Шығыс өңірде тұтас бір ауылды алапат өрттен арашалаған 7 өрт сөндірушінің ерлігі аңызға айналды. Олар жергілікті май зауытында тұтанған қызыл жалынмен арнайы киімсіз арпалысып, өрттің жайылуына жол бермеген.
Өрт сөндіру бөлімінің командирі Виталий Прядченко үшін Президенттің өз қолымен тапсырған «Ерлігі үшін» медалінің орны ерекше.  Жоғары дәрежелі марапатты ол ауылдағы май зауыты өртенген кезде көрсеткен батырлығы үшін алды.  Дегенмен арада 11 жыл өтсе де сол күнгі  қызыл жалынмен арпалыс әлі көз алдында. Тіпті қол астындағы мамандардың жалынмен ешқандай қорғанышсыз алысқанын да кейін білген.

kosalapov

КСРО-ның Украина аумағында, 30 жыл бұрын   1986 жылғы 26 сәуірде
 Чернобольдың  АЭС-нда  авария болды. Бұл  ірі техногендік авария адамзат тарихында  ауқымды  қайғы  болды.  Егерде қысқа уақытта апатты ауыздықтай алмағанда, көптеген адамдардың батырлық әрекеті болмаса, Чернобыльдің зардабы Беларусь, Украина, Ресей және Европа халықтарына қатты тиер еді. Саркофак құрылысы, станцияны дезактивизациялау көбінесе сол кездегі  Кеңес әскерінің мойнында болды. Жеке өміріне қатер төнгенін қарамастан, ондаған мың адам алқынған апатты басуға және оның зардабын азайтуға тырысты. Олардың арасында Павлодар өңірінен  мыңнан аса адам болды. Чернобылдіктер біздің бейбіт күніміздің батырлары. Олар әскери бөлімшенің қойған міндеттерін адал орындады.
Осы жылдары мыңдаған адамдардың ішінде С.П. Косолапов та болды. Чернобыль АЭС авария кезінде Сергей Павлович Павлодар облысы Азаматтық қорғаныс штабында радиацияға қарсы және химияға қарсы қорғау бөлімінің бастығы болып қызмет өткерді. Авария туралы радио арқылы жаңалықтардан естіп, Қазақстан Республикасы АҚ штабы кадрлар бөлімінің бастығына қоңырау шалғып оны Чернобыльға жіберуді өтінген. Осындай қауіпті жерге баруға неге бел буғаны туралы сұрақты Сергей Павлович түсінбейді, және де осы сұраққа жауап қажет емес екеніне күмәнданбайды да. Сергей Павлович – білікті және химиялық қорғаудың тәжірибелі маманы – оның білімі мен тәжірибесі қажетті жерге баруға ол міндетті болды, ол елі мен бейбіт халықтың алдында өз борышын орындады. Анықтама үшін: 1984 жылы С.П. Косолапов Мәскеу қаласында Химиялық қорғаудың әскери академиясын аяқтады. Оқуды табысты аяқтағаннан кейін аға лейтенант С. Косолапов Павлодар облысы Азаматтық қорғаныс штабына жіберілді.