«Электрондық Үкімет» порталы арқылы электронды жолданым жіберу мүмкіндігі туралы ақпарат
 
 
 logoegov«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы бойынша, жеке және заңды тұлғалар жалпыға қолжетiмдi ақпараттық жүйелерді пайдаланып, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы  заңнамасының талаптарына сәйкес, өтініштерді жеке электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып, электрондық үкімет порталы арқылы өтініштерді жазуға (білдіруге) болады.
 
 
 
 

2017 жылғы 1 тоқсандағы халыққа сауал жүргізу туралы деректер, ақпаратты алу үшін жинақтау және талдау туралы ақпарат:

         ТЖ комитетінің интернет-ресурсында «Сайтта тағы қандай ақпараттың болғанын қалайсыздар?» сауалына  2492 адам қатысты, олардың ішінде 70,9% - болжамды, 8,7% - оқыту, 5,0% - әдістемелік ақпаратты тандады.

         ТЖ комитетінің интернет-ресурсында «Сұрақ-жауап» айдарына келіп түсетін сұраулардың мониторингі сұрақтардың көпшілігі өрт қауіпсіздігіне, кадр жұмысына және нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіруге қатысты екендігін көрсетеді.

         ТЖ комитетінің құзыретіне жатпайтын өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша сұрақтар жиі келіп түседі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Жарлығымен өнеркәсіп қауіпсіздігінің сұрақтары Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің қарамағына берілді.