14 plyaj 1 Жаз - алаңсыз және көңілді кезең, әсіресе біздің балалар үшін. Ата-аналарға тек аса зейінді болу ғана қалады, өйткені демалыс орындарында әр түрлі қауіптің түрлері болуы мүмкін. Сондықтан жазғы демалыс кезінде барлық аналар мен әкелер үшін қауіпсіздік ережесімен танысқан аса маңызды. Сонымен қатар ол туралы балаларына айтқанда көптік етпейді. Алайда сөз тек мектепке дейінгі балалар жайлы ғана емес. Жоғарғы және орта сыныптағы оқушылардың көбі демалыс уақытында көп ақымақтық жасап өздерінің денсаулықтарына зиян келтіреді.
  14 plyaj 2 Шомылу маусымының басталуына байланысты қаланың тұрғындары мен қонақтарының демалыстары үшін, жергілікті атқарушы органдардың қадағалауымен су қоймаларының қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келетін қалалық жағажай іске қосылды. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді атқаратын, құтқарушылармен, құтқару құралдарымен жабдықталған құтқару посты шығарылды. Сонымен қатар құтқарушылармен балалардың шомылуы үшін алғашқы шомылу дағдысына оқыту жүргізіледі.
 Азаматтар, тек құтқару қызметі мен ресми рұқсаты бар, жабдықталған жағажайларда және арнайы шомылуға арналған жерлерде шомылыңыздар.
 
Алматы облысы ТЖД
Жедел-құтқару жасағы