім-кешек).
Рейдке қатысушылар өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп қана қоймай, қайғылы статистиканы айтты, жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жадынамалар тапсырды. Өткізілген акцияда барлығы 238 жеке тұрғын үй қамтылды және 348 адам өрт қауіпсіздігін сақтау шараларына оқытылды.
Осындай акциялар мен рейдтерді Басқарма қызметкерлері жылыту кезеңі аяқталғанша жалғастыруды ниеттеніп отыр.
Жыл басынан бері тек қана Павлодар қаласы бойынша пештердің ақаулығынан жеке тұрғын үйлерде 18 өрт шықты, тиісті назардың болмауынан және білмеуден немесе жеке басының ұқыпсыздығынан улы газдан 7 адам зардап шекті, оның ішінде: 3- адам қайтыс болды, 4 - адам зардап шекті.
Келтірілген қайғылы статистикаға азаматтардың назарын аудара отырып, Төтенше жағдайлар қызметкерлері өз өмірлеріне, денсаулықтарына және үй-жайларына үлкен жауапкершілікпен қарауларын сұрайды. Пештерді тексеруден өткізу және қолданылып жүрген ережелерге сәйкес пайдалану.
 
Павлодар қаласы
Төтенше жағдайлар басқармасы
мемлекеттік өрт қауіпсіздігін бақылау
бөлімінің инженері - Д.Қажқаримов