Принтерге шығару
Бірыңғай кезекшілік - диспетчерлік «112» қызметі пультына халықтан 2 991 111 қоңырау келіп түсті.
Мынадай тұрақты әзірлік қамтамасыз етілді:
- өңірлік және жедел құтқару қызметтері 2 079 адамды құтқарды, 1 007 адамды эвакуациялады, 182 зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетті, ТЖ орындарынан 292 адам денесін шығарды, 4 952 шығу жасады;
- өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі 2 132 адамды құтқарды, 10 516 адамды эвакуациялады, дабыл бойынша 24 510 шақыртуға барды, оның ішінде: 6 271 - өрт, 2 646 - авариялық-құтқару жұмыстары, 14 723 - өрт ретінде есепке алынбайтын жану, 72 - көрінеу жалған шақырту, расталмаған жану фактілері - 798;
- «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 2 007 зардап шеккенге медициналық көмек көрсетті, 1 196 адамды құтқарды, 790 адамды эвакуациялады, 2 564 шығу жасады, оның ішінде трассалық медициналық-құтқару пункттері 598 шығу жасады, 655 адамды эвакуациялады, 1 354 зардап шеккенге медициналық көмек көрсетті.
ІІМ қарамағындағы ұйымдар мынадай іс-шаралар өткізді:
- «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері іздеу-құтқару жұмыстарына 333 ұшу сағатын жасады, санитариялық авиация бағыты бойынша 235 ұшу жасады, 205 адам тасымалдады.
- «Өрт сөндіруші» АҚ 50 адамды құтқарды және эвакуациялады, 303 шығу жасады, соның ішінде 114 өрт сөндіру, 17 авариялық-құтқару жұмыстарын өткізді, 172 жануды жойды.
Мемлекет басшысының бизнеске қысымды төмендету бойынша тапсырмасын іске асыру мақсатында өрт қауіпсіздігі саласында бақылау тек жоғары тәуекел дәрежесіндегі объектілерге қатысты енгізілген және ерекше тәртіпте өткізіледі. Бақылау-профилактикалық қызмет шеңберінде 19 969 объектінің, оның ішінде 697 өнеркәсіптік объектінің және 19 272 әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектінің өртке қарсы жай-күйі тексерілді, 84 556 бұзушылық анықталды, 14 850 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 6 907 лауазымды тұлғаға 171 млн. 863 мың теңге сомасында айыппұл салынды.
Халықты оқыту және хабар беру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 30 646: 2 956 - телевизия арналарында, 7 279 - баспа басылымдарында, 7 160 - радио қондырғыларында, 4 897 - ақпараттық агенттіктер таспаларында, 8 354 - ведомстволық веб-сайттарда сөз сөйлеу болды.
Азаматтық қорғау саласында басшылық құрам мен мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіру мақсатында:
- «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» ЖШС-да 675 қызметкерге, оның ішінде - орталық мемлекеттік органдардан 168 қызметкерге, жергілікті атқарушы органдардан 301 қызметкерге, ТЖК аумақтық бөлімшелерінен 79 қызметкерге, ІІМ аумақтық бөлімшелерінен, ведомстволық бағынысты ұйымдарынан 127 қызметкерге;
- Көкшетау техникалық институтында 87 қызметкерге;
- Ақтөбе облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өңірлік оқу орталығында 36 қызметкерге;
- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 7 мемлекеттік әкімшілік қызметшіге;
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің академиясында 6 қызметкерге қайта даярлау және біліктілікті арттыру ұйымдастырылды.
Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің ТЖ-ға уақтылы ден қоюы және алдын ала қабылданған шаралар арқасында 2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда оқиға саны 2,3%-ға (167 оқиғаға), зардап шеккендердің саны 1,5%-ға (24 адамға), қаза болғандар 8,2% (41 адамға) азайғаны, материалдық нұқсан 5,6%-ға (60 млн.теңгеге) азайғаны байқалады. 7 069 табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ және оқиғалар тіркелген, 1 562 дам зардап шеккен, соның ішінде 457 адам қаза болды.
Облыстар бөлігінде қалыптасқан және жалпыланған көрсеткіштер мына ахуалды сипаттайды (2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда):
- ТЖ саны мына облыстарда: Ақмола 14,5%-ға (75 оқиғаға), Қызылорда 13,1%-ға (44 оқиғаға), Шығыс Қазақстан 7,5%-ға (59 оқиғаға), Оңтүстік Қазақстан 5,5%-ға (21 оқиғаға), Солтүстік Қазақстан 4,8%-ға (19 оқиғаға), Жамбыл 4,1%-ға (15 оқиғаға), Атырау 3,6%-ға (7 оқиғаға), Алматы 2,6%-ға (23 оқиғаға), Қарағанды 2,1%-ға (18 оқиғаға) және Астана қаласында 16,5%-ға (68 оқиғаға) төмендеді;
- зардап шеккендер саны мына облыстарда: Шығыс Қазақстан 48,1%-ға (148 адамға), Солтүстік Қазақстан 40%-ға (28 адамға), Жамбыл 32,4%-ға (46 адамға), Ақмола 32,4%-ға (24 адамға), Алматы 22,6%-ға (49 оқиғаға), Қарағанды 13,4%-ға (9 адамға), Маңғыстау 11,1%-ға (3 адамға) азайды.
- қаза болғандар саны мына облыстарда: Батыс Қазақстан 57,1%-ға (4 адамға), Оңтүстік Қазақстан 45,3%-ға (34 адамға), Қызылорда 43,8%-ға (7 адамға), Солтүстік Қазақстан 42,9%-ға (15 адамға), Алматы 37,9%-ға (33 адамға), Қарағанды 28,2%-ға (11 адамға), Жамбыл 13,9%-ға (5 адамға) және Алматы қаласында 21,3%-ға (3 адамға) азайды.
Сонымен бірге басқа өңірлерде:
- ТЖ саны мына облыстарда: Ақтөбе 13,2%-ға (43 оқиғаға), Қостанай 7,2%-ға (41 оқиғаға), Батыс Қазақстан 4,2%-ға (13 оқиғаға), Павлодар 3,6%-ға (16 оқиғаға) және Алматы қаласында 20,9%-ға (69 оқиғаға) өсті;
- зардап шеккендердің саны мына облыстарда: Атырау 2,3 есеге (40 адамға), Оңтүстік Қазақстан 68,8%-ға (130 адамға), Павлодар 52,2%-ға
(36 адамға), Ақтөбе 24,4%-ға (22 адамға), Қызылорда 16,4%-ға (11 адамға), Қостанай 12%-ға (6 адамға), Батыс Қазақстан 11,4%-ға (5 адамға), Алматы қаласында 25%-ға (20 адамға) және Астана қаласында 21,3%-ға (13 адамға) ұлғайғаны байқалады;
- қаза болғандардың саны мына облыстарда: Ақтөбе 2,5 есеге (41 адамға), Атырау 2,2 есеге (15 адамға), Павлодар 25%-ға (6 адамға), Ақмола 13,6%-ға (3 адамға) және Астана қаласында 20%-ға (2 адамға) көбейгені байқалады.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жалпы ТЖ санынан 91,3%-ды құрады, 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6 455 оқиға тіркелді (0,5% азайды (35 оқиғаға), 922 адам зардап шекті (7,5%-ға төмен (75 адамға), 372 адам қаза болды (9,7% ұлғайды(33 адамға), соның ішінде:
- 6 208 өндірістік және тұрмыстық өрт болды (0,4%-ға өсті), 452 адам зардап шеккен (29,9%-ға өсті), 233 адам қаза болды (65,2%-ға өсті), материалдық нұқсан 915 млн. теңгені (11,9% кеміді) құрады.
Өрт саны мына облыстарда: Қызылорда 17,1%-ға (46 оқиғаға), Атырау 14,5%-ға (25 оқиғаға), Ақмола 14,3%-ға (70 оқиғаға), Қарағанды 1,4%-ға (12 оқиғаға), Павлодар 1,4%-ға (6 оқиғаға), Солтүстік Қазақстан 1,1%-ға
(4 оқиғаға) және Астана қаласында 15,2% (59 оқиғаға) азайды.
Өрт саны мына облыстарда: Ақтөбе 15%-ға (46 оқиғаға), Маңғыстау 14,8%-ға (18 оқиғаға), Қостанай 10,6%-ға (57 оқиғаға), Жамбыл 6,4%-ға (17 оқиғаға), Оңтүстік Қазақстан 5,2%-ға (13 оқиғаға), Батыс Қазақстан 2,5%-ға (7 оқиғаға) және Алматы қаласында 14,9%-ға (46 оқиғаға) өскені байқалды.
Өрт туындайтын негізгі объектілерге: 65,5%-ы тұрғын үй секторы, 17,8%-ы көлік құралдары, 4,2%-ы басқа ашық аумақтар, 3,5%-ы сауда кәсіпорындары, 2,2%-ы ормандар, 1,8%-ы өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылымдар, 1,6%-ы әкімшілік-қоғамдық ғимараттар, 0,6%-ы салынып жатқан оъектілер мен құрылыс алаңы.
Өрттің пайда болуының ең таралған себептері: 33,8%-ы отты абайсыз қолдану, 28,1%-ы электр жабдықтарын техникалық пайдалану және монтаждау қағидаларын бұзу, 18,3%-ы пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, 6,6%-ы анықталған қасақана өртеу, 5,4%-ы тұрмыстық электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, 2,8%-ы балалардың отпен ойнауы болып табылады.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ТЖ жалпы санынан 8,7% құрады, 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мынадай оқиғалар тіркелді:
- жалпы саны 614 (17,7%-ға төмендеді (132 оқиғаға), 640 адам зардап шеккен (8,7%-ға өсті (51 адамға), 85 адам қаза болды (46,5% кеміді (74 адамға), соның ішінде:
- 32 қауіпті гидрометеорологиялық құбылыс (46,7%-ға төмендеді), 8 адам зардап шеккен, соның ішінде 1 адам қаза болды;
- 151 табиғи өрт болды (23%-ға төмендеді), 2 адам зардап шекті;
- 341 қауіпті жұқпалы аурулар мен адамдардың улануы бойынша (2,3% - ға кеміді), 550 адам зардап шеккен (32,5% - ға өсті), соның ішінде 5 адам қаза болды;
- республиканың су айдындарында зардап шеккендер туралы 73 хабарлама келіп түсті, 79 адам қаза болды (44,8% - ға кеміді).