Принтерге шығару
15 PVLDr Otzyv o Rabote 1 Мен, аудандық «Аққу үні-Вести Акку» газетінің журналисі, Эльмира Абетжанова бір күн өзімді өрт сөндіруші ретінде сынап көрдім. Бұл акция Павлодар облысы, Аққулы ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Р. Қаркинбаевтың бастамасы болды.
Сонымен, таңғы сағат 7.45 – те бөлім аумағына кіре берісте мені бөлім қызметкерлері қарсы алды. Сағат 8.00-де ресми түрде нормативтік талаптарға сәйкес ауысым жүргізілді. Одан әрі барлық іс-шаралар қатаң тәртіп бойынша өткізілді.
15 PVLDr Otzyv o Rabote 2 Дәріс кезінде студенттерді еске алуға мүмкіндік болды, өрт сөндірушілер алған білімдерін тәжірибеде тез арада бекіте отырып, теорияны зерттеуге үлгеретінін ешқашан да ойламаппын. Себебі халық арасында өрт сөндірушілер өрт болмаса, көп демалады деген пікір бар. Ондай ештеңе жоқ. Мұндай жұмыс жағдайында олар ұйқыға уақыты жоқ, сеніңіздер.
15 PVLDr Otzyv o Rabote 3 Үзіліс кезінде жауапты өрт сөндірушілер өрт сөндірушілердің толық портретін ашуға үлгерген. Өрт сөндірушінің арнайы киімінде сезімді қарапайым сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бір мезгілде өзіне ауыртпалықты алып жүріп және санаулы секунд ішінде көмекке жүгіруге басқа симайтын нәрсе емес пе? Ал олар бәрін жасайды.
Өрт сөндіру бөлімінде өткізілген бір күн текке өткен жоқ. Енді мен қауіпсіздік ережелерін жатқа білемін, алғашқы медициналық көмекті қалай дұрыс көрсету, отты қалай сөндіру, қауіпсіздік шаралары туралы әңгіме жүргізуді, жалпы бір сөзбен айтқанда көптеген мазмұнды және танымдық білім алдым.
Өзімнің және аудан тұрғындарының атынан - жылдың кез-келген уақытында-тәулігінде біздің сізбен қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін, өрт сөндіруші-құтқарушыларға үлкен алғысымды білдіремін.
 
Құрметпен, Эльмира Әбетжанова
Павлодар облысы, Ақсу ауданы
«Аққу үні-Вести Акку» аудандық газетінің журналисті