15 dod pvld 1 Ақсу қаласы ТЖ бөлімінің қызметкерлері қаланың мектеп жанындағы телімінде профилактикалық жұмыстарды жүргізуде. Олар «Қауіпсіз демалыстар» акциясы аясында Ақсу қаласының орта мектептеріндегі 1-4 сыныптар оқушыларына арналған Ақсу қаласының №11 өрт сөндіру бөліміне саяхатты ұйымдастырды.
15 dod pvld 2  Кездесу қаладағы өрт жағдайы туралы әңгімесінен басталды. Ақсу қаласы ТЖБ инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Р. Жапар балаларды өрттің негізгі себебімен таныстырды, балалардың күнәсімен шыққан өрттер туралы мысалдарды келтірді. Одан әрі оларға өрттен құтқару техникасын көрсетті. Қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Б.С. Қағабаев бүлдіршін қонақтарға өрт сөндіру машиналары туралы айтты, отты сөндіру кезінде және құтқару жұмыстарын жүргізгенде қандай арнайы саймандар пайдаланатынын көрсетті. Жас экскурсанттар өрт сөндірушілер қызметінің өзгешілігі туралы көп жаңалықты білді. Балалар зор сүйсінушілікпен жауынгерлік киім-кешектерді және өрт сөндірушінің жарағын өздерінің үстіне киіп көрді. Өрт сөндіру машинасының кабинасында балалар өздерін нағыз отпен күресуші рөлінде сезе қойды.
  15 dod pvld 3 Балалар бөлімнің басқа бөлмелерінде: асхана, оқу сыныбы, спорт залында болды. Диспетчерлік пункті - өрт сөндіру бөлімінің маңызды ортасы диспетчердің жұмысының мазмұнымен танысты.
 Саяхат балаларға өте ұнады. Осы күнде балалардың әрқайсысы өздерін өрт сөндірушілер ретінде сезінді. Балалар өрт сөндірушілердің қиын жұмыстарына ризашылық білдіріп, оларға арналған тақпақ өлеңдерін оқып берді. Нәтижесінде барлық көрінгендерін ұзақ ойларында сақтау үшін, экскурсанттар жалпы фотосуретке түсті.
 Өрт сөндірушілер осы саяхат босқа өтпегеніне және балалар өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелері туралы ойында сақтайды, өзінің және туысқандарының өмірін сақтау үшін, оларды шұғыл жағдайда қолдана алады деп үміттенеді.
 
 
Азаматтық қорғау аға лейтенанты Жапар Рымбек,
Павлодар облысы ТЖД
Ақсу қаласы ТЖБ инженері