Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің кәсіби даярлық мектебінде 2016 жылғы 24 қыркүйек пен 24 қазанда қалалық және аудандық өрт сөндіру бөлімдерінің жүргізушілері алғашқы даярлық курстық оқыту бағдарламасы бойынша, сонымен қатар газ түтіннен қорғаушылардың арнайы курсы өткізілді.
Оқу-тақырыптық жоспарға сәйкес сыныптық – топтық - 49 сағат, практикалық сабақ 46 сабақ, сабақтардың жалпы сағаты – 95 сағат, топтық сабақ – 21 сағат, практикалық сабақ – 19 сағат өткізілді.
Атырау қаласы №1 өрт сөндіру бөлімінің аумағында тыңдаушылармен теориялық білімдерін нығайту бойынша практикалық-әдістемелік сабақ жүргізіліп, сабақ барысында тыңдаушыларға өрт сөндіру автокөліктерінде жұмыс істеу кезінде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі нұсқаулығының негізгі талаптары туралы түсіндірілді. Автодромда көлік құралын жүргізу сабақтары жүргізіліп, жүргізушілер өрт сөндіру автокөліктерінде өздерінің практикалық дағдыларын көрсетті.
Сабақ қорытындысы бойынша барлық тыңдаушылар емтихан тапсырып, алғашқы даярлық курсы аяқтағандығы туралы куәлік алды.
Азаматтық қорғау майоры Е.Нұрланов
Атырау облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің кәсіби даярлық мектебінің оқытушысы