16 ZKO KTi 1 Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің Жаңақала ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу үшін талапкерлермен іріктеу жұмыстарын сапалы жүргізуде.
Осының негізінде Жаңақала ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу үшін талапкерлермен түсіндірмелік жұмыстарды жан-жақты жүргізуде. Аудан бойынша барлық мектептердің 9,10,11 сынып оқушыларына бейнеүзіктер көрсетіліп, күндізгі оқу формасы негізінде институтқа түсу тәртібі туралы айтылды.
16 ZKO KTi 2 Мектеп бітіруші сынып оқушыларына бейнеүзіктер көрсету аяқталысымен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері күндізгі оқу формасы негізінде институтке түсу тәртібі туралы, оқу жағдайлары және казармалық жағдайда тұру тәртібі туралы дәріс оқыды.
Сондай-ақ түлектерге жоғарғы оқу орнында оқудың келешегі түсіндірілді: Ккурсанттардың оқуы республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Институттың толық күндізгі курс оқуын бітірген тұлғалардың оқу мерзімі шұғыл әскери қызмет өтуге теңестіріледі.
Оқу аяқталған соң түлектерге «лейтенант» офицерлік атағы беріліп, ҚР ІІМ ТЖК Төтенше жағдайлар комитеті құрылымдарына қызмет атқаруына келісімшарт жасалады.
 
Е.Мамаев
Жаңақала ауданының ТЖ бөлімінің аға инженері
азаматтық қорғау лейтенанты