15 PVLDr Otzyv o Rabote 1 Мен, аудандық «Аққу үні-Вести Акку» газетінің журналисі, Эльмира Абетжанова бір күн өзімді өрт сөндіруші ретінде сынап көрдім. Бұл акция Павлодар облысы, Аққулы ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Р. Қаркинбаевтың бастамасы болды.
Сонымен, таңғы сағат 7.45 – те бөлім аумағына кіре берісте мені бөлім қызметкерлері қарсы алды. Сағат 8.00-де ресми түрде нормативтік талаптарға сәйкес ауысым жүргізілді. Одан әрі барлық іс-шаралар қатаң тәртіп бойынша өткізілді.

Даңғыл жолда адамның көркін қыздырған көліктердің газ педалін түбіне дейін басамын деп, шыңыраудың түбіне кеткендері қаншама?! Апаттан аяғы аспаннан келіп, басын ұстап, санын соққандарды да санауға саусақ жетпейді. Біз бірін көрерміз, екіншісін байқамаймыз, ал күре жолдық медициналық құтқару бекеті талай оқиғаның бас-қасында болды. Науқастарға қол ұшын беріп, ажалға араша тұрды. Жол үстінде орын алған әрбір оқиға олардың көз алдында. Еңбегі ерен жандардың бір сәттік жұмысымен таныстық.