2 JambyL kTi 1 2017 жылдың 23 қарашасында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінің қызметкерлері мен Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері біріге отырып Тараз қаласының жалпы білім беру мекемелерінің (9, 10, 11 сынып) оқушыларымен Тараз қаласы № 15 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің базасында «Ашық есік күні» өткізілді. Қалалық жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жарағында тұрған заманауи құтқару техникалары мен құтқару жабдықтарымен танысты.
2 JambyL kTi 2 Экскурсияда қатысушыларға өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың күнделікті тыныс-тіршілігі, олардың өрт сөндіру және төтенше жағдайларды жою кезіндегі ерлік істері туралы айтылды. Тілсіз жаумен алысуға, үйіндінің астында қалған зардап шегушіге жәрдем беруге, күрделі орындарға жетуге жәрдем беретін өрт сөндіру техникасы мен құтқару жабдықтарының көрсетілімі оқушыларды тәнті етті. Барлық құтқару техникаларын тамашалаған оқушылар, өз кезегінде түрлі сипаттағы құтқару жабдықтары мен өрттен қорғау жарақтарын және қорғау каскаларын қызығушылықпен киіп көрді.
2 JambyL kTi 3 Сонымен қоса, көрмені тамашалап болған соң, Көкшетау техникалық институтын курсанттармен жабдықтау мақсатында Өрт сөндіру мекемесінің Кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлері Көкшетау техникалық институтында және Ресей, сондай-ақ Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бейімді оқу орындарында оқудың мәртебесін насихаттау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, институтта оқудың регламенттік жағдайларын және басты қызметтік бағытын, азаматтық қорғау органдарында қызмет өткерудің маңыздылығы мен басым сипаты туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Институт туралы имидждік видеоролик көрсете отырып, институтта оқудың регламенттік жағдайлары және басты қызметтік бағыты, азаматтық қорғау органдарында қызмет өткерудің маңыздылығы мен басым сипаты туралы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
 
Айгерім Бейсбекова
Жамбыл облысы ТЖД
Өрт сөндіру мекеменің Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы
азаматтық қорғау аға лейтенанты