Егер Сіз ғимаратта болған кезде дауыл (құйын) басталса, онда терезелерден алыс тұрып, ішкі үй-жайлар, дәліздерде, қоса салынған шкафтардағы, ванна бөлмелеріндегі, дәретханада, қоймалардағы, берік шкафтардағы, үстелдердің астындағы қауіпсіз орында тұрыңыз.
Пештегі отты өшіріңіз, электр қуатын ажыратыңыз, газ желісіндегі крандарды жабыңыз. Тәуліктің түнгі уақытында қолшам, шам, шырағдан пайдаланыңыз: Төтенше жағдайлар органдары мен төтенше жағдайлар комиссиясынан ақпарат алу үшін радиоқабылдағышты қосып қойыңыз; мүмкіндігінше терең таса жерде, жасырын паналарда, жертөлелерде және т.б. болыңыз. Егер дауыл немесе құйын Сіз көшеде жүргенде басталса, онда жеңіл құрылыстардан, ғимараттардан, көпірлерден, эстакадалардан, электр беру желілерінен, мачталардан, ағаштардан, өзендерден, көлдерден және өнеркәсіптік объектілерден алыс жүріңіз. Ұшқан сынықтар мен әйнәктердің сынықтарынан қорғану үшін фанераның беттерін, картон және пластмас жәшіктерін, тақтайларды және басқа да қолда бар құралдарды пайдаланыңыз. Елді мекендерде болатын жертөлелерге, жер асты қоймаларға және радиацияға қарсы жасырынатын жерлерге тезірек жасырынуға тырысыңыз. Зақымданған ғимараттардың ішіне кірмеңіз, өйткені олар жаңадан дауыл болғанда қирауы мүмкін.
Шаңды дауылда бетіңізді дәке таңғышпен, орамалмен, матаның жыртысымен жауып, ал көзіңізге көзілдірік киіп алыңыз. Құйынның келе жатқаны жөнінде сигнал түскен жағдайда дереу жасырын жерге, үйдің жертөлесіне, жер қоймаға немесе кереуеттің астына және басқа да мықты жиһаздың астына тығылыңыз. Егер құйын Сіз ашық жерде болған кезде басталса, онда жол кюветінің түбіне, шұңқырларда, ойықтарда, жіңішке аңғарларда жерге жатып, басыңызды киіммен талдың талшықтарымен жауып жасырыныңыз. Автокөлікте қалмаңыз, одан шығып жоғарыда көрсетілгендей жасырыныңыз.