Принтерге шығару

ТЖ әрекеттері

ПЛАСТМАССА ҚАЛДЫҚТАР ТУРАЛЫ ЖАДЫНАМА
Толығырақ...
Химиялық, биологиялық  және санитарлық – эпидемиологиялық қауіпсіздікке төнген қатермен байланысты төтенше жағдайлар кезінде халықтың жүріс - тұрыс тәртібі туралы
Толығырақ...
Аммиак төгілуінен болатын авариялардағы іс-қимыл
Толығырақ...
КӨЛІКТЕГІ АВАРИЯЛАР КЕЗІНДЕГІ ІС-ҚИМЫЛ
Толығырақ...
Хлор төгілуінен болатын авариялардағы іс-қимыл
Толығырақ...
РАДИОАКТИВТІ ЛАСТАНҒАН  ЖЕРДЕГІ ІС-ҚИМЫЛ
Толығырақ...
СЫНАП ТӨГІЛГЕН КЕЗДЕГІ ІС-ҚИМЫЛ
Толығырақ...
ҚӘУЗ жарақаттанғаннан кейінгі алғашқы көмек
Толығырақ...
ЖАРЫЛЫСТАР МЕН ӨРТТЕР БОЛҒАН АВАРИЯЛАР КЕЗІНДЕГІ ІС-ҚИМЫЛ
Толығырақ...

Имидж және жаттықтыру сипатындағы бейнематериалдар

Қыстағы жүріс-тұрыс қағидалары (бұрқасын, төмен температура, мұздағы жүріс-тұрыс)
 
Табиғи өрт (дала өрттері)
Қауіпсіз мұз
Улы газбен улануға жол бермеу
Жарақат алу кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсету
Көкшетау техникалық институты
Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидалары
Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету
Табиғи өрт
Мектепте өрт шыққан жағдайда...
Егер өрт шықса
Егер үйіңізде өрт шықса
Үйде өртті болдармау
Өрт - тілсіз жау
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті
Көкшетау техникалық институты
Жаңа жыл қарсаңында өрттің шығуына жол бермеңіз
Пеш салдарынан болатын өрттер

Балалардың отпен ойнауы

Орманды өртте сақтайық

Автокөліктердегі өртті болдырмау

Төсекте темекі шекпе

Улы газ улану

Өрттер

Өрт шыққан кезде қауіпсіз әрекет жасау ережесі
Адамдардың көпшілігі өртті олармен ешқашан болмайтын, тіпті болғанның өзінде олардың өздерінің кінәсінен болмайтын нәрсе сияқты қарастырады. Бірақ өрттердің жартысынан көбінің себебі адамдық фактор – отты қолдану кезіндегі немқұрайлық және абайсыздық болып табылады. Сондықтан барлығы өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін білулері қажет.
Ең алдымен, бейтаныс ғимаратқа кіре бере, өз жолыңызды есте сақтауға тырысыңыз, негізгі және қосымша есіктердің орналасуына назар аударыңыз. Егер Сіз «Өрт!» деген айқайды естісеңіз, әлде түтін иісін сезсеңіз, немесе жалынды көрсеңіз, өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалыңыз.
Сабырлық және ұстамдылық танытуға тырысыңыз, жаныңыздағы адамдарды жұбатыңыз. Жағдайды бағалаңыз, нақты қауіптің бар екеніне көз жеткізіңіз, оның қайдан таралатынын анықтаңыз, сосын асықпай айғай-сүреңсіз есікке қарай бағыттап сырт жаққа жылжи бастаңыз. Топтың ортасында жылжығанда, қарт адамдарды алдыға қарай өткізіңіз, байбаламшыларды тоқтатыңыз. Қорқыныш шырмап және қимылдай алмай қалғандарға көмектесіңіз, олармен байсалды және түсінікті сөйлесіңіз.
Топтың ішінде қалған кезде, жұдырықты түйіп алып қолды білекке жинап алып, оны бүйіріңізге қысыңыз. Аяқты алдыға мықтап тіреп, тұла бойыңызбен артқа шалқайыңыз және алдағы кеңістікті босатып, және қысымды арқамен тоқтатуға тырысыңыз, және баяу жылжып отырыңыз.
Түтіннің үлкен топталуы бар жерге кірмеңіз! Қазіргі заманғы ғимараттарда жанған кезде уытты заттар бөлетін пластик, синтетикалар өте көп. Бірнеше рет ауаны ішке жұтудың өзі жеткілікті – Сіз уланудан қаза болуыңыз мүмкін. Бөлмелер, дәліздер түтінге толған кезде түтінге толмаған баспалдақтар жаққа қарай жүріңіз, немесе есікке қарай, бірақ тек лифтке қарай жүрмеңіз. Өрт кезінде лифті қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Қабырғадан, тұтқадан ұстаңыз, қол орамал немесе киім арқылы дем алыңыз. Егер түтіннің топталуы көбейсе, еңкейіңіз немесе еңбектеп жүріңіз. Егер Сіз температураның жоғарылағанын сезсеңіз, демек, Сіз қауіпті аймаққа жақындап келесіз. Бұл жағдайда ең дұрысы кері қарай бұрылып кету.
Егер қалың түтіннен, жоғары температурадан және оттан Сіз баспалдаққа немесе дәлізге шыға алмасаңыз, артыңыздан есікті тығыздап жауып дереу кері қарай қайту қажет. Ал есік жарықтарын және желдеткіш саңылауларын дымқыл шүберекпен тығындап тастаған жөн.
Ғимаратта түтіннің қауіпті топталуы және жоғары температураның пайда болуы кезінде есікті тығыздап жауып балконға, лоджияға шығу қажет. Өзіңізбен бірге суланған көрпе немесе басқа тығыз матаны ала жүріңіз, Сіз онымен жалынның есік және терезе ойықтарынан ене бастаған кезінде жамылып аласыз. Бірақ бұл қорғаныс аз уақытқа ғана жетеді. Балкон болмаған кезде Сіздің соңғы мүмкіндігіңіз – қабырғадан ұстап тұрып, терезе алды тақтайына (дөңес жер, ернеу) тұру.
Егер төменде Сіздің астыңызда от жоқ болса және бөлмеде қалу қауіпті болса, онда өрт сатысы көмегімен бір қабат төмен түсуге тырысыңыз. Өзін-өзі құтқару үшін өрт сөндіретін жеңді қолдануға да болады. Бір-біріне сақтық жасаумен бір бірден құтқарылуға кеңес береміз. Әрине, бұл өмір үшін қауіппен байланысты, бірақ кейде басқа амал қалмайды.
Егер Сіз алайда қатты түтінге оранған дәліз арқылы құтқарылуды ұйғарсаңыз, бұл аса қауіпті, онда дымқыл тығыз матамен бүркеніп, еңкейіп немесе еңбектеп жылжу қажет. Тығыз мата Сізді түтіннен қорғайды және ашық жалынмен жоғары температурасы бар болмашы аймақтардан жүгіріп өтуге мүмкіндік береді. Егер сіз жаққа жалын толқыны жылжи бастаса, онда асықпай басыңызды матамен жауып құлаңыз, осы сәтте ішкі органдардың күйігін алмау үшін дем алмаңыз.
Жалын үшін жанармай болып табылатын:
- перделер
- киім
- кілем жабыны
- жиһаз, пластикалық қаптауыш
- өрт және жарылыс қаупі бар заттар
Апаттың ауқымы өседі егер:
- өрт дабылдағышы жарамсыз немесе жоқ болса
- көшіру жолдары жоқ болса немесе олар үйіліп тасталса
- өрт сөндірушілер уақтылы шақырылмаса
- терезе торларын ашу мүмкін болмаса
Егер мектепте өрт орын алса
Өрт дабылы жарияланған кезде оқушылар өз парталарының жанына тұра қалады және мұғалімнің нұсқауы бойынша сыныптан бір-бірден шығады. Соңғы көшірілген мұғалімнің бақылуымен сыныптың есігін тығыздап жабады. Әр сыныптың оқушылары әбігерге түспей өз қатарында бір қалыпты адыммен жүреді. Мұғалім сынып журналымен өз оқушыларының артынан жүріп отырады. Дәліз және баспалдақ алаңымен жылжыған кезде барлығын басып озып жүгіруге болмайды.
Жиналу орны алдын-ала келісіліп және барлығына мәлім болуы керек. Әдеттегідей, ол оқу орнынан жақын жерде орналасады.
Жиналатын пункте сыныптар оларға бөлінген орынды алады, оқытушы оқушыларды түгендейді. Содан кейін оқытушы бірден сынып оқушыларының саны туралы оқу орнының директорына хабарлауы қажет.
Артта қалып қойған балаларды іздестіруге қызметкерлер кешеуілдемей оқушылар тығылып қалуы мүмкін орындарды тексеріп, бірақ өрттің ошағына жақындамай кіріседі.
Өрт сөндірушілер келгеннен соң директор немесе оның орынбасарлары оларға зардап шеккен адамдар туралы және олардың болуы мүмкін орындар туралы хабарлайды.
Жедел жәрдем келгенге дейін түтіннен және жалыннан зардап шеккендерге жиналу пуктінде алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
Оқыс жағдайда адам, оған қоса бала, үрейленуі, логикалық ойлау қабілетін жоғалтуы мүмкін. Ол қателіктер жібере бастайды, тиісті іс-қимылдар жасамайды, нәтижесінде өз өмірін қосымша тәуекелге душар етеді. Егер оқушы сыныптан қалып қойса, ең бастысы – абыржымай және нені қандай тәртіпте жасау керек екендігін анық білуі қажет.
Егер, өрт дабылы туралы белгі Сізді кабинеттен тыс жерде тапқан жағдайда, мүмкіндігінше тезірек өз сыныбыңызға қосылуға тырысыңыз немесе жиналу пуктіне дейін өз бетіңізбен жетіңіз. Сонымен бірге мұрныңызды және аузыңызды суда суланған матамен жабыңыз. Жалын мен түтіннің жылдам таралуы кезінде, есіктер, терезелер, желкөзді, желдеткіш торларды жабыңыз.
Егер жалын Сіздің бөлмеңізге жақындап келсе, көп мөлшерде су болған жағдайда онымен еденді және кіреберіс есікке су шашыңыз.
Егер шығатын жол отпен кесіліп тасталса, қайткен жағдайда да барлық әдіспен тұрған орныңды белгілеу қажет. Есіңізде болсын, Сізді іздестіруде.
Өрт ошағында, егер құтқарылу жолыңыз жалынмен кесіліп тасталса және Сізге тек қана көмек күту ғана қалса, жалынды қол асты құралдармен сөндіруге тырысыңыз.
Егер оқу орнының ғимаратында әр түрлі үйірмелер, секциялар жұмыс жасаса, олардың барлығы бір бірімен өзара әрекет жасаулары тиісті.
Аспазшы, сыпырушы және тағы басқа қызметкерлер өрт дабылы бойынша тез арада жиналу орнына өз бетімен бағыттайды. Өртке қарсы қызметі рұқсат берілгенше, жиналу орнына келмей қалғандарды іздестіру қажеттігін қоспағанда, ешкімге ғимаратқа киім, кітаптар, құжаттар үшін қайта оралуға рұқсат етілмейді.
Ғимараттың кез-келген бөлігінде өрт дабылы туралы құлақтандыру олардың барлық бөлмелерінен адамдарды толық көшіру үшін дабыл болып табылады. Оқу мекемесінің басшылығымен бекітілген эвакуациялау жоспарына сәйкес үлкеннің басшылығымен барлығы кабинеттерінен шығады.
Күйік алған кездегі бірінші көмек
Зардап шеккеннің өмірі, әсіресе алған күйігі ауыр болса, тез және дұрыс қабылданған шараларға байланысты. Сондықтан «Жедел жәрдем» келгенге дейін дереу алғашқы көмек көрсете бастаңыз.
Күйіктің төрт дәрежесін ажыратады:
1- терінің қызаруы, ісінгендігі;
2- қабыршықтың пайда болуы;
3- күйік орнында қабыршақ қалыптасады;
4- тіннің көмірленуі.
1 және 2 дәрежедегі күйік кезінде – зақым бетін 10-15 мин ағын сумен салқындатып, ал сонан соң таза матамен жабу қажет.
3 және 4 дәрежелі күйік кезінде күйген бөлікті таза дымқыл таңғышпен жабу қажет.
Алғашқы медициналық көмек шаралары неғұрлым ұзағырақ қабылданбаса, адамның жарақаты соғұрлым қатерлі болады.
Есіңізде сақтаңыз! Күйік орнына жабысып қалған ешнәрсеге қол тигізуге болмайды. Сондай ақ күйікті иісмайлармен, лосьондармен майлауға, пайда болған күлдіреуді тесуге тыйым салынады.
Зардап шеккенді орындыққа отырғызу немесе диванға, еденге жатқызу, оған жайлы орналасуға көмектесу керек. Дереу жедел жәрдемді шақыру.
Егер қажет болса, зардап шеккеннің зақымданған жерлерінен барлық артық заттарды шешу қажет (сақиналар, сағат, аяқ киім және т.б.)
Жанып кеткен киім бұйымдарын денеге жабыспаған жағдайда ғана шешуге болады.
Соңынан жедел жәрдемнің келуін күтіңіз, егер бар болған жағдайда зардап шегушіге ауырғанын жеңілдететін дәрі-дәрмектер беріңіз.
Жану өнімімен улану
Улы газдан уланған кезде зардап шегушіні мүмкіндігінше тезірек қауіпті аймақтан таза ауаға шығару керек
Егер зардап шегуші ес-түсінен айырылмаса, оны жатқызып, денесін қысқан киімді ағыту қажет. Самайын мұсатырлы спиртпен майлап, оны иіскету керек. Мұсатырлы спиртпен мақтаны мұрынның ұшынан 1 см жақын емес қашықтықта ұстап бұлғаңдату керек. Бұл өте маңызды, өйткені мұсатырлы спиртімен мақтаның мұрын ұшына тиген кезінде мұсатырдың тыныс алу орталығына қуатты әсер етуінен оның сал ауруының орнауы мүмкін.
Сілтілі су (1 литр суға 1 ас қасық ас содасы), ащы шәй, кофе ішкен өте пайдалы.
Егер зардап шегуші ес-түссіз болса, тез арада жедел жәрдем немесе ес-түсіне келгенше жүректің жабық массажын және қолдан дем алдыруды бастау қажет.
Есіңізде сақтаңыз, зардап шегушіні улы газының топталуы жоғары орыннан шығарған кезде, уланып қалмау үшін ең алдымен өзіңізді қауіпсіздендіру керек. Ол үшін тез әрекет етіп және қол орамал, дәке арқылы дем алу қажет.
Өрт кезінде дұрыс әрекет етуге машықтанулар көмектеседі.
Оқу орнының қызметкерлері, сондай ақ оқушылар міндетті түрде негізгі және қосалқы эвакуация жолдарын білулері қажет.
Өрттер әртүрлі болады, сондықтан эвакуация жоспары қажет. Мысалы, егер басқыш алаңы от қоршауында қалса, адамдардың шығуына баламалы жол қарастырылуы керек.
Оқытушылар мен оқушылар қолда бар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қолдана білулері тиісті.
Жаңа жыл мейрамын өткізу кезінде өртке қарсы шаралар
Жаңа жыл жақындап келеді, және көрікті-шырша жақында өзінің құрметті орнын алады. Мейрамды қарсы алу, өрт сияқты бақытсыздықпен ұштаспас үшін, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет.
Шыршаны құрған кезде, ол бөлмеден еркін шығуға кедергі келтірмеуі, ал бұтақтары – қабырға және төбемен түйіспеуі керектігін есте сақтаған жөн. Шыршаны жылыту батареясының жанында орналастыру қауіпті. Иллюминацияны қосқан кезде бөлмеде жарықты толығымен сөндіруге болмайды.
Мейрам аяқталғаннан кейін шыршаны бөлмеде ұзақ уақыт ұстауға ұсынбаймыз. Кеуіп кеткен қылқан жоғары өрт қауіптілікті тудырады. Демек айтатын болсақ, синтетикалық материалдардан жасалған жасанды шыршалар, сондай ақ өрт қауіпті және жанған кезде денсаулық үшін зиянды улы заттар бөледі.
Қандай жаңа жыл мейрамы бенгал оты және мейрам отшашуысыз өткізіледі? Жаңа жылдық мереке кезінде пиротехникалық бұйымдардың әртүрлі орасан зор арсеналы қолданылады, олардың қолданылуы өрттердің пайда болуына, жарақат және зақымдануға әкеп соқтыруы мүмкін.
Осыған ұқсас бұйымдарды алған кезде, қайғылы зардаптардан болдырмауға көмектесетін бірнеше ережелерді есте сақтаңыздар. Пиротехниканың барлық түрлері сыртта қолдану үшін арналған.
1. Отшашу үшін орынды таңдап алыңыз. Мінсіз жағдайда – бұл талдардан және құрылыстардан тазартылған үлкен ашық алаң (аула, саябақ немесе алаң).
2. Таңдап алған орныңызды мұқият қарап шығыңыз, көршілес тұрған (100 метр радиуста) өрт қауіпті нысандар, авто тұрақтар, ағаштан жасалған қоралар немесе гараждар және т.б. болмауы қажет.
3. Егер отшашу қала сыртында қолданылатын болса, кездейсоқ түскен ұшқыннан жануы мүмкін жақын жерде сарғайып түскен жапырақтар және қылқандар, құрғақ шөп немесе пішеннің болмауы тиісті.
4. Қатты жел тұрған кезде қауіпті аймақ мөлшерін жел бойынша 3-4 есе көбейткен жөн.
5. Көрермендер қай жерде орналасатындығын алды ала ойланыңыз. Оларға жақсы шолуды және қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет, ал ол үшін оларды жел оларға түтінді және жанбай қалған бұйым бөліктерін алып бармау үшін, міндетті түрде жел жақтан, отшашу іске қосылатын алаңнан 35-50 метр арақашықтықта орналастырыңыз.
6. Егер Сіздің аулаңыз кіші және тар болса, сіз шектеулі өнім түрін қолдана аласыз, негізі жер үстінде әрекет ететін: петардалармен, шырша шартылдағымен, отты зырылдауықпен және доңғалақтармен. Еш уақытта жоғары ұшатын бұйымдарды ұшырмаңыз – ракета, көбелек және басқалар. Оларды тұрғын үйлер және басқа да құрылыстардың жанында қолдануға тыйым салынады: олар терезеге немесе желкөзге түсуі мүмкін, шатырдың астына немесе үй төбесіне ұшып барып өрттің шығуына себеп болады.
Пиротехникалық бұйымды таңдау:
1.Қолдан жасалған пиротехникалық бұйымдарды қолданбаңыз.
2. Пиротехникалық бұйымдарды алған кезде, мұқият болыңыз, сәйкестік куәлігін, нұсқаулықтың, жарамдылық мерзімінің бар болуын тексеріңіз.
3. Пиротехникалық бұйымдарды таңдаған кезде, олардың сыртқы түріне назар аударыңыз. Анық ақаулары бар: мыжылған, су тиген, жарықшалары және басқа бүлінген тұрқы немесе білтесімен бұйымдарды қолдануға болмайды.
4. Пиротехникалық бұйымдарға кіретін жанғыш заттар және дәрілер өрт қауіпті. Абайсыз қолдану немесе дұрыс сақтамаған кезде олар оңай тұтануы мүмкін және өртке немесе жарақатқа алып келеді.
5. Пиротехникалық бұйымды қолдану алдында міндетті түрде нұсқаулықпен танысыңыз, көрсетілген қауіпсіздік аймақтарына аса назар аударыңыз.
Қайсібір өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу қауіпті зардаптарға және нағыз қасіретке әкелуі мүмкін. Өзіңізге мереке көңілін бұзбаңыз.

Жер сілкіну

Жер сілкінісіне дейін, жер сілкінісі кезінде және жер сілкінісінен кейін не істеу керек
Жер сілкінісіне дейін: өзіңізге үлгі жасап шығарыңыз: күшті жер сілкінісі болды делік, сіздің құтқару бағытыңыз қандай болады, егер сіз мысалы жұмыста, үйде болсаңыз, ал сіздің балаларыңыз мектепте немесе балабақшада болса?
Өзіңіз және өз жанұяңыз үшін мүмкін нұсқаларды әзірлеңіз: жасырыну үшін қауіпсіз орындар қайда бар, жер сілкінісінен кейін қай жерде кездескен жақсы және т.б. Сіздің «сценарийіңіз» авариялық ахуалда абыржымастан әрекет жасауға көмектеседі.
Мыналарды:
Құжаттар;
Үш күнге тамақ және су қоры;
Бірінші медициналық көмек және дәрі-дәрмекпен;
Электр шамы және сіріңке;
Жылы киім және аяқ киім салынған сөмке немесе рюкзакты алдын-ала дайындаңыз және дайын етіп ұстаңыз.
Жер сілкінісінің бірінші дүмпуі кезінде:
Ең бастысы есте сақтаңыз: егер жер сілкінісі басталса, үрейленбеңіз және басқалардың үрейіне берілмеңіз. Газды, суды және электрді сөндіріңіз. Егер жер сілкінісінің күшті аз болса, қорықпаңыз және дұрысы өзіңіз тұрған жерде күте тұрыңыз.
Екінші және одан жоғары қабатта болсаңыз үй-жайды тастап кетпеңіз. Ішкі қабырғадағы қауіпсіз жерде, бұрышта, есік ойығында, тірек бағанасының қасында тұрыңыз, ваннаға жатыңыз. Кереуеттің, үстелдің астына жатыңыз – олар сізді құлайтын заттардан немесе сынықтардан сақтайды. Терезелерден және ауыр жиһаздан алысырақ тұрыңыз. Лифтіні пайдаланбаңыз.
Егер сіз көшеде болсаңыз:
Ғимараттардан және электр беру желілерінен алыс ашық жерге барыңыз, жұлынған электр әуе желілеріне жақындамаңыз. Ғимарат бойымен жүрмеңіз және олардың ішіне кірмеңіз.
Егер сіз автокмобильде болсаңыз:
Дүмпу тоқтағанша, автомобильді тастамай, ашық жерде тұрыңыз. Жер сілкінісі кезінде топырақтың қозғалысынан адам құрбандары өте сирек болатынын есте сақтаңыз. Жер сілкінісі кезіндегі жазатайым оқиғалардың басты себептері:
Ғимараттың жеке бөліктерінің құлауы
Сынған әйнектердің құлауы
Жұлынуы электр желілері
Пәтердегі ауыр заттардың құлауы
Өрттер
Үрей кезінде адамдардың бақылаусыз мінез-құлқы
Егер сіз барлық қажетті сақтық шараларын сақтайтын болсаңыз, құрбандар санын азайтуға болады
Жер сілкінісінен кейін:
Мұқтаждарға алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз
Егер қосымша қару-жарақ қажет болмаса, үйіндіден зардап шеккендерді шығарыңыз
Радиоқабылдағышты қосыңыз
Мүмкіндікке қарай су құбырын, газды және энергожабдығын сөндіріңіз
Ашық отты пайдаланбаңыз
Жер сілкінісі болған кезде болған жеріңізді тастап бара жатқанда абай болыңыз
Назар аударыңыз!
Радионы қосып жүріңіз!
Төтенше жағдайлар бойынша қызметтердің сигналдарын тыңдаңыз
"Баршаның назарына!"
Айқын бұзылған ғимараттарға бармаңыз және олардың ішіне кірмеңіз. Қайта дүмпулерге әзір болыңыз, олар бірнеше тәуліктен, аптадан немесе айдан кейін болуы мүмкін болса да, жер сілкінісінен кейінгі бірінші 2-3 сағат ең қауіпті болып саналады. Жер сілкінісінен кейін көп уақыт өтсе, қайта дүмпулердің ықтималдығы аз екені мәлім.
Крэш-синдром деп аталатын ұзақ қысылу синдромы – ең қауіпті жарақаттардың бірі. Құрылыс конструкцияларының сынықтарынан, құлаған ағаштар діңдерінен, ауқымды жиһаз және соған ұқсас ауыр заттардың адамның қолына немесе аяғына ұзақ әсерінен қан жүру тоқтайды. Крэш-синдромның салдарлары ампутациямен жиі байланысты.
Зардап шеккен адамда ұзақ қысылу синдромын анықтағаннан кейін барлық дененің сыртқы байқауын жасаңыз; ауруды басатын заттарды міндетті түрде беріңіз; қысылу орынның үстіне жгут салыңыз, зардап шегушіні босатып, жылытыңыз. Бір минутты жоғалтпау қажеттігін есте сақтаңыз. Адамды ауруханаға дереу апарыңыз, оған мамандардың көмегі қажет. Сіз қолыңыздан келгеннің барлығын істедіңіз.
 

Көшкін және сел

Сел - бұл таулы аудандарда тас аралас саз-балшықтардың таудан төмен үлкен қарқынмен құлай ағауымен сипатталатын құбылыс.

Селдің пайда болу себептері - ол мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан пайда болады. Сел кенеттен пайда болып, жоғары жылдамдықпен (секундына 10 метр және одан да артық) жүреді және он минуттан бірнеше сағатқа дейінгі аралықта бірнеше рет орын алады. Селдің алдыңғы толқынының биіктігі 15 метрге дейін жетуі және одан да асуы мүмкін. Селдің күрілі алыстан естіледі.

Селге қалай дайындалу керек?

Әдетте сел жүретін жерлер белгілі. Тауға шығар алдында өз жол бағытыңызды зерттеңіз, әрі сел қаупі бар жерлерге, әсіресе қатты нөсерден кейін, бармаңыз. Селге тап болсаңыз, аман қалу мүмкіндігіңіз аз екенін есте сақтаңыз. Селден оған жоламай ғана құтылуға болады. Қауіпсіз жерге кету кезінде үйден шықпас бұрын электр, газ және су желілерін сөндіріңіз. Есіктерді, терезелер мен вентиляциялық саңылауларды мықтап жабыңыз.

Сел кезінде не істеу керек?

Сел дауысын естігенде сайдың етегінен өрге қарай кем дегенде 50-100 м биіктікке көтерілген жөн. Селдің қарқынымен адам өміріне қауіп төндіретін үлкен тастар алыс жерлерге ұшуы мүмкін екендігін ескерген абзал.

Селден кейінгі іс әрекет

Селден жапа шеккендерге көмектесіп, сел жолындағы үйінділерді жинауға жәрдемдесіңіз. Егер сіз зардап шексеңіз - өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысыңыз. Жарақаттанған жерлерді сәл биіктеу ұстап. Оған мұз (суланған мата) басып, таңып байлаңыз. Кейін дәрігердің көмегіне жүгініңіз.  

Қар көшкіні– бұл таудың құламалы беткейлерінен құлайтын немесе сырғыйтын және секундына 20-30 метр жылдамдықпен қозғалатын қар жиыны. Көшкіннің түсуімен бірге көп бұзушылық әкелетін көшкіннің алдында болатын ауа толқыны болады. Ресейдің көшкін қаупі бар аймақтары: Кольск жартылай аралы, Орал, Солтүстік Кавказ, Шығыс және Батыс Сібір, Алыс Шығыс болып табылады. Қар көшкінінің түсу себебі ұзақ уақыт қардың жаууы, қардың қарқынды еруі, жер сілкінісі, жарылыстар және тағы басқа тау беткейлерінің қозғалуы мен ауа кеңістігінің толқуын тудыратын адамдардың әрекеті. Қар көшкіндері ғимараттарды, инженерлік имараттарды қиратуы мүмкін, қалың қармен жолдар мен тау соқпақ жолдарын алып қалуы мүмкін. Қар көшкініне тап болған адамдар жарақат алып, қалың қардың астында қалуы мүмкін.

Қауіпті аймақта тұрсаңыз қандай әрекет жасау керек?

Көшкін шығатын аудандардағы негізгі әрекет ережелерін сақтаңыз:

- тауға қар жауып тұрғанда және қолайсыз ауа-райында, тауда жүрсеңіз ауа райы өзгерістерін бақылаңыз; 

- тауға шығарда, жолыңыздағы немесе қыдыратын ауданыңызда көшкін түсуі мүмкін жерлерді біліңіз;

Көшкін түсуі мүмкін жерлерден алшақ жүріңіз. Олар көбінде 30 градусқа құлама беткейлерден, егер беткейде ағаш, бұталар болмаса, 20 градустық құламадан түседі. 45 градустық құламада көшкін әрбір қар жауған сайын құлайды.

Есіңізде болсын, көшкін түсу қаупі бар уақытта тауларда құтқару жасақтары құрылады.

Алдын-алу шаралары

Көшкін түсу қауіпті жағдайында көшкін қаупі бар жерлерде қардың жиналуына бақылау ұйымдастырылады, түзіліп келе жатқан қар көшкінін жасанды құлатады, көшкін түсу қаупі бар жерлерде қорғаныс имараттары салынады, құтқару құралдары дайындалып, құтқару жұмыстары жоспарланады. 

Есіңізде болсын, көшкін түсу ең қауіпті мерзімдер көктем мен жаз, таңертеңгі сағат 10-нан күн батқанға дейін.

Ернеудің үстінде жүргенде, олардан алшақ жүріңіз. Суретте ернеулердің құлауы мүмкін сызықтары көрсетілген. Беткейдің қырынан көрінісі. Томпақ беткейлер түзу немесе ойыс беткейлерден қауіптірек. Ең жоғарғы томпақ жері – көшкіннің жиі құлайтын жері. 

Егер сізге қар көшкіні құласа не істеу керек?

Аузыңыз бен мұрыныңызды қолғаппен, бөкебаймен, жеңмен жауып, көшкінмен келе жатып, қолыңызбен жүзу қимылымен көшкіннің бет жағында, шет жағына жылжып жылдамдығы аздау жерде болуға тырысыңыз. Көшкін тоқтаған уақытта бетіңіз бен кеудеңіз тұсынан ашық жер жасаңыз, бұл дем алуға көмектеседі. Егер мүмкіндік болса жоғары қарай жылжыңыз. Көшкін арасында жатып айғайламаңыз, себебі қар дауысты жібермейді, айғай мен бос қимылдар сізді күшіңізден, ауа мен жылудан айырады. Өзіңізге ие болыңыз, ұйықтауға жол бермеңіз, есіңізде болсын сізді іздеп жатыр (көшкін астынан бесінші, тіпті он үшінші күні адамдарды құтқарған оқиғалар белгілі) 

Көшкін түскеннен кейін не істеу керек 

Егер сіз көшкіннің түскен орнынан тыс жерде болсаңыз, болған оқиға туралы қалай да болсын жақын жердегі елді мекеннің әкімшілігіне хабарлаңыз да, адамдарды іздеуге, құтқаруға кірісіңіз. Қардың астынан шыққан соң өзіңіз немесе құтқарушылардың көмегімен денеңізді қарап шығыңыз және қажет болса өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз. Жақын елді мекенге жеткеннен кейін, жергілікті әкімшілікке болған жағдай туралы хабарлаңыз. Деніңіз сау деп ойлап тұрсаңыз да медпунктке немесе дәрігерге барыңыз. Ары қарай дәрігердің немесе құтқару жасағының нұсқауы бойынша жасаңыз. Туған туысқандарыңызға жағдайыңыз бен қайда екеніңізді хабарлаңыз.

Метереологиялық құбылыстар

Дауыл, боран, құйын
Қыс
Найзағай кезіндегі әрекет ету ережелері
Қысқы уақытта үсік шалудың алдын алу
Қатты ыстық

Су тасқыны

Су тасқыны- бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады.

Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.

- Егер сіздің аудан су тасқыны мен су басудан жиі зардап шегетін болса, онда су басу аймағының шекараларын, сондай-ақ биік жерлерді, өзіңіз тұратын жерге жақын орналасқан, сирек су басатын жерлерді, сондай-ақ сол жерлерге баратын төте қысқа жолды біліп және есте ұстаңыз, 

- Қайықтың, су салдарының және жүзу құралдарының дайындауға қолда бар материалдардың сақтау орындарын есте сақтаңыз. Эвакуация болған жағдайда бірінші кезекте өзіңізбен бірге алатын құжаттардың, мүлік пен дәрілердің тізімін алдын-ала жасаңыз. 

- Құндылықтарды, қажетті жылы киімдерді, артық тамақтарды, суды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді арнайы шамаданға немесе рюкзак қапшыққа салып қойыңыз. Қайық пен басқа да жүзу құралдарын дайындаңыз. Оларды су айдап әкетпес үшін, міндетті түрде байлап қойыңыз.

Су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алған кезде:

- суды, газды және электр тоғын өшіріңіз;

- жанып тұрған пешті сөндіріңіз;

- егер уақытыңыз жеткілікті болса үйдің жоғарғы қабатына (шатырға) құнды заттар мен мүліктерді, тұщы су қорын және ұзақ мерзімге сақтауға келетін консервіленген тағамдарды тасып шығарыңыз;

- ауылшаруашылық инвентарларын қауіпсіз орынға апарыңыз;

- өз үйіңізді апат соққысына дайындаңыз;

- бірінші қабаттағы барлық есік пен терезелерді жабыңыз, қажет болғанда және уақыт көтерсе терезелер сынбас үшін оларды тақтаймен немесе үйеңкі фанерасымен шегелеп тастаңыз;

- өзіңізбен бірге су өткізбейтін пакетте жеке құжаттар, ақша, бағалы заттар, медициналық қобдиша, мезгілге сай киім мен аяқ киім, жатын жаймалары мен дәретханаға қажеті заттарды сонымен қатар үш күндік тамақ (киімдер мен тамақты чемоданға немесе сөмкеге салған жөн) алыңыз; 

- қауіпсіз ауданға көшу үшін белгіленген уақытта эвакуациялық жинақтау пунктіне барыңыз.

Кенеттен су басса:

- үрейленбей, сабырлылық танытыңыз;

- тез арада жақын жердегі қауіпсіз, биік жерге шығуға тырысыңыз, сумен сонымен қатар қолда бар жүзу құралдарының көмегімен көшуге тырысыңыз; 

- егер бұл мүмкін емес болған жағдайда жоғарғы қабатқа немесе үйдің шатырына шығыңыз;

- су көтерілген жағдайда шатырға ал су тез көтерілген жағдайда – үй шатырының қырына шығу керек;

- балалар, ауру, әлсіз, жаураған адамдарды өзіңізге немесе шатырдың берік бөлігіне мысалы пеш құбырына байлаңыз;

- ағаштарға, бағандар мен сенімсіздік тударатын құрылыстарға шығуға болмайды. Олар су тасқынымен қозғалып, құлауы мүмкін;

- құтқарушылардың назарын аудару үшін үнемі апат дабылын беріп отырыңыз;

- күндізгі уақытта жоғары жерде ақ немесе түсті мата іліңіз, ал түнгі уақытта жарық дабылын беріңіз;

- құтқарушылар келгенге дейін жоғарғы қабатта және биік жерлерде қалыңыз;

- өз бетіңізбен көшіруді тек зардап шегушіге тез арада медициналық көмек көрсету қажет болғанда, тамақтың жоқтығынан, құтқарушылардың келуіне сенімсіздік туғанда немесе жай - күй нашарлағанда жүзеге асыруға болады;

- өз бетінше көшіруде жеке қайықтар мен катерлерді, бөренелер мен басқа да қолда бар құралдарды пайдаланыңыз.

Су қайтқаннан кейін:

- үй қирауы қауіпсіздігінің жоқтығына көз жеткізу үшін, үйді мұқият қарап шығу;

- ішкі бөлмелерді жарықтандыру үшін шырпыны немесе шамдарды қолданудан сақ болу (жарықтандыру үшін электрлі жарық түсіргіштер қолдануға болады); 

- үзілген немесе жалғанбаған электрлі сымдардан сақтану;

- есте ұстаңыз, мамандардың электр торабын тексергенге дейін электр құралдарын қосуға тыйым салынады; - қираған немесе нұқсан келген су құбырлары, газ және канализация магистральдары туралы тез арада коммуналды қызметтер мен ұйымдарға хабар беріңіз; 

- суда қалып қойған азық түлікті санитарлы-эпидемиологиялық қызметтің тексерісінсіз тамаққа қолдануға тыйым салынады;

- су басқан жерлердегі құдықтарды міндетті түрде дезинфекциялау қажет.

Қар басу

Қар құрсауы – бұл бұрқасын мен қар жаууы кезінде жергілікті жел жылдамдығы төмендеуі және қарлы жел ағынынан артық қардың түсуі нәтижесінде кедергінің желдің ық жағында пайда болатын қардың жиналуы.
Қар құрсауы қардың мол жаууы мен күшті бұрқасынның нәтижесінде пайда болады. Олардың салдарынан көлік магистральдарында қозғалыс тоқтауы, коммуналдық–энергетикалық қызметтердің және байланыс мекемелерінің жұмысы қиындауы мүмкін, қалалар мен елді мекендерде қалыпты өмір сүру бұзылады. Қар құрсауы көбінесе жылымықтың аязға ауысуы нәтижесінде мұз қатумен бірге болады, бұл байланыс желілерінің, электр беру, антенна құрылғыларының т.б. зақымдануына әкеп соғады.
Қазіргі уақытта автомобиль жолдарындағы қар құрсаулары пайда болған жағдайда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтері көлік құралдарының қозғалысын шектейді немесе тоқтатады, ол туралы халыққа хабар береді.
Осыған байланысты, жолға шығар алдында жаңалықтар порталы, веб-сайттар және арнайы ресурстар арқылы, ауа райы жағдайы мен жолдардағы көлік құралдарының қозғалысы туралы ақпаратпен танысу, оның ішінде СМС таратпаларына назар аудару ұсынылады.
Егер сіз автомобильмен жолда қар құрсауында қалған жағдайда:
қозғалтқышты радиатор жағынан жауып қойыңыз;
мүмкіндігінше автомобиль қозғалтқышын жел жағына қарай қою;
оқтын-оқтын автомобильдің маңайындағы қарды оның астында қалып қалмау үшін, күреп тұру;
кабинаға пайдаланылған газдардың кіруіне жол бермеңіз: пайдаланылған газ шығатын құбыр қармен толып қалмауын байқаңыз.
Егер сіздің автомобиліңіз жолда өшіп қалса:
үрейленбеңіз, ахуалды: бағдар, орналасқан жері, елді мекенге дейінгі қашықтық, тәуліктік уақытын бағалаңыз;
егер сіз күтемін деп шешсеңіз, онда ұйықтамауға тырысыңыз;
жүремін деп шешсеңіз трассаны, тас жолды ұстаныңыз, олар қар құрсауына азырақ ұшырайды және олардың жиегі бар сол арқылы бағдарлануға болады.
Көбінесе қар құрсауы пайда болуы кезеңінде ауа температурасы төмен болады.
Тәжірибе адамдардың аяқтары, қолдары және беті жиі және тез тоңатынын көрсетеді. Санаулы минуттарда қатты үсік шалуы мүмкін.
  Жағдай:  Жылыну:
 Жалаң қол қарға тисе  Тез арада саусақтарды қусырып, киімнің ішіне сұғу. Қол кеуіп және жылынғаннан кейін ғана қолғапты кию керек.
 Қолғапта қол тоңса  Бұлғау кейпіндегі қозғалыстар жасаңыз.  
қолыңызды жұдырық қылып түймеңіз.
Бұлғау арқылы жылынуға болмаса  Денеңізге жылтыңыз, мысалы киім ішіндегі жалаңаш ішіңізге.
 Аяқ тоңса Бұлғақтату арқылы жылыту.  Егер тоңған саусақтар сыздай бастаса, ауырғанға шыдап бұлғауды жалғастыру қажет.  
Бет тоңса Алдыға қарай қатты иіліп, біраз жер жүріңіз немесе 10-20  қатты еңкею керек. Үсіген жерді жұмсақ матамен (қармен болмайды, өйткені ол тоңазуды күшейтеді және теріге зақым келтіруі мүмкін) ысқылауға болады. Қатты желден бетті тығыз матадан дайындалған бетперде арқылы қорғауға болады. 
Әрбір автомобильде міндетті түрде шұғыл жағдайларда өмірді құтқаратын мынадай заттар болуы қажет-дәнекерлейтін лампа, арқан, доңғалақтарға арналған шынжыр. Қатты аязда немесе қардың түсуі кезінде бірнеше автомобильдер топтасуы қажет, сонда сынып қалған жағдайда лектегі басқа жүргізушілер көмекке келе алады. Сонда да боран немесе қатты аязда жолда шықсаңыз, машинаңыз өшіп, елді мекеннен алыста қалса немесе сіз білмейтін жер болса, онда машинада қалған дұрыс, телефон арқылы көмек шақыру немесе жолда басқа автомобиль өткенше күту керек.
Есте сақтаңыз, машинада ең аз болғанда қосалқы доңғалақты қосқанда бес дөңгелек бар, ол кез келген ауа райында жақсы жанады.
Сондай-ақ, автомобильдің салонын балауыз шамдар едәуір жылытады. Бұл жағдайда автомобильдің терезесін ашып қою керек, яғни жанып тұрған шам оттегінің көп бөлігін алады және тыныс алу қиындайды.

Терроризм қаупі

Терроризм актілерін жасау (жасалған) қауіп-қатерлері кезінде халықтың өзін-өзі ұстау қағидаттары

Ықтимал жағдайлар(сценарий)

Іс-әрекеттер

1.

Террористік актілерді жасау қауіп қатерін телефон арқылы алу
Хатшыға(диспетчерге,кезекшіге және с.с):
1) анонимнің талаптарын анықтап алу және қауіп-қатердің сипаттары туралы ақпарат алу, мұқият тыңдау және барлық талаптарды сөзбе-сөз жазып алу;
2) қандай да болмасын бір оңтайлы себеппен қоңырауды қайталауға оның көзін жеткізуге тырысу;
3) сөйлесу кезінде сөйлесудің фонограммасын жазып алу мүмкіншіліктерін қарастыру;
4) оқиға туралы құқық қорғау органдарына «112» телефоны арқылы хабарлау.

2.

 

 

 

 

 

 

 

 

Террористік актілерді жасау қауіп-қатерін жазбаша түрде алуда
1)хатты (жазбаша хат, дискет және т.б.) сақтауға және құқыққорғау органдарына шұғыл жеткізуге шара қабылдау;
2) мүмкіндігінше хатты (жазбаша хат, дискет және т.б.) полиэтиленді пакетке салу;
3) құжатта өз саусақтарының ізін қалдырмауға тырысу;
4) бәрін сақтау: құжаттың өзін, конвертті, қаптаманы, кез-келген салымдарды. Ештеңені лақтырмау;
5) хатты (жазбаша хатты және т.б.) алу немесе тауып алу белгілерін есте сақтау.

3.

Жарылғыш қаупі бар затты тауып алу
Табылған заттың жарылғыш қаупі болуы мүмкіндігін куәландыратын белгілер:
1)белгісіз түйіншектің немесе қандайда бір заттың машинада, сатыда, пәтерле және т.б. болуы;
2)тартылған сым, бау,қорек көздері немесе машинаның астынан шығып тұрғаноқшаулау лентасы;
3)бөтен сөмке, портфель,қорап,қандай да бір зат;машинада, пәтер есігінің алдында, кіре берісте табылған заттардың өзгеше жатуы;
4)табылған күдікті заттан шыққан шулар(сағат механизмдеріне тән дыбыс,төмен жиілікті шулар).
Заттың сыртқы түрі оның нағыз мақсатын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттарға арналған камуфляж ретінде кәдімгі тұрмыстық заттар қолданылады: сөмкелер, пакеттер, түйіншектер, қораптар, ойыншықтар және т.б.
Егер күдікті зат табылса, бұл фактіні назардан тыс қалдырмау керек:
- көршілеріңізден сұраңыз, мүмкін, ол солардікі болар. Егер иесі анықталмаса – шұғыл түрде табылған зат туралы ІІМ, ҰҚК органдарына хабарлаңыз.
Қатаң тыйым салындаы:
- таыблған затты қозғауға, ашуға және жылжытуға;
- оған жақын жерде мүмкіндігінше радио- және электроаппараттарын, ұялы телефондарды пайдаланбаңыз.

4.

Террористік актілерді жасау қаупіне байланысты эвакуация туралы ақпарат алу
Егер эвакуацияның басталғандығы туралы ақпарат Сізге үйіңізде жетсе:
1)ауа-райына сай киініңіз,құжаттарыңызды, ақшаңызды,бағалы заттарыңызды алыңыз;
2)электр тоғын, газды, суды, пештегі (каминдегі) отты сөндіріңіз;
3)эвакуация кезінде қарт және ауыр науқасты адамдарға көмек көрсетіңіз;
5)ғимараттан алыстап, эвакуатордың командасын орындаңыз,кетіп қалған тұрғын-жайға жауапты тұлғалардың рұқсатынан кейін ғана оралыңыз.

5.

Жарылғыш заттың жұмыс істеуі нәтижесінде жарылу аумағында немесе ғимарат конструкциясы сынықтарының астында болу

 

Егер Сіз жарылыс аумағында,ақыл-есіңізде және қозғалысқа қабілетті болсаңыз,онда бірінші кезекте түтін мен от жоқ жерге баруыңыз немесе өрмелеуіңіз керек.
Егер Сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал жаныңызда зардап шеккендер болса, олардың жағдайын бағалаңыз: пульсі бар ма, адам ақыл-есінде ме.Нашатырь көмегімен оның есін жинатуға әрекет етуге тыйым салынады. Есінен айырылу – бұл ағзаның сыртқы әсерге қорғаныс реакциясы. Егер зардап шеккеннің сүйектері бүтін болса (оның сүйектерін мұқият ұстап сөріңіз), оны қырынан жатқызыңыз. Арқасынан жатқан күйінде ол құсық массасына қақалып, етбетінен жатқанда – тұншығып қалуы мүмкін. Артериалдық қан кеткенде (қан ал қызыл, бұрқақатап аққанда) жараны ең болмаса саусақпен тез арада бітеу керек, содан кейін ременьмен, жіппен, белдікпен жарадан жоғары байлау керек.
Егер Сіз ғимарат конструкциясы сынықтарының астында болсаңызрухыңызды түсірмеңіз. Тынышталыңыз. Терең және бір қалыпты демалыңыз. Құтқарушылар Сізді құтқарады деп ойлаңыз.Дауыспен және тарсылмен адамдардың назарын аудартыңыз.
Егер Сіз тереңде ғимарат сынықтарының астында болсаңыз, сізді эхопеленгатормен табу үшін кез-келген металл затын оңға-солға жылжыта беріңіз (сақина, кілттер және т.б.).
Егер сіздің маңайыңыздағы кеңістік бостау болса, оталғышты жақпаңы. Оттегін сақтаңыз.
Жаңа құлауды шақырмас үшін сырттан келетін ауаның қозғалысы бойынша байқап қозғалыңыз. Егер Сізде мүмкіндік болса, қоластындағы заттардың көмегімен (тақтайша, кірпіш және т.б.) төбені бекітіп, көмек күтіңіз. Қатты сусаған болсаңыз, аузыңызға тас салыңыз да оны мұрынмен демалып сорыңыз.

6.

Кепілгерлікке алу
Егер Сіз кепілгер болсаңыз:
1) ықтимал қатаң сынаққа жан-дүниеңізбен, моральды, эмоциялық жағынан дайындалыңыз. Сонымен қатар, адамдарды кепілгерлікке алған көпшілік жағдайларда кепілгерлер тірі қалған.
Құқық қорғау органдарының Сізді босату үшін кәсіби шаралар қабылдап жатқандығына сеніңіз;
2) егер қашудың сәтті болатындығына сенбесеңіз, қашуға әрекеттенбеңіз;
3) террористер туралы ақпаратты барынша көбірек есте сақтауға, түрлі белгілер бойынша өзіңізді ұстап (қамап) отырған жерді анықтауға тырысыңыз;
4) мүмкіндігінше терезеден, есіктен және ұрлаушылардың өздерінен алысырақ орнығыңыз, яғни егер құқық қорғау органдары белсенді шаралар жасауға шешім қабылдаған жағдайда барынша қауіпсіз жерге (тұрғын жайды штурмдау, мергендердің қылмыскерлерді оқ астына алуы және т.б.);
5) ғимаратты штурмдаған жағдайда қолын артына салып, еденге бетімен жату керек.
Ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:
 
1) агрессиялық қарсылау көрсетпеңіз, жылдам және қауіпті қозғалыс жасамаңыз, террористерді ойланбаған қозғалысқа итермелемеңіз;
2) мүмкіндігінше ұрлаушылармен тіке көз түсістіруден аулақ болыңыз;
3) ең басынан бастап (әсіресе алғашқы жарты сағатта) ұрлаушылардың барлық бұйрықтар мен нұсқауларын орындаңыз;
4) өзіңізді сабырлы да салиқалы ұстаңыз. Қарсылық көрсетпеңіз, бірақ орынды қажеттілігіңізді сұраудан қорықпаңыз;
5) Қатты стерстік жағдайда сыр беруі мүмкін денсаулығыңызда ақаулық болған жағдайда, бұл туралы сабырлы қалыпта ұрлаушыларға айтыңыз. Ақырындап, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жайлылығыңызды арттыратын өтініштеріңізді арттыруға болады.
 
Қазақстан Республикасы ҰҚК ТҚО Штабы
 

ҚӘТУЗ шығару

Күшті әсер ететін улы заттар және химиялық қауіпті объектілерде апат болған жағдайдағы халықтың әрекеттері
Күшті әсер ететін улы заттар химиялық, мұнай өңдейтін, мұнай-химиялық, тағамдық, ет-сүттік, тоқымалық, қағаздық және т.б. кәсіпорындарда ақырғы немесе қосымша өнім болып табылады.
Қазіргі таңда адам өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында мыңдаған түрлі химиялық қосылыстарды пайдаланады. Әр жыл сайын бұл сан 200-1000 жаңа заттарға арттады.
Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылықта және тұрмыста қолданылатын химиялық заттардың әр түрлілігі ұдайы өсіп келеді. Мұның барлығы төтенше жағдайлардың жиі болып тұруына әкеп соғады. Бұл – жарылыстар, өрттер, опырулар, темір жолдағы, автомобильді және авиациялық оқиғалар, түрлі химиялық заттардың атқылаулары мен тасқындары химиялық қауіпті апаттардың болуына әкеледі.
Күшті әсер ететін улы заттар-бұл химиялық заттар, физико-химиялық кешенге, улағыштарға және т.б. қасиеттерге ие. Ол адамның түрлі табиғатта болатын төтенше жағдайлардағы жаппай тигізулеріне себеп болады (табиғи, техникалық, биолого-әлеуметтік және әскери).
Химиялық зат- өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында қолданылады, атқылаулар мен тасқындар болғанда ауаның тандыратын концентрацияларымен жұғуына әкеп соғады.
Химиялық заттардың адамға тигізетін қатері: олардың салыстырма аз ғана сандарда организмге дем мүшелері арқылы өтіп, адам ағзасының нормальды тіршілік әрекеті бұзылады, түрлі ауырғыш күйлер пайда болады, ал айқын шарттарда – ажалды нәтиже (өлім). Адам жұғу қайнарының жанында болса, онда ол тері жамылғылар арқылы жұқтырып алуы мүмкін.
Химиялық қауіпті объектілердегі апат болған жағдайда адам терісіне негізгі әсер етуші факторлар: күшті әсер ететін улы заттардың таңдандыратын концентрацияның ауада болуы, заттардың сұйық фазасы мен өрттер жанындағы жылы сәулелену.
Егер қатты әсер ететін улы заттардың апаттық атқылаулар кезінде химиялық жұғу ошағы пайда болып, елді мекендерге қауіп төндіретін болса, онда ол жаппай жұғуға әкеп соғады. Мұндағы басты фактор – ол атмосфераның жерлік қабатының химиялық жұғуы. Сонымен қатар бұлақтардың, топырақтың, өсімдіктердің және т.б. жұғуына әкеледі.
Химиялық жұғу ошағы өзіне улы өнім төгілген жер саласын және де химиялық жұғу қайнарын қосады. Химиялық қауіпті объектінің айналымына улы заттардың ауытқуларын химиялық жұғуына байланысты 3 аймаққа бөлуге болады.
Химиялық жұғулар аймағы-аумақ, оның шектерінде қауіпті химиялық заттар таралған, адам өміріне мен денсаулығына, мал-шаруашылығына және өсімдіктерге қауіп төндіреді.
Бірінші аумақ – күшті әсер ететін улы заттардың концентрациясы жоғары болғандықтан ең қауіпті. Ол жұғу ошағынан 250 м тарала алады.
Екінші аумақ – кемірек қауіпті, күшті әсер ететін улы заттардың концентрациясы 2-3 азырақ болады. Сұйық фаза мен өрттің пайда болуы күмәнді. Жұғу ошағынан 250-ден 1000 м-ге дейін тарала алады.
Үшінші аумақ – күшті әсер ететін улы заттардың концентрациясы 4-5 азырақ болады. Бұл аумақ жұғу ошағынан 1000 м-ден жоғары алыстанады.
Меңгермейтін атқылаулар ең қауіпті апат болып табылады. Олар жарылулардың, өрттердің немесе транспорттық сыйымдылықтардың және құбырлардың бұзылуы кезінде пайда болады.
Осындай апаттар болғанда улы өнімдер атмосфераға бу, газ, аэрозоль түрінде жұғылған ауа бұлтын құрастырады, ол үлкен қашықтықтарға тарала алады.
Күшті әсер ететін улы заттардың атқылаулары кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Химиялық қауіпті объектілерде апат болған жағдайда халыққа гудоктармен, сигналдармен және т.б. сигналдық құралдармен хабарлаулар жіберіледі. «Назар аударыңыз!» осыны естігенде адам лезде радио және теледидар қабылдағышын қосып, қандай апат болғанын және қандай әрекеттер істеу керектігін тыңдап алу керек.
Химиялық объектіде апат болған жағдайдағы хабарлау үлгісі:
Назар! Төтенше жағдайлар Департаменті сөйлейді (облыстың, қаланың). Азаматтар! Химиялық объектіде хлор алып тастауымен апат болды. Жұқтырған ауа бұлты келесі аудандардың бағытында таралады .... Химиялық тигізу аймағына келесі көшелер толық тиеді ..... Аудан елді мекендерден ..... тез арада бұл жерлерден кету.
Содан кейін төтенше жағдайлар Департаментінің нұсқаулары бойынша әрекет жасау. Апат зардаптарын жоюынан кейін тұрақ орындарына қайта оралуға рұқсат етіледі.
Апат туралы ақпарат естігенде, химиялық жұғу болған жерден жел бағытының перпендикуляр бағытта шығу керек.
Эвакуация кезінде транспорттың қай уақытта және қайда болуын анықтап біліңіз. Белгіленген уақытты біліп, кешікпеңіз және де ерте келмеңіз. Көршілеріңізге жол жүретіндігіңіз туралы айтыңыз.
Егер дара қорғаныш құралдары, баспаналар жоқ болса, онда орналастыруда қалыңыз. Радионы қосып, төтенше жағдайлар Департаментінің немесе жергілікті атқару органдардың хабарлауларын күтіңіздер. Орналастырудың герметизациясын істеңіздер. Пәтер-үйдің сенімді герметизациясы күшті әсер ететін улы заттардың өтуіне мүмкіндік бермейді.
Күшті әсер ететін улы заттардың атқылаулары болғанда қандай әрекет істеу керек:
Дем мүшелері мен терінің қорғаныш құралдарын кию;
Терезелер мен фортачкаларды жабу;
Электр аспаптарды сөндіріп тастау (жылытқыштар және т.б.)
Газды өшіріп тастау;
Құжаттарды алу;
Бағалы заттарды және маусымға байланысты киімдерді мен тамақ алу;
Көршілерге хабарлау;
Жылдам, үрейсіз ғимараттан шығу және апат ауданын тастау.
Жұқтырған жерлердің жанында өтіп бара жатқанда келесі ережелерді сақтаңыз:
· Жылдам қозғалыңыз, бірақ шаңдатпаңыз;
· Ғимараттарға сүйенбеңіздер және қоршаған заттарға тиіспеңіз;
· Сұйықтық тамшылары немесе белгісіз заттардың ұнтақтарын баспаңыз;
· Дара қорғағыш құралдарды шешпеңіз;
· Күшті әсер ететін улы заттарды өзіңіздің киіміңізде көрсеңіз, тез арада сумен жақсылап жуып алыңыз;
· Жапа шеккендерге, қарттар мен балаларға көмектесіңіз;
· Тамақ, су ішпеңіз.
Химиялық қауіпті объектілерде апаттың кенеттігі мен
жұқтырған ауа бұлтының жылдам тарауынан тез арада халықты қорғау мақсатында шұғыл шара қолдану керек.
Егер улы заттармен улану болса, онда міндетті түрде асқазанды
жуу керек. Асқазан жуу үшін 12-15 л су қажет (18-20 С) 300-500 мл өлшемімен. Асқазанды жуып болған соң 100-150 мл өлшемімен 30 % сульфат ерітіндісін ендіреді немесе вазелин майын іш жүргізетін дәрі түрінде ішеді. Сонымен қатар активтендірілген көмірді умен ішу керек (ботқа тәрізді ас қасығымен, асқазанды жумағанға дейін және жуғаннан кейін ішу керек).
Күшті әсерлі улы заттардан халықты қорғау үшін негізгі тәсілдер:
Дара дем қорғағыш құралдарды пайдалану;
Қорғау салуларын пайдалану (химиялық қауіпті объектіде
жұмысшыларға);
Халықтың өндірісті ғимараттарда уақытша тұруы;
Халықты мүмкін болатын жұғу аймақтардан эвакуациялау.
Дара дем қорғағыш құралдарды пайдалану – противогаздар, респираторлар, өзін-өзі құтқарушылар халықты қорғайтын ең нәтижелі тәсіл болып табылады.
Ғимараттардың ішінде болған адамдарды күшті әсерлі улы заттардан қорғау үшін тұрмыста және қол астындағы құралдарды пайдаланып, қосымша герметизация істеу керек.
Орналастырулардың герметизациясын осылай істеу керек:
· Кіретін есіктерді, терезелерді жабу (біріншіден жел соғатын жердің есігін мен терезесін);
· Дымқыл материалмен есіктерді нығыздау (ылғал көрпемен);
· Терезе ойықтарын желімдеп тастау (бұласырмен), қағазбен немесе қол астындағы материалдармен нығыздау (мақтамен, поролонмен, жұмсақ баумен).
Төтенше жағдайдағы үйді күшті әсер ететін улы заттардан
қорғау үшін оны тығындап, желімдептастау керек.
Күшті әсер ететін улы заттардың концентрациясы көп қабатты
үйлерде әр қабатта әр түрлі болады. Одан сақтану үшін жоғары қабаттарғабару керек. Ал жазда уланған ауа керісінше жоғары қабаттарда болады.
Халықты эвакуациялау – химиялық қауіпті жағдайды болжау
негізінде арнайы комиссия ұйымдастырылады. Оны автомобильдік көлік пайдаланумен немесе жаяу ретпен өткізе алады. Метеорологиялық шарттарға, жер ерекшеліктеріне және т.б. факторларға байланысты сапар желілерін таңдайды. Егер эвакуацияны жұқпалы бұлт келмегенше істейтін болса, онда ол халық қорғаудағы ең нәтижелі тәсіл болып табылады.
Азаматтық қорғаныс департаменті
Қатты әсерін тигізетін улы заттар

Су және мұз

Суға түсу ережелері
Презентацияны көшіріп алу (723 КБ)
 
«Мұздағы жүріс-тұрыс қағидасы»
Мыңдаған балалар қыстың басталуын және өзендер, көлдер мен басқа да су айдындарында мұздың қатуын тағатсыз күтеді. Олардың ең төзімсіздері өзінің өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіре отырып, қатпаған мұзға барады және біз бүгін мұзда болған кезде қауіпті қалай азайту туралы айтамыз.Сонымен, мұзда өзіңізді сенімді сезіну және қолайсыз жағдайларға тап болмау үшін мұздағы жүріс-тұрыс қағидасын, апатқа ұшырағандарға көмек көрсету жөніндегі шараларды білу және оларды дұрыс қолдана білу қажет.
 
ҚАУІПТІ МҰЗ!
Айнадай жылтыраған мұз айдында немесе су айдынның тік жарынан шаңғымен сырғанаған қандай тамаша! Бірақ мұндай сырғанақ қауіпті болуы мүмкін, әсіресе сол жер белгіленбеген немесе зерттелмеген болса. Өйткені қар астындағы мұз, ашық жердегі мұзға қарағанда, өте жұқа болады, сонымен қатар мұзда жылымдар мен ойықтар болады. Бұл жағдай қайғылы оқиғаларға әкеліп соғуы мүмкін.
Егер де Сіз біреудің апатқа ұшырағанын көрсеңіз, 112 телефон арқылы құтқару қызметін шақыртып, зардап шеккенге көмек көрсетіңіз. Көмек көрсете отырып, келесі ережелерді сақтаңыз:
- мұз сынған жерге еңбектеп жақындаңыз, өйткені өзіңіз мұз астына түсіп кетуіңіз мүмкін;
- құтқарған уақытта жақын жерде жатқан тақтайша, бұтақша, шаңғы, шана немесе басқа затты пайдалану керек. Осы заттардың біреуін алдыңызға салып, еңбектеп барып, мұз сынған жерге 3-4 метрге дейін жетпей, зардап шеккен адамға созыңыз. Содан кейін оны судан тартып, жағаға немесе мықты мұздың үстіне шығарыңыз;
- мұз астына түсіп кетсеңіз, дереу көмекке шақырыңыз. Көмек келгенше дейін тыныштық сақтаңыз, абыржып, суда тырбаңдамаңыз. Кеудеңізбен мұз шетіне сүйеніп, жағаға қарай немесе қауіпсіз жерге қарай жылжып көріңіз.
Көктемде мұз өте қауіпті!
Көктемгі су тасқыны мезгілі жақындап келеді. Өзендерде мұздың беті күннің қызуымен, асты еріген сулармен жұқара бастайды. Бұл уақытта мұзда жүру өте қауіпті, кез келген уақытта мұз жарылып, суға батып кетуіңіз мүмкін.
Төтенше жағдайдың талдауы көрсеткендей, соңғы үш жылда біздің облысымызда мұз жарылып суға кету бойынша 4 қайғылы жағдай тіркелген. Соның салдарынан 3 адам қаза болды. Өкініштісі, олардың арасында балалардың да болуы, яғни олар ата-аналардың қарауынсыз қалу себебінен болып отыр. Балалар қауіпсіздік ережесіне мән бере қоймай жағалаудан сырғанап немесе мұз үстінде сырғанақ теуіп ойнайды. Бұл жағдайлар кейін қайғылы аяқталуы мүмкін.
Көктем мезгілінің кіруімен су айдындарында адам өліміне жол бермеу мақсатында ТЖ департаменті ескертеді:
Ата-аналар және мұғалімдер: Балаларды әсіресе сең жүру уақытында мұз айдынына қараусыз жібермеңіздер; өзен және көлдерде мұздың еру кезі қауіпті екенін ескертіңіз. Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңдер, олардың мұзда ойнауына тыйым салыңдар. Жарылған мұз, салқын су, қатты ағыс адам өміріне қауіп төндіреді. Естеріңізде болсын, су тасқыны кезінде, қайғылы жағдайлар көбіне көп баларлармен болады.
 
Көктемгі су тасқыны және сең жүру кезінде ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
  • мұз айдынына шығуға;
  • сең жүру кезінде өзеннің арғы бетіне өтуге;
  • өзендегі мұздың кептелісіне жақын жүруге;
  • жағалауды су шаю қаупі бар тік жарларға жақын тұруға;
  • кішкене көпірлерде, бөгеттерде және тоғандарда жиналуға;
  • мұз кептелісіне жақын тұруға, мұздарды жағалаудан итеруге;
  • өзеннің немесе кез келген су қоймасының тереңдігін өлшеуге;
  • мұз үстінде жүруге және сырғанауға.
Естеріңізде болсын:
  • көктемде мұз морт сынғыш;
  • мұздың ыдырау үрдісі әсіресе жағалауда тез жүреді;
  • қармен жабылған, көктемгі мұз ауыр салмақты көтермейді.
  • көктемде балалар ойнайтын жерлерге бақылауды күшейті қажет.
Мұқият және сақ болыңыздар, себебі көктемгі мұз өте қауіпті!
БҚО ТЖД ТЖ алдын алу
Мәліметтер:
Суға кету кезінде көрсетілетін шұғыл медициналық көмек