3 VKO UROk 1 Каникулдан кейін «Эставелла» балалар-жасөспірімдер клубының жас құтқарушыларында оқу күндері басталды. Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің құтқарушылары және мамандары қатарынан оқытушылар бірден бірінші сабақтан бастап қыздар мен ұлдарды өңірдің қысқы кезеңіндегі қатал жағдайларымен кездесуге дайындай бастады, бірінші үсік шалу кезінде медициналық көмек көрсету қағидаларын жасап, одан кейін өткелді орнату ерекшеліктерін, оны тарту және өту дұрыстығын үйренді.
3 VKO UROk 2 «Кейін де біздің оқушыларымыз өткелден өтпеуі мүмкін емес, мысалы, мұздық сызат арқылы, ал мұны қысқы жағдайда жасау өте қиын», - деп түсіндірді ШҚО ТЖД кәсіби құтқарушысы Александр Чернов. «Бүгін олар бірінші рет мұны өздігінен жасап көрді. Біз олардың әрбір қадамын қадағаладық, нені түзету керектігін, қандай қателіктер жібергендігін түсіндірдік. Бұл жұмысты жалғастыратын боламыз. Олар бәрін жасай алады деп сенеміз.
3 VKO UROk 3 Өткел тек таулы өзен арқылы ғана болмайтындығын атап өту керек. Сондай-ақ ол жыра, арна үстінде де болады. Тек одан өте білу емес, алайда оны тікелей ұйымдастыра білу де маңызды. Ол үшін мықты тіректер табу қажет – ол бекітілетін ағаштар, бетон тірекшелер, және де қажетті сәтте ұрындырмайтын, арнайы түйіншектер жасай білуді үйрену. Мамандардың айтуы бойынша, дұрыс ұйымдастырылған өткел 200 кг астам жүкті көтеруі мүмкін. Құрал-сайманымен бірге туристің орташа салмағын ескерсек, ол 120 кг аспайды, яғни алаң болудың қажеті жоқ.
«Оның барлық құрал-жабдықтары салынған, рюкзакпен бірге адамның салмағы – бұл арқанға түсетін үйлесімді орташа салмақ, - деп атап көрсетті Александр Чернов. Ол одан да үлкен салмақты көтереді. Өткелден зардап шегушіні өткізгенде оларды құтқарушылар алып жүреді, сондықтан күш одан да көп болады».
Сабақ тез әрі қызықты өтті. Балалар тек көптеген жаңа және пайдалы ақпаратты біліп қана қоймай, алайда үлкен әсер алды.
Кездесу соңында жас құтқарушылар өздері құрастырған қолда бар заттардан және арқаннан жасалған зембілмен зардап шегушіні тасымалдау ережесін жасап үйренді. Құтқарушылар тұрақты түрде балаларға қамқоршы болып, құтқару ісіндегі негіздерге өскелең ұрпақты даярлауға белсенді қатысады.
 
Өскемен қаласының ТЖБ