sko_dod Өрт қауіпсіздігінің айлығын өткізу аясында және «Ашық есік» күнінің құрметіне Петропавл қаласының №1 мектеп-интернатының оқушылары №4 өрт сөндіру бөлімінде экскурсияда болды. Онда олар өрт сөндірушілердің киім-кешегін киіп, өрт сөндіру жеңтүтіктерін көрді. Әсіресе, оларды өрт сөндіру автомашинасы қызықтырды, балалардың көбі оны бірінші рет жақын жерден көріп тұр.
Экскурсияны өрт сөндіруші Мақсат Нұркеев өткізді. Ол балаларға өрт сөндіру бөлімінің жайларын көрсетті, яғни теориялық дайындалу бөлмесін, асхананы, демалу бөлмесін, өрт сөндіру депосын, арнайы техниканы және жауынгерлік киімді.
Қонақтарға жеке құрамның жауынгерлік кезекшілігі және күн тәртібі туралы әңгімеледі, «Назар аударыңыздар!» дабылын және сиренаны естіртті. Сонымен қатар жауынгерлер өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін қалай кию керек екенін көрсетіп, неден жасалғанын әңгімеледі. Балалар жұмыстың принциптері, адам өмірін құтқару деректері және жағдайлары туралы әңгімелерді аса қызығушылықпен тыңдады.

Іс-шараның соңында оқушылармен бірге өрт кезіндегі тәртіп ережелері бойынша нұсқаулық өткізілді.

Азаматтық қорғау лейтенанты Медет Құрмашев

Петропавл қ. 4-ӨСБ қарауыл бастығы