kursant_iz_sp

Күршім мектеп-гимназиясының 2014 жылғы түлегі Олжас Мақсұтұлы Советханов бүгінгі күні – Ресей Федерациясы ТЖМ Санкт-Петербург өртке қарсы қызмет мемлекеттік университетінің курсанты. Керемет пе? Әрине! «Өрт сөндіруші» кәсібін атақты Невадағы қалада игеруге тырысып жатқан және Ленинград облысындағы спорт аренасында абыроймен шығып журген жерлесімізді қалайша мақтан тұтпасқа! Күршім балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі, жаттықтырушы Құрмаш Мұқажановтан дзюдо тәсілдеріне үйренген, 2013 жылғы «Шығыс барысы» облыстық турнирінің жүлдегері Олжас Советханов ТЖМ университетінің курсанттары арасындағы спорт жарыстарында өте жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуде, жақсы дене-күш дайындығы, спортқа шынығу – бұл өрт сөндіруші мамандығын игерудегі сәттілік кепілі. Сонымен қатар, ол өз салмақ дәрежесі бойынша Ленинград облысы бойынша чемпионатта қол күрестіруден үшінші орынды иеленді және бұдан былай көрсеткішін жақсартуды мақсат етеді. Оқудан қолы босаған сәтте жаттығуға барады.

smi Мамандықтары суға батқандарды құтқару ғана емес, суға батып кеткендерді іздейтін де адамдар бар. Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының суасты-құтқару қызметінің мамандары судан, аяздардан және апаттардан қорықпайды. Қандай-да болмасын ауа-райы жағдайында су астына мәңгі кеткендерді іздеуге жәрдемдеседі. Адамдарды әрқашан құтқаруға мүмкіндік бола бермейді, себебі апат пен құтқарушылар арасы бірнеше шақырымда болады.
- Өкінішке орай, суға батқан 10 адамға 3-4 құтқарушы келеді. Бұл әрине қайғылы статистика, алайда бұған ештеңе істей алмаймыз, - дейді ШӨАЖҚЖ қатардағы құтқарушысы Олег Скляр. Сондықтан да жолы болмағандарды да іздеу қажет. Біз болмасақ бұл жұмысты кім орындайды?