Жұманың соңында Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері үшін, жылыту маусымында өрттің алдын алу бойынша өрт қауіпсіздік сенбілігі өткізілген, Жұмысшы кентіндегі тұрғын-үй секторында «марш ырғумен» айрықша болды.
Ауа температурасы -5, селдір қармен жамылған, қатқан жер, суық... Таңертеңнен бастап тұрғындар пештерін жағады, онсыз болмайды, өйткені бұл жылулық пен жайылылықтың, бірақ кейде қайғының қайнар көзі болады. Пештің жануының алдын алу үшін ТЖ департаментінің, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің мамандары СҚО ІІД учаскелік инспекторларымен бірге өткен сенбі күні халыққа өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге және тақырыптық жадынамаларды таратуға шыққан болатын.
Бұл профилактикалық жұмыс күні Белинск, Париж коммунасы, Островской, Украин және тағы басқа көшелер назарға алынды. Өртке қарсы насихаттау құлақтандыру автокөлігінің дауыс зорайтқыш құрылғысы арқылы аудиороликтермен сүйемелденді. «Дауыс зорайтқыш» арқылы айтылған ақпарат тұрғындарды газ құрылғылары мен жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
Осыған ұқсас іс-шаралар облыстың барлық аудандарында да өткізілгенін белгілеген жөн. Жалпы айтқанда, өрт қауіпсіздік сенбілігінде 6 мыңнан астам адамды қамтумен өтті. 3360 жадынама таратылды. 148 азамат қатысқан, тұрмыстағы қарапайым өртке қарсы ережелерді түсіндіру бойынша 6 жиналыс өткізілді.
ТЖ жөніндегі ведомствоның қызметкерлері осындай өрттердің профилактикалық әдістерін жұма сайын іс жүзінде қолданатын болады. Өйткені болған өрттердің 80% тұрғын-үй секторында болады және дәл осында адамдар қаза болады. Барлығы жыл басынан бастап облыста 90 млн. теңге артық материалдық шығын келтірген 526 өрт тіркелді. 13 адам жалынның құрбаны боса, 18 зардап шегуші түрлі ауырлық дәрежедегі жарақаттар алды.
 
Серік Шәріпов
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД
Өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы