Принтерге шығару
vko_est_1 Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшесінің базасында «Эставелла» АЖК жас құтқарушылар сыныбының балалары кәсіби құтқарушылардың қыр-сырын меңгеруді жалғастыруда. Олардың көпшілігі бұл сыныпқа жаңадан келді, ал кейбіреулері қысылтаяң жағдайдағы мінез-құлық қағидаларын бірнеше жыл оқиды.
ШҚО ТЖД кәсіби құтқарушысы Александр Чернов авариялық-құтқару ісі жөніндегі сабақта зардап шегушіні тасымалдау ережесін оқушыларға айтып берді және көрсетті.
Бір теориямен көмек көрсетудің машықтарын меңгере алмайды, сондықтан балаларға көмек көрсетуді практикада жасау ұсынылды. 
vko_est_2 «Медицинаға еш қатысы жоқ әрбір адамның, зардап шеккенге алғашқы көмек көрсету жөніндегі білімі және машығы болуы керек, өйткені жазатайым оқиға кез келген уақытта болуы мүмкін: үйде, көшеде, өндірісте, спортпен айналысқанда, қала сыртында демалғанда, саяжайда және т.б. Алғашқы көмек неғұрлым тез көрсетілсе, соғұрлым тиімді болады. Сондықтан да сабақта алғашқы көмек көрсету негіздеріне аса көңіл бөлеміз. Бүгін практикада балалармен зардап шегушіні тасымалдауды жасадық.  Әрбір жас құтқарушы «жараланған» жолдасын өзі тасып көріп, нақты жағдайды және оқиғаны, оның ішінде төтенше жағдайдың сипатын, зардап шегушінің орналасқан орнын, жарақаттану деңгейін, арнайы, қолда бар құралдардың барлығын және тасымалдау қашықтығын біліп, тасымалдау әдісін меңгерді», - деп түсініктеме берді Александр Чернов.

«Төтенше жағдай саласында балалардың хабардар болуы қоршаған ортаның қауіпті және зиянды факторларынан оқытылатындардың арасында жарақаттануы мен өлімін азайтуға себепші болады және қысылтаяң жағдайдағы мінез-құлық қағидасы мен қорғау бойынша нақты практикалық ұсыныстар береді, төтенше жағдайда оларда психологиялық шыдамдылықты қалыптастыруға көмектеседі, сондықтан осындай «қауіпсіздік сабағын» өткізуге аса көңіл бөлеміз», - деп әңгімеледі Өскемен қ. ТЖБ баспасөз-хатшысы Марина Лискова.

Өскемен қ. ТЖБ