Принтерге шығару
23 prof zko 1 Азаматтық қорғау жүйесінің мақсаты бірі суға түсу маусымында су айдындарында адамдардың өмірі мен денсаулықтарын қорғау болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар Батыс Қазақстан облысы ТЖД мен бірлесіп су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілуде.
23 prof zko 2  Облыстағы су айдындарында адамдардың қаза болуының алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру үшін облыс әкімімен «Облыстағы су айдындарында адамдардың қаза болуын алдын алу бойынша жоспар» бекітілген болатын. Осыған орай, облыстық, қалалық және аудандық ТЖ алдын алу және жою бойынша әртүрлі деңгейде комиссия отырыстары өткізіліп, алдағы нақты шаралар пысықталды.
 Батыс Қазақстан облысының ТЖД және жергілікті атқарушы органдары басшыларының қатысуымен брифингтер өткізілді, мемлекеттік органдармен бірлісе жүріп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы судағы қауіпсіздікті кеңінен насихаттау қолға алды. Демалыс және мейрам күндері су айдындарында Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жаппай демалу орындарында, сонымен қатар апатты жағажайларда адам өміріне қауіп төндірмеудің, қаза болудың алдын алу шаралары туралы жаднама таратылып, рейдттер ұйымдастырылды. Осы бағытта жұмыстар үздіксіз жалғастырылуда.
 Қазіргі таңда облыс бойынша 1 қалалық және 4 жеке жағажайлар жұмыс істеп тұр. Мектеп және балалар-сауықтыру лагерлері директорларының, сондай-ақ демалу орындары иелерінің өтінімдеріне сәйкес облыс және қала аумағында орналасқан су айдындарында 14 жағажайлардың су астын тексеру жұмыстары жүргізілді. Облыс су айдындарында 140 «Суға түсуге тыйым салынады» белгілері және су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау туралы саябақ қоғамдары және елді-мекендерге кіру жолдарында 57 стенд орнатылған болатын.
 Жалпы облыс бойынша мамырдан бастап қыркүйекке дейін су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмауға бағытталған барлық алдын алу іс-шаралары өткізілу жоспарлануда.
 
 
Бақытжан Ихсанов,
Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы