13 Kzyl Orda GZDS 1 Өрт сөндірушілердің кәсіби даярлығын көтеру, амал-тәсілдерді арттыру мен дайындығы мықты қызметкерлерді анықтау мақсатында Қызылорда гарнизонының өрт бөлімшелері қызметкерлерінің арасында «Үздік газ-түтіннен қорғаушы» және «Қауіпсіздік бекетіндегі үздік бекетші» деген тақырыппен кәсіби шеберлікті анықтайтын байқау өткізілді.
13 Kzyl Orda GZDS 2 Бірінші бөлімде құтқарушылар теориядан сынақ тапсырды: тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары арнайы бөлімшелерінің және оның міндеттемелері; басқарушы құжаттар, газ-түтіннен қорғаушы қызметінің жұмыстарын реттеу бойынша он сұраққа жауап берді. Одан кейін өрт сөндірушілер бастығы өздерінің білімі мен тәжірибедегі дағдыларын көрсетті.
13 Kzyl Orda GZDS 3 От пен түтіннің әсерінен психологиялық даярлықтың өрт жолағын бағындыруда Жаңақорған ауданы №10 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау лейтенанты Ө.Мүбәрак жоғарғы көрсеткішпен «Үздік газ-түтіннен қорғаушы» атағына ие болды.
13 Kzyl Orda GZDS 4 Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмысы қызметі ММ № 12 өрт сөндіру бөлімінің бөлімшесінің өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Н.Ыдырысов Қауіпсіздік бекетіндегі үздік бекетші атағын иеленді.
 
Қызылорда облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметі