Ауыл тұрғындарына қол жетімді, дер кезінде медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында Жәрдем, Саламатты Қазақстан, Денсаулық үш поезд шығарылды. ШҚО аймақ тұрғындарына «Денсаулық» поезды шықты.
Тұрғындарға тексеру, емдеу шаралары ақысыз жүргізіліп, кеңестер беріледі.
Бұл «Денсаулық» поездында терапевт, бала дәрігері, көз дәрігері, тіс дәрігері, невропатолог, кардиолог, гинеколог, лор,  маммолог, хирург мамандары қабылдау жүргізеді.
Сонымен қатар ЭКГ, УЗИ, ФГДС, қан – несеп биохимиялық зерттемелері, рентген кабинеттері жұмыс істейді.
Тіс дәрігері емдеу және  хирургиялық стомоталогиялық  көмек көрсетеді. Көз дәрігері кабинетінде, көз қан қысымын өлшейтін контактысыз тонометр орнатылған. Науқасқа қолма – қол диагноз қойып, көзілдірік өлшемін жазып береді.

Осы жылдың 10 маусымынан бастап «Денсаулық» арнайы мамандандырылған медициналық пойызы Алматы-2 станциясынан сапарға аттанды. Пойыз қызметімен биыл 11 тамызға дейін оңтүстік және шығыс өңірлер тұрғындары қамтылады.
«Доңғалақты емхананың» қызметіне шалғай станциялар мен жол айырықтарының тұрғындары мен теміржолшылары жүгінеді. Арнайы пойыздың Семей өңірі бойынша станция, бекеттерге тоқтайтын бағытында бас дәрігер Гүлнар Оразғалиеваның айтуынша, олар осы шығыс аймаққа тартылған темір жолдың бойындағы 8 станция бекеттерді 12 кун ішінде аралап шығады. Семей темір жол ауруханасынан жасақталған пойыздың медициналық құрамы - 29 адам. Олардың 12-сі дәрігерлер.