Күзгі-қысқы мезгілде облыс аумағында орын алуы ықтимал төтенше жағдайларды болдырмау мәселесі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дөңгелек үстелінде талқыланды.
Күзгі-қысқы мезгілде Батыс Қазақстан облысы аумағында жиі кездесетін төтенше жағдайлар: негізінен балалардың, балықшылардың жұқа мұз үстіне шығып суға кетуі, тұрмыстық өрт қауіпсіздігінің сақталмауы, жылыту маусымының басталуына байланысты газға улану, ауа райының қолайсыздығынан жол-көлік оқиғасының жиеленуі.
Дөңгелек үстелге бірқатар облыстық департамент, басқармалардан, ұйымдардан және бұқаралық ақпарат құралдарынан өкілдер қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар күзгі-қысқы мезгілдегі ТЖ алдын алу мәселелерін талқылап, аталған төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында ұсыныстар берді. Мысалы: балық инспекциясының бөлім басшысы А.Т. Ниязов облыстың су айдындарында мұз астында балық аулау орындарында бірігіп рейдтер ұйымдастыруды ұсынды.
Білім басқармасының өкілі ауа райының қолайсыздығынан мектептерде оқу процесінің қысқаруы немесе тоқтатылуы туралы шешімнің қабылдану тәртібін түсіндірді. Облыстық ішкі саясат басқармасы – облыстық апарат қызметі аудандық газет-журналдарға ТЖ саласы бойынша мақалалардың уақытылы шағарылуын қадағалайтын болды. Облыстық жастар саясаты басқармасымен ТЖ департаменті арасында ТЖ алдын алу меселесі бойынша үгіт насихат жұмыстарына еріктілерді жұмылдыру жөнінде меморандум жасауға келісілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ведомстволық мекемелердегі бейнеэкрандардан ТЖ алдын алуға арналған тақырып бойынша бейнероликтерді шығару ұсынысын қолдады.
Дөңгелек үстел соңында ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі бастығының азаматтық қорғау капитаны М. Отаров келген қонақтарға ризашылығын білдіріп ұсыныстардың барлығы хаттамаға енгізілетіні туралы айтты.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД
ТЖ алдын алу бөлімі