12 PVLDr 7ya 1 2013 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Жанұя күні деп бекітілді. Біріншіден, Қазақстанда Жанұя күнін мерекелеу неке және жанұя, қоғамда өнегелік және рухани институтын нығайтуға себепші. Сондай-ақ қоғамда ерлі-зайыптылық жауапкершіліктің маңыздылығын сөзсіз сезінуге шақыру. Отанға деген сүйіспеншілік жанұяға деген сүйіспеншіліктен басталатындығы айтылды.
12 PVLDr 7ya 2 «Жанұя күні» мерекесі аясында 2017 жылғы 9 қыркүйекте ТЖД қызметкерлері мен оның бөлімшелерінің жанұялары үшін Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті аумағында «Бірге бақыттымыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Жанұялық мерекеге еңбек ардагерлері де шақырылды. Іс-шараны облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Әлібек Әбдікәрімұлы Длимовтің басшылығымен кадрлар жұмысы бөлімі ұйымдастырды.
12 PVLDr 7ya 3 ТЖ департаментінің бастығы Ә.Ә. Длимов өз сөзінде керемет мереке Жанұя күнімен құттықтады. Жанұя әр қайсымыз үшін ең ұлы байлық - деді ол. Өзіміздің жанұямызды қорғау және қамқорлыққа алу әрқайсымыз үшін парыз деп атап көрсетті Ә.Ә. Длимов және барлығына зор денсаулық, бақыт және амандық тіледі. Балалар тілек тілеп түрлі-түсті шарларды аспанға жіберді. Мереке құрметіне еңбек ардагері Е.Т. Құлақанова қазақтың ұлттық дәстүрі бойынша «Шашу» жасады. Балалар тәттілерді көңілді және қызумен теріп алды.
12 PVLDr 7ya 4 Осы күні департамент қызметкерлері мен оның бөлімшелері қызметкерлерінің арасында кішігірім байқау ұйымдастырылды: «Папа, мама және мен» көңілді мәлелер, арқан тарту жарыстарына 4 жанұя қатысты.
Балалар арасында асфальтқа ең әдемі сурет салу және волейбол бойынша байқау өткізілді. Осындай байқаулар ешкімді де селқос қалдырмады. Бұл тек қана құмартушылық танытып қана қоймай, тіпті ең көңілді процеске айналды. Негізінен, көбінесе балалар қатты толғанды.
12 PVLDr 7ya 5 Байқаудан кейін ұжым мен оның жанұя мүшелері үшін мерекелік дастархан және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, онда балалар би биледі және көңілдерін көтерді, дала ботқасын, ыстық шәй, бауырсақтар мен балаларға арналған тәттілерден ауыз тиді.
Мерекенің соңында байқауға қатысушыларға дипломдар тапсырылды. Бұл күн өнегелік, тазалық, сенімділік пен ішкі жан сезім жылуы үлгісі болатыны анық.
 
Павлодар облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы