Тұрғын секторында жылу беру маусымында адам өлімі мен жарақатты болдырмау, улағыш газбен уланудан, өрттің алдын алу мақсатында Кербұлақ ауданының ТЖБ және 31-ӨСБ қызметкерлерімен бірлесіп «Өрт қауіпсіздік сенбілігі» өткізілді.
Шара кезінде жадынама мен кітапшалар тарата отырып, тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау, жылыту пешін және газ, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі ережелерін сақтау бойынша аула аралау, жиналыс, жиын және нұсқама өткізілді. Халық көп жиналатын орындарда улы газбен уланудан алдын алуға бағытталған мақалалар оқылды.
Шараларының мақсаты - өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын өткізу, сондай- ақ халыққа өрттердегі адам өлімі, өрттің шығуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жеткізу.
 
Азаматтық қорғау аға лейтенанты Н.М. Омаров
Алматы облысы ТЖД
Кербұлақ ауданының ТЖБ инженері