Принтерге шығару
yubikei_pavl_1
19 қазанда Павлодар облысының төтенше жағдайлар бөлімшесінің ардагері Серік Мұсабекұлы Қазанғапов елю жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтой иесін аумақтық ТЖ органының жеке құрамы Құтқаруші күніне арналған салтанатты жиналыста құттықтады. Департаменттің бастыңы Ә.Ә. Длимов мерейтой иесін құттықтады және құттықтау силығын тартты.
«Бұл Сіздің өмір жолыңыздың кезекті маңызды шыңы. Барлық өткен өмір және қызметіңіз содан жанжақты бағаланады». Сіздің еске алатыныңыз және мақтаныш ететініңіз бар. Сіз 1991 жылдан құтқарушылар ведомствосының құрылуы жаңа басталған уақыттан бастап Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар қызметінің қызметкері мамандығын саналы түрде таңдадыңыз, оған адал қызмет жасадыңыз деп, Әлібек Әбдікәрімұлы мерейтой иесін құттықтады.
Серік Мұсабекұлы Павлодар облысының Май ауданында туып өсті. Әскери міндетін атқарған соң жұмысқа тұрды және Қазақстанның құқықтық және халықаралық қатынас институтын сырттай оқып бітірді. Әрі қарай жұмыс туралы көптеген ұсыныстар болды, бірақ ол Павлодар ауданының ішкі істер мемлекеттік өрт қадағалау бөліміне инспектор болып қабылданды. Полиция капитаны атағына ие болды. Ал 2002 жылы Павлодар облысы әкімінің өкімі бойынша Павлодар ауданын күзету бойынша жаңа № 35 өрт бөлімі құрылды. Онда біраз уақыт жұмыс атқарған соң, жас және келешегі бар маманды осы ауданның ТЖ бөліміне бастық лауазымына ұсынылды. Демалысқа шыққанымен, С.М. Қазанғапов өзінің ұжымын ұмытпай, оларға тұрақты көмек және қолдау көрсетіп, қызметін жалғастыруда.
Мерейтой иесін Ардағарлер алқасының төрағасы К.Х. Асқарова және Павлодар ауданының ТЖ бөлімі бастығы О.С. Согрина жылы құттықтауларын білдірді.
Мерейтой иесінің құрметіне өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметінің қызметкері Е. Қаппасов ән арнады.
Құрметті Серік Мұсабекұлы! Осы салтанатты күні Сізді зор денсаулық, бақыт пен амандық тілейміз!
Сіздің өміріңіз әрқашан әріптестерініздің, туған туысқандарыңыздың және жақындарыңыздың жылылығымен, құрметі және қолдауымен толтырылсын, Сізге әрқашан сәттілік, шабыт және табыс тілейміз!
yubikei_pavl_1
Е. Қаукенов
Павлодар облысы ТЖД
Павлодар ауданы ТЖ бөлімінің инженері