16 Kar da Akcia 1 Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің қалыптасу жылдарында, мемлекеттік басқару жүйесінің қайта құрылу барысында Мемлекет басшысының шешімі бойынша 1995-жылдың 19-қазанында Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитеті құрылды, ол өзінің бастауымен еліміздің Азаматтық қорғанысы мен құтқарушы қызметтерін біріктірді. Осыған орай әр жылғы қазан айының осы күні атамыш сала қызметкерлері өздерінің төл мерекелерін атап өтіп келеді. Кәсіби мерекеден өзіміз тұрып жатқан Приозерск қаласының төтенше жағдайлар қызметі де тыс қалмай, биыл да төл мекекелерін лайықты қарсы алуға қызу дайындалып жатыр. Жалпы алғанда қалаға қарасты құтқару қызметінің ұжымы араға жыл салып келген атаулы күнді жақсы нәтижелермен, биік деңгейде қарсы алды деуге толық негіз бар. Бұл жайында мекеме басшыларымен болған сұқбат барысында сұрастырып білдік және сол кездесудегі әңгіменің мазмұнын газет оқырмандарына ұсынатын боламыз.
16 Kar da Akcia 2 Приозерск қаласында ҚР ІІМ ТЖК ТЖД (Қарағанды қаласы) Қарағанды облысының мамандандырылған азаматтық қорғау қызметі жұмыс жасайды. Приозерск қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Ахат Оразұлы Омаров, № 47 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Несемхан Аманжолұлы Амиров және Приозерск қаласының ҚР ІІМ ТЖК ТЖД Қарағанды облысының «Шұғыл құтқару жасағы» ММ судан құтқару жасағының басшысы Берік Төлеуханұлы Ахметовтермен болған әңгіме барысында аталған қызметтердің бастау алуы және өткен жылдан бастап осы бүгінге дейінгі атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктері туралы біраз мағлұматқа қанықтық. Приозерск қаласы әкімнің өкімімен ТЖК отырысы құрылды, онын ішінде азаматтық қорғау қызметі – 9, ТЖД – 3 жасағы, Приозерск қаласының шұғыл әрекет ету құрама жасағы және адамдарды іздеу құтқару жасағы құрылғаны белгілі. Одан бергі кезеңде құрылымдардың саны да, сапасы да жыл санап артып келеді. Барша құрылымдар бойынша қажетті заманауи техникалармен және құрылғы құрал-жабдықтармен жасақталынуда. Осының бәрі құрылым қызметкерлерінің өз қызметтерін уақтылы, сапалы һәм тиянақты атқаруына мол мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасының қатысуымен 4 жоспарлы және 2 жоспардан тыс 6 комиссия отырысы өткізілген. Отырыс қорытындысы бойынша қалалық қызметкерге 32 тапсырма беріліп, тапсырмалар уақытылы орындалыпты. Приозерск қаласының бөлімдерінде Балқаш көлінде адам өлімінің алдын алу және болдырмау қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында үнемі және жүйелі жұмыс жургізілуде. Қауіпсіздік ережесін сақтау мақсатында мектеп жанындағы лагердегі мектеп оқушыларына белгіленген бір аймақ арналды. Жергілікті бюджеттен Балқаш көлінде 4 және шомылуға тыйым салынған белгілер қауіпті аймаққа және демалу мен шомылуға жабдықталмаған орындарға 5 ескерту тақталары қойылды. Орталық көшеде 1 баннер орнатылды. Приозерск қаласы орнатылған ҚР ІІМ ТЖК ТЖД (Қарағанды қаласы) Қарағанды облысының мамандырылған № 47 өрт сөндіру бөлімі Приозерск қаласы мен Сарышаған поселкесін Төтенше жағдайлардан тәулік бойы қорғайды. Өрт сөндіру құрамымен 19 ауқымды өрт, 70 тұтанған ошақты сөндірді және 19 рет авариялық-құтқару жұмыстары жасалды. Өртте 12 адам (оның ішінде 5 бала) құтқарылды және 102 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Өрттен күйік шалған және жарақатанғандар болмаған. Бұндай жетістіктер кәсібилік күнделікті жаттығулар мен сабақтар арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, өрттерге және басқа да төтенше жағдайларға жауап беруге дайындығын арттыру үшін ішінара 2017-жылдың басынан бастап халықтың жаппай қатысуымен күрделі және ірі нысандар бойынша 10 өрт-тактикалық сабақтар өткізілді. Халыққа алдын алу өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өзгеріссіз қалады. Приозерск қаласының тұрғындары арасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін № 47 ӨСБ қызметкерлері 56 рет тартылды. Ол 69 тұрғын үйді және 169-дан астам тұрғын үйді аралады, 1127 адамдарға нұсқаулықтар жұргізілді және барлығына 40 сағаттан астам уақыт жұмсалды.
Осы орайда қаламыз өрт сөндіруші қызметкерлерінің жетістіктері мен табыстары, ерліктері мен шапшаңдығы жайында бірнеше мәлімет пен жағдайларды атап кетуді жөн санаймыз. Тамыз айында Қарағанды облысының өрт сөндіру бөлімшелерінің арасында «Конституция күнін» мерекелеуге арналған өңірлік байқауында қаланың Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өздерінің кәсібилігін дәлелдеп, құрметті бірінші орынды алды. Сондай-ақ, Қарағанды облысының өртке қарсы қызметінің жүргізушілері арасында «Жоғары жылдамдықты маневр жасау үшін үздік жүргізуші» облыстық байқауында бөлімшенің жүргізуші-қызметкері үшінші орынға ие болды. Сарышаған ауылында 2017-жылғы 19-қаңтарда үйдің ауласында сарайға және гаражға жақын орналасқан моншада өрт болған. Өрт сөндірушілер келгенше монша қатты жанады, алаудың жалыны өз жолындағының бәрін жалмап, сарайға және гаражға қауіп төндіреді. Гаражда қысқы уақытқа деп қамдаған үлкен отбасының азық-түлігі және жазғы заттары сақталған еді. Өрттің бетқаратпас жалынына қарамастан біздің жігіттер өздерінің батылдықтарын көрсете білген. Өрт сөндірушілер алаулаған өртті дер кезінде ауыздықтады. Өрт сөндірушілердің шешуші шұғыл әрекеттерінің арқасында өрт тез сөндірілді. Монша шпалдан салынғандықтан жұмыс өте көп еді, өйткені монша бірнеше сағат бойы жанды және өте суық аязда жігіттер қабырғалардағы шпалдарды сындырып тастады. Жігіттер өртті сөндіріп қана қоймай, сонымен қатар тұрғындар мен құрылыс иелеріне психологиялық қолдау көрсетті. Кәсіпқой жігіттердің арқасында өрт бізге аз зиян келтірді. Ең бастысы – гаражды және сарайдағы заттарды аман алып қалды.
2016-жылғы 28-желтоқсанда 16 сағат 28 минутта Приозерск қаласының № 47-өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Достық көшесі, 11-үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өртке өрт сөндіру бөлімнің басшысы Н.А.Аміровіың басқаруымен кезекші қарауыл шуғыл шығып кеткен. Олар келгенде 3-қабатта орналасқан № 24 пәтердің терезесінен қалың қара түтін шығып жаттқан болатын. Сонымен бірге тұрғындар үйде баланың бар екені туралы хабарлайды. Буын тыныс алуға жарамсыз аймаққа кіргеннен соң іздеу туралы ақпарат түседі. 23-пәтерде көмекке мұқтаж адамдардың барлығы анықталды. Қосымша ұйымдастырылған буын қайта жіберілді. Қалың түтін арасынан 7 және 14 жастағы бала мен қызды және 35, 87 жастағы екі әйелді анықтайды. Уақытты жоғалтпаған өрт сөндірушілер буыны баланы, қызды және екі әйелді дымқыл жамылғыға орап тыныс алуға таза ауаға шығарылады. Өрт сөндірушілердің берік және батыл әрекеттерінің арқасында адамдардың өмірі сақталып, олардың денсаулығына зиян келтірілмеді.
Балқаш көлінің жағасында орналасқан «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағы» Приозерск мемлекеттік унитарлық кәсіпорны құтқару бөлімшесі жасағының да судан құтқару бойынша атқарып жүрген жұмыстары ауыз толтырып айтарлықтай. 2012- жылғы 18-қаңтарда, 2012-жылғы 20-қаңтарда православ дінінің «Шоқыну» мерекесінде шомылу шаралары өткізілді. Бұл шараға 310 адам қатысты. Приозерск қаласының № 47 ӨСБ, ТЖБ, Приозерск гарнизонының ІІБ және жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерімен бірге қоғамдық орындарда тәртіпсіздіктерді бұзудың алдын алу мақсатында демалыс және мереке күндері судағы демалыс орындарында 42 рет рейдтік іс-шаралар, 187 патрульдік бақылау өткізді. Халықпен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында 1866 әңгіме өткізіліп, 288 ескерту парақшалары таратылды, 398 сабақтары оқылып, 126 балаға жүзуді үйретті. 2017-жылдың 14-маусымында №1 мектеп жанында ұйымдастырылған лагердегі оқушыларға 51 дана ескерту парақшалары таратылып, өрт тақырыбы бойынша мектеп лагерінің тәрбиеленушілерімен әңгіме өткізілді. Приозерск қаласының № 47 ӨСБ, ТЖБ, Приозерск гарнизонының жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып «Қауіпсіз жаз - 2017» акциясы өткізіліп, 47 дана ескерту парақшалары таратылған және жұмыс барысында демалыс және мереке күндерінде бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізу бүгінгі таңға дейін жалғасуда. Құтқару қызметкерлері жылдың барлық мезгілінде кез-келген төтенше жағдайға сақадай сай тұрады. Бұл олардың қызметтік талабы һәм міндеті.
Біз тілге тиек етіп отырған сала басшылары қала әкімдігімен және көршілес аймақтардағы әріптестерімен тығыз байланыста жұмыс істеуді мықтап жолға қойған. Соның арқасында қала әкімі Қайрат Амангелдіұлы Камзиннің басшылығымен жоғарыда санамалап өткен төтенше жағдайдың алдын алуға байланысты көрінекілік құралдар дер кезінде қажетті жерлерге орналастырылды. Балқаш қаласы аумағында суға кеткен адамдарды іздестіруге қала құтқару қызметінің жасағы мейлінше көмек қолын созып отырады. Олардың алға қойған мақсаттары мен мұрат-мүдделері бір арнаға тоғыстырылған. Қандай төтенше жағдай орын алса да бір-біріне көмектесуге дайын тұрады. Бәрінің де мүддесі адамдарды тосаттан келетін кесапаттардан аман сақтап қалу болып табылады. Өздерінің кәсіби мерекелерін жарқын жүзбен қарсы алып отырған батыл да епсекті, жинақы да жедел, қауіпті де қиын мамандықтың ұстаған құтқарушы қырандарды мерекелерімен құттықтай отырып, олардың алдағы қызметтерінде де жеңіс, жетістік, табыс тілейміз! Қалың қауым Сіздердің ержүрек іс-қимылдарыңызды бағалайды және аман-саулықтарыңызды тілеп отырады.
 
Нұрғали ҚАРАБЕКТЕГІ
«Приозерск вестник» газеттің арнаулы тілшісі