Дауылды ескерту 

20 ақпаннан

Ауа температурасының жоғарлауына байланысты Алматы облысы мен Алматы қаласы аумағы маңайында 2019 жылғы 23 – 24 ақпан аралығында қар еру және ағын сулардың қалыптасуы, мұздық құбылысардың әлсіреуі.

22 ақпаннан

Қар жамылғысының тұрақсызыдығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Кіші Алматы су алабында 22-25 ақпанаралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін  жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Қазақстан аймақтарында 2019 жылғы 24 ақпанға болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау–консультациясы

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батысы мен солтүстік-батысында ауа райы тұрақсыз  болады, кей жерлерде жауын-шашын болады. Кей жерлерде республика бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді. Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында кей жерлерде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, екпіні 28 м/с. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с, түнде кей жерлерде бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, түнде және таңертең Қарағанды облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Күндіз Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасын күтіледі, жел 18 м/с күшейеді.

Болжам комиссиясының деректері бойынша

СЕЙСМИКАЛЫҚ БОЛЖАМЫ («Сейсмикалық институт» ЖШС, «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ)

2019 жылғы 21.02.-27.02. аралығында Алматы болжам полигоны аумағында, шекті координаттары φ=42о30′-45о00′N және λ=75о00′-81о00′Е, MSK-64 сейсмикалық межесі бойынша 0,7 ықтималды магнитудасы Мs≥5,6, I ≥7 қарқындылықпен жерсілкінісі күтілмейді.