

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері судағы қауіпсіздік ережелері тақырыбында адамдармен әңгімелесу жүргізді, басты назар суға шомылуға тиым салынған жерде жүрген балаларға бөлінді.
Аса қауіп тудыратын балықшыларға да қайықтарды арнайы құралдармен жабдықтауды міндетті түрде сақтау қажеттігі туралы айтылды.
Барлық демалушыларға тақырыптық жадынамалар, судағы қауіпсіздік туралы ұсынымдар берілді. Рейд барысында барлығы 140 адам қамтылды.
Рейд қатысушылары іс-шара барысында акваторийларда патрульдеу кезінде, Ойқала ауданында өзен үстінен өтетін автокөлік көпірінде тұрған ер адамды байқаған. Петропавлдық отбасылық келіспеушіліктерге байланысты суға секіргелі жатқан екен. Ведомство қызметкерлері осы сәтте қайықта болғандықтан, ер адаммен сөйлесіп, осы әрекетін іске асырмауға көндіргеннің нәтижесінде, ол өз ойынан қайтқан.
Рейдтті сәтті өткізгеннен кейін құтқарушылар мен полицейлер бригадасы суда адамдардың қаза болуын алдын алу бойынша өз міндеттерін орындап, жұмыс орнына оралды.
Майор Айдын Ысмағұлов,
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД
Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД
Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері