Принтерге шығару

Дауылды ескерту

22 ақпаннан

23 ақпанда түнде және таңертең Нұр-Сұлтан мен Ақмола облысында тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.

Қазақстан аймақтарында 2020 жылғы 23 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау–консультациясы

Қазақстан аумағының басым бөлігі төменгі қысым аумағы ықпалында болады және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын (жаңбыр және қар түрінде) жауады. Еліміздің батысына, солтүстік-батысына антициклон әсер еткендіктен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, шығыста бұрқасынмен. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, жолдарда көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Алматы облысында кей жерлерде жел 17-22 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында және Ақмола, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды   облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.