Принтерге шығару
Бірыңғай кезекшілік - диспетчерлік «112» қызметі пультына халықтан 3267319 қоңырау келіп түсті.
Мынадай тұрақты әзірлік қамтамасыз етілді:
- өңірлік және жедел құтқару қызметтері 3854 адамды құтқарды,
6793 адамды эвакуациялады, 548 зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетті, ТЖ орындарынан 467 адам денесін шығарды, 6746 шығу жасады;
- өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі 3259 адамды құтқарды, 14149 адамды эвакуациялады, дабыл бойынша 29387 шақыртуға барды, оның ішінде: 7292 – өрт, 3264 – авариялық-құтқару жұмыстары,
18049 – өрт ретінде есепке алынбайтын жану, 133 – көрінеу жалған шақырту, расталмаған жану фактілері - 649;
- «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 3103 зардап шеккенге медициналық көмек көрсетті, 1162 адамды эвакуациялады, 2988 шығу жасады, оның ішінде трассалық медициналық-құтқару пункттері 782 шығу жасады,
790 адамды эвакуациялады, 2233 зардап шеккенге медициналық көмек көрсетті.
ІІМ қарамағындағы ұйымдар мынадай іс-шаралар өткізді:
- «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері іздеу-құтқару жұмыстарына
690 ұшу сағатын жасады, санитарлық авиация бағыты бойынша 268 ұшу жасады, 250 адам тасымалдады.
- «Өрт сөндіруші» АҚ 368 адамды құтқарды және эвакуациялады,
430 шығу жасады, соның ішінде 157 өрт сөндіру, 22 авариялық-құтқару жұмыстарын өткізді, 251 жануды жойды.
- «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ
30950 пациентті емдеді, 6374 операция жасады, госпитальдар жанындағы емханаға бару 980252 құрады.
«Саламатты Қазақстан» және «Жәрдем» медициналық поездарымен Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарының 112 станциясының тұрғындарын қарады, 31736 тұрғынын тексерді, 167801 диагностикалық рәсімдер, 591 кіші амбулаторлық операция жүргізді.
Мемлекет басшысының бизнеске қысымды төмендету бойынша тапсырмасын іске асыру мақсатында өрт қауіпсіздігі саласында бақылау тек жоғары тәуекел дәрежесіндегі объектілерге қатысты енгізілген және ерекше тәртіппен өткізіледі. Бақылау-профилактикалық қызмет шеңберінде 16308 объектінің, оның ішінде 677 өнеркәсіптік объектінің және 15631 әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектінің өртке қарсы жай-күйі тексерілді, 51215 бұзушылық анықталды, 9002 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 8038 лауазымды тұлғаға 294 млн. 529 мың теңге сомасында айыппұл салынды.
Халыққа оқыту және хабар беру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 63676: 2900 – телевизия арналарында, 7669 – баспа басылымдарында, 42722 – радио мен дауыс зорайтқыш қондырғыларында,
4530 – ақпараттық агенттіктер таспаларында, 5855 – ведомстволық веб-сайттарда сөз сөйлеу болды.
Азаматтық қорғау саласында басшылық құрам мен мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіру мақсатында:
- «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» ЖШС-да
681 қызметкерге, оның ішінде – орталық мемлекеттік органдардан
113 қызметкерге, жергілікті атқарушы органдардан 284 қызметкерге, ТЖК аумақтық бөлімшелерінен 121 қызметкерге, ІІМ аумақтық бөлімшелерінен, ведомстволық бағынысты ұйымдарынан 163 қызметкерге;
- Көкшетау техникалық институтында 52 қызметкерге;
- Ақтөбе облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өңірлік оқу орталығында 109 қызметкерге;
- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 8 мемлекеттік әкімшілік қызметшіге;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясында
16 қызметкерге қайта даярлау және біліктілікті арттыру ұйымдастырылды.
Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің ТЖ-ға уақтылы ден қоюы және алдын ала қабылданған шараларына қарамастан 2016 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда оқиға санының 9,2%-ға (755 оқиғаға), зардап шеккендер санының 0,4%-ға (8 адамға) өскені, қаза болғандардың 13,7%-ға (106 адамға) кемігені, материалдық нұқсанның 29,4%-ға (283 млн.теңгеге) көбейгені байқалады.
8960 табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ және оқиғалар тіркелген,
2057 адам зардап шеккен, соның ішінде 665 адам қаза болды.
Облыстар бөлігінде қалыптасқан және жалпыланған көрсеткіштер мына ахуалды сипаттайды (2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда):
- ТЖ саны мына облыстарда Павлодар 13,8%-ға (93 оқиғаға), Оңтүстік Қазақстан 9,1%-ға (53 оқиғаға) төмендеді;
- зардап шеккендер саны мына облыстарда: Қостанай 47,7%-ға
(62 адамға), Қызылорда 41,2%-ға (73 адамға), Атырау 28,6%-ға (16 адамға), Павлодар 27,5%-ға (38 адамға), Қарағанды 20%-ға (20 адамға), Оңтүстік Қазақстан 19,1%-ға (63 адамға) және Алматы қаласында 5,2%-ға (5 адамға) азайды.
- қаза болғандар саны мына облыстарда: Атырау 45,2%-ға (14 адамға), Қостанай 42,2%-ға (19 адамға), Қызылорда 39%-ға (16 адамға), Жамбыл 30,8%-ға (20 адамға), Батыс Қазақстан 26,7%-ға (4 адамға), Ақмола 22,9%-ға (11 адамға), Павлодар 22%-ға (9 адамға), Оңтүстік Қазақстан 20,9%-ға (24 адамға) және Астана қаласында 10,5% -ға (2 адамға) азайды.
Сонымен бірге басқа өңірлерде:
- ТЖ саны мына облыстарда Батыс Қазақстан 27,8%-ға (82 оқиғаға), Ақтөбе 25,9%-ға (82 оқиғаға), Алматы 22,3%-ға (198 оқиғаға), Ақмола 21,8%-ға
(107 оқиғаға), Маңғыстау 14,5%-ға (22 оқиғаға), Қызылорда 13,5%-ға (50 оқиғаға), Қарағанды 12,8%-ға (117 оқиғаға), Жамбыл 9,5%-ға (44 оқиғаға) және Астана қаласында 11,3% -ға (46 оқиғаға), Алматы қаласында 4,2% -ға (16 оқиғаға) ұлғайғаны;
- зардап шеккендердің саны мына облыстарда: Ақтөбе 2,4 есеге
(60 адамға), Маңғыстау 65,2%-ға (15 адамға), Шығыс Қазақстан 45,4%-ға
(114 адамға), Батыс Қазақстан 27,7%-ға (13 адамға), Солтүстік Қазақстан 21,9%-ға (14 адамға), Алматы 16,9%-ға (43 адамға) және Астана қаласында 16,9%-ға
(10 адамға) ұлғайғаны;
- қаза болғандардың саны мына облыстарда: Ақтөбе 2,1 есеге (19 адамға), Маңғыстау 90%-ға (9 адамға) көбейгені байқалады.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жалпы ТЖ санынан 85,5%-ды құрады, 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7661 оқиға тіркелді (9,4% өсті (661 оқиғаға), 1085 адам зардап шекті (4,4% -ға өсті (46 адамға), 372 адам қаза болды (13,1%-ға кеміді (56 адамға), соның ішінде:
- 7344 өндірістік және тұрмыстық өрт болды (10,1%-ға өсті), 408 адам зардап шекті (9,7%-ға кеміді), 170 адам қаза болды (7,1%-ға кеміді), материалдық нұқсан 1175,2 млн. теңгені (45,8%-ға өсті) құрады.
Өрт саны Павлодар облысында 11,4%-ға (67 оқиғаға) азайды.
Өрт санының өсуі мына облыстарда: Ақтөбе 31,2%-ға (88 оқиғаға), Батыс Қазақстан 28,7%-ға (75 оқиғаға), Алматы 24,6%-ға (175 оқиғаға), Қызылорда 23,3%-ға (60 оқиғаға), Ақмола 22,7%-ға (102 оқиғаға), Атырау 19,6%-ға (32 оқиғаға), Маңғыстау 19,2%-ға (24 оқиғаға), Қарағанды 14,2%-ға (125 оқиғаға), Солтүстік Қазақстан 11%-ға (40 оқиғаға) және Астана қаласында 8,9% (35 оқиғаға), Алматы қаласында 4,5%-ға (16 оқиғаға) байқалды.
Өрт туындайтын негізгі объектілерге: 64,6% тұрғын үй секторы,
16,9% көлік құралдары, 4,2% ормандар, 3,8% басқа ашық аумақтар,
3,5% сауда кәсіпорындары, 2% өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылымдар, 1,4% әкімшілік-қоғамдық ғимараттар, 0,8% ауыл шаруашылық объектілері, 0,6% салынып жатқан объектілер мен құрылыс алаңдары.
Өрттің пайда болуының ең таралған себептері: 40,2%-ы отты абайсыз қолдану, 25%-ы электр жабдықтарын техникалық пайдалану және монтаждау қағидаларын бұзу, 11,5%-ы пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, 7,8%-ы анықталған қасақана өртеу, 4%-ы тұрмыстық электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, 3,7%-ы балалардың отпен ойнауы болып табылады.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ТЖ жалпы санынан 14,5% құрады, 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда төмендегідей оқиғалар тіркелді:
- жалпы саны 1299 (7,8% өсті (94 оқиғаға), 972 адам зардап шекті (3,8%-ға азайды (38 адамға), 293 адам қаза болды (14,6%-ға азайды (50 адамға), соның ішінде:
- 64 қауіпті гидрометеорологиялық құбылыс (6,7%-ға өсті), 35 адам зардап шекті, 11 адам қаза болды;
- 378 табиғи өрт (68,8%-ға өсті), 5 адам зардап шекті, 2 адам қаза болған;
- 587 қауіпті жұқпалы аурулар мен адамдардың улануы бойынша (1,3%-ға азайды), 657 адам зардап шекті, 5 адам қаза болды;
- республиканың су айдындарында зардап шеккендер туралы
256 хабарлама келіп түсті, 275 адам қаза болды.