24 Aqtobe Krug Stol 1 Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өңірлік оқыту орталығында Атырау, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, БҚО және Ақтөбе облыстары кезекші өрт сөндіру қызметтерінің қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
14 наурызда Оқыту орталығының дәріс залында «Өрт сөндіру тактикасы мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

25 Kostanai Borcy Қазақтың сүйікті және танымал спорттық сайыстарының бірі – «қазақша күрес» немесе «қазақ күресі». Осы уақытқа дейін «қазақша күрес» көптеген дәстүрлі қазақ халық мерекелерін сүйемелдейді. Қостанай облысының құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Наурыз» мерекесін алдын ала атап өтті. ҚР ІІМ Ш. Қабылбаева атындағы Қостанай Академиясының спорт кешенінде «Қазақ күресі» бойынша чемпионат өтті. Бұл күні ең мықтылар бетпе-бет кездесті.

26 Kostanai pomosh Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері Қостанай қаласының жастар мәслихаты депутаттарымен және «Қостанай облысының азаматтық альянсы» еріктілерімен бірге мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету мақсатында кезекті қайырымдылық шарасын өткізді.
Бұл жолы еріктілердің қолдауын 1936 жылы туылған, II топтағы мүгедек Қостанай қаласы Тобольская, 25 мекен-жайында тұратын ГрибиниченкоВладимир Григорьевич алды.