0 IUKO me4et Agitacia 1 Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 817 мешіт бар, онда 1782 имам жұмыс жасайды. Бүгінде ислами діни ұйымдар қоғамға үлкен ықпал етеді. Осы фактіні ескере отырып, Шымкент қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды өткізу үшін облыстағы аудандар мен қалалардағы имамдардың жыл сайынғы есепті жиналысына қатысты. Кез келген төтенше жағдайлардың, оның ішінде өрттердің алдын алу, елді мекен тұрғындарына ақпараттарды жеткізу – бұл үгіт-насихат жұмыстарының басты мақсаты болды.
0 IUKO me4et Agitacia 2 Бөлім бастығы Ғалым Мұратов имамдардан адамдардың саны көбірек жиналатын жұма намазы кезінде өрт қауіпсіздігіне назар аударуын сұрады. Ол өз сөзінде: «Өрттің пайда болуының алдын алу үшін азғана нәрсе қажет-сақтықты жоғалтпау, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау және барлық өмір жағдайларында отпен өте абай болу»,-деп, атап өтті.
Жас маман Нурдаулет Ергали «болмайды» бірнеше ережелерді естеріне салды: төсек орнында темекі шекпеңіздер, спирттік ішімдіктерді артық пайдаланбаңыздар, балаларға өрт қауіпті заттармен ойнауға рұқсат етпеңіздер және қабілеті жоқ отбасы мүшелерін бақылаусыз қалдырмаңыздар. Сондай-ақ, ол қыс мезгілінде жылыту құралдары-өрттердің орын алуының жиі себебі болатындығы туралы шындыққа имамдардың назарын өткірледі. Әсіресе пешпен, газбен және электр құрылғыларымен жылытуды мұқият бақылау қажет. ТЖ қызметкерлері өрт кезінде тек қана жалын емес, олардан келетін түтін мен ыс иісі де қауіпті екендігін айтты, себебі жану кезінде улы заттар бөлінеді: көгертетін қышқыл, фосген және тағы да басқа заттар, ал оттегінің мөлшері ауада тез түседі. Жануға күдіктенген кезде тез арада 101 нөмірі бойынша өртке қарсы қызметке хабарласу қажет.
Сонымен қатар, мамандар тек ғана айтып қойған жоқ, көрсетті: бейнеролик көрсетілді, жадынамалар мен плакаттар таратылды. Облыстың бас имамы кездесу соңында пайдалы ақпарат үшін басқарма мамандарына алғыс айтты.
 
Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД
Шымкент қаласы ТЖБ