Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы, Қазақ Хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан Конституциясының 20 жылдық торқалы тойына орай ұйымдастырылған имидждік акция аясында жұмысын бастаған медициналық пойыздар үстіміздегі жылы 150-ден астам станса тұрғындарын қамтуды жоспарлап отыр, деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ Басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы Серік Данбаев.
«Медициналық пойыздардың әр алыс стансадағы жұмысы – бұл 2010 жылдан бастау алған ауқымды әлеуметтік жобаның бір бөлігі ғана» - деді С. Данбаев.

kursant_iz_sp

Күршім мектеп-гимназиясының 2014 жылғы түлегі Олжас Мақсұтұлы Советханов бүгінгі күні – Ресей Федерациясы ТЖМ Санкт-Петербург өртке қарсы қызмет мемлекеттік университетінің курсанты. Керемет пе? Әрине! «Өрт сөндіруші» кәсібін атақты Невадағы қалада игеруге тырысып жатқан және Ленинград облысындағы спорт аренасында абыроймен шығып журген жерлесімізді қалайша мақтан тұтпасқа! Күршім балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі, жаттықтырушы Құрмаш Мұқажановтан дзюдо тәсілдеріне үйренген, 2013 жылғы «Шығыс барысы» облыстық турнирінің жүлдегері Олжас Советханов ТЖМ университетінің курсанттары арасындағы спорт жарыстарында өте жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуде, жақсы дене-күш дайындығы, спортқа шынығу – бұл өрт сөндіруші мамандығын игерудегі сәттілік кепілі. Сонымен қатар, ол өз салмақ дәрежесі бойынша Ленинград облысы бойынша чемпионатта қол күрестіруден үшінші орынды иеленді және бұдан былай көрсеткішін жақсартуды мақсат етеді. Оқудан қолы босаған сәтте жаттығуға барады.