15 Kyzl Orda Қызылорда қаласындағы «Қоғам ТД» телеарнасында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы азаматтық қорғау майоры Ернұр Райымбеков сұхбат берді. Сұхбат кезінде, су тасқыны бойынша бірқатар сұрақтарға жауап берді. Басты мақсат – қыс мезгілінде қандай да бір төтенше жағдайлардың алдын алу мен зардабын жоюға қатысатын күштер мен құралдардың әзірлігін және өзара іс-қимылдарын пысықтау. Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ең басты міндетіміз. Облыста қыс, көктем мезгілдерінде болатын төтенше жағдайдың бірі – су тасқыны. Облыста қауіпті аймаққа жататын 56 саяжай бар.
Қызылорда қаласы мен аудандарда тасқын су кезеңінде 156,0 мыңға жуық адамды көшіруге арналған 86 эвакуациялық жинақтау және 101 қабылдау пункті дайындыққа келтірілді. Су басу қаупі бар аймақтар учаскелерге бөлініп, оған 152 мекемеден барлығы 375 арнайы техника және 1710 маман жауапты болып бекітілген.
2017-2018 жылғы қысқы-көктемгі су тасқынына қарсы шараларға қатыстырылатын күштер мен құралдардың құрамы: 141 маман, 39 бірлік техника, 6 суда жүзу құралы, 15 су сору мотопомпасы және 1 тікұшақ.
Төтенше жағдай туындағанда электрдабыл қондырғысын қосу арқылы «Баршаның назарына» азаматтық қорғаныс дабыл ескертуі беріледі.
Су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алған кезде:
- суды, газды және электр тоғын өшіріңіз;
- жанып тұрған пешті сөндіріңіз;
- егер уақытыңыз жеткілікті болса үйдің жоғарғы қабатына (шатырға) құнды заттар мен мүліктерді, тұщы су қорын және ұзақ мерзімге сақтауға келетін консервіленген тағамдарды тасып шығарыңыз;
- ауылшаруашылық малдарын қауіпсіз жерлерге көшіруді қамтамасыз етіңіз;
- ауылшаруашылық құрал-саймандарды қауіпсіз орынға апарыңыз;
- бірінші қабаттағы барлық есік пен терезелерді жабыңыз, қажет болғанда және уақыт жетсе терезелер сынбас үшін оларды тақтаймен немесе үйеңкі фанерасымен бекітіп тастаңыз;
- өзіңізбен бірге су өткізбейтін пакетте жеке құжаттар, ақша, бағалы заттар, медициналық қобдиша, мезгілге сай киім мен аяқ киім, жатын жаймалары мен дәретханаға қажеті заттарды сонымен қатар үш күндік тамақ (киімдер мен тамақты чемоданға немесе сөмкеге салған жөн) алыңыз;
- қауіпсіз ауданға көшу үшін белгіленген уақытта эвакуациялық жинақтау пунктіне барыңыз»,- деді азаматтық қорғау майоры Е.Райымбеков.
Сонымен бірге халық арасында үгіт-насихат және түсіндірме жұмыстарының жүргізіліп жатқандығы жөнінде айтты.
 
Қызылорда облысы ТЖД