Төтенше жағдайлар комитеті

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 C-5 санаты бойынша: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

            мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

 

            жұмыс тәжірибесі талап етiлмейдi.

- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.

 Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
C-5 104058 140691

                                  Қазақстан Республикасы Ішкі  істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, 2 кіреберіс, пошта мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, 2 кіреберіс, анықтама телефоны: 8(7172) 60-21-29, факс: 8(7172) 60-21-29, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

 

1. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының сарапшысы (27.12.2020 ж. дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне), C-5 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Комитет қызметіне қатысты заңдар, қаулылар және басқа нормативтік құқықтық актілердің жобаларын редакциялық сараптау; мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша Комитеттің аумақтық органдарымен және басқа ведомстволық бағынысты ұйымдарымен өзара іс-қимылды қолдау, Комитеттің орталық аппаратында, аумақтық органдарында мемлекеттік тілдің қолданылуы бойынша іс-шараларды өткізуге қатысу, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, журналистика, халықаралық құқық, есеп және аудит, саясаттану, экономика, бастапқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі, құқықтану, филология, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, аударма іс, әлеуметтану, қоғамдық байланыс, электр энергетикасы, шет тілі: екі шет тілдер, лингвистика, халықаралық журналистика, мемлекеттік және жергілікті басқару

 

2. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Қаржымен қамтамасыз ету  басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша үшжылдық кезеңге негіздемелері мен есептері бар бюджеттік өтінімдерді, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) құрама паспорттарын, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге құрама өтінімдерді, құрама және егжей-тегжейлі қаржыландыру жоспарларын, инвестициялық жобалар бойынша ай сайынғы есептерді жасау; қаржы мәселесі саласындағы заңнамалық актілерді, нормативтік құжаттарды, нұсқаулықтарды, қағидаларды қолдану бойынша әдіснамалық нұсқаулықты жүзеге асыру; бюджет заңнамасы саласында нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу; әскери қызметшілерді, азаматтық қорғау қызметкерлерін және т.б. зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды енгізу; Үкімет резервінен қаражат бөлу және мемлекеттік органдармен келісу бойынша жұмысқа қатысу; Басқарма құзыретіне кіретін хаттарды заңнамамен белгіленген тәртіппен қарау, берілген сенімхаттарды, негізгі құралдарды тапсыруға жөнелтпе құжаттар мен хабарламаларды тіркеуді есепке алу бойынша журналдарды жүргізу және берілген сенімхаттарды уақытында жабуды бақылау; Комитет аппаратының активтерін, материалдық қорларын, ақшасын, есептер мен басқа теңгерім баптарын түгендеуді жүргізу; жоғары тұрған ұйымға дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша есептер жиынтығын, талдау деректерін жинау, өңдеу, есептеу және ұсыну; бастапқы құжаттарды өңдеу; Басқарма басшылығы айқындайтын өзге өкілеттіліктерді жүзеге асыру; ведомстволық бағынысты мекемелердің Басқарма құзыретіне кіретін хаттарын, арыздары мен өтініштерін заңнамамен белгіленген тәртіппен қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: қаржы, есеп және аудит, экономика, әлемдік экономика

 

3. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Ақпараттық-аналитикалық басқармасының сарапшысы, C-5 (2 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасында Мемлекеттік даму жүйесінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму бағдарламаларының негізгі құжаттарына, сондай-ақ оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларына қосу үшін Азаматтық қорғау саласындағы іс-шараларды әзірлеу жөнінде ұсыныстарды енгізу; Азаматтық қорғау саласындағы отандық және шетелдік кешенді аналитикалық зерттеулердің оң тәжірибелерін практикаға енгізу; Азаматтық қорғау саласындағы қызметтің бағыттары бойынша жалпы дерекқорды толтырудың үйлестіруін және бақылауын жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: қаржы, статистика, халықаралық қатынастар, халықаралық құқық, есеп және аудит, экономика, автоматоматтандыру және басқару, құқықтану, информатика, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, география, экология, гидрология, ақпараттық жүйелер, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, ғарыш техникасы және технологиялары

 

4. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Тылдық қамтамасыз ету  басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер номенклатурасы бойынша жиынтық жоспарды, жүргізілген мемлекеттік сатып алу бойынша ай сайынғы есепті құру, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу нақтылау үшін жедел деректерді, хаттамаларды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, шарттар жасасу және шарттар тізілімін жүргізу, олардың орындалуына мониторинг, әлеуетті өнім берушілермен хат алмасу, мемлекеттік сатып алуды өткізу нәтижелері туралы есептерді құру; өткізілген мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша шарт міндеттемелерін орындау мониторингі жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру; материалдық құралдарды есепке алу және олардыңм сақталуын қамтамасыз ету;  ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің заттай мүшліпен, ЖЖМ жарақтануын есепке алуды бақылау, мемлекеттік сатып алуды Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу  веб-порталы арқылы ұйымдастыру және өткізу; нормативтік құқықтық актілерді келісу және бекіту және оларды қолдану бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: қаржы, халықаралық құқық, есеп және аудит, экономика, құқықтану, радиотехника, электорника және телекоммуникациялар, мемлекеттік және жергілікті басқару

 

5. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Заң басқармасының сарапшысы (23.11.2020 ж. дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне), C-5 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Комитет қабылдайтын құқықтық актілерге олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің шешімдеріне сәйкестігіне құқықтық сараптаманы жүргізу; мемлекеттік басқарудың жоғары органдарында, министрліктер мен ведомстволарында Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары, жарлықтары, Үкімет қаулылары жобаларының өтуін құқықтық сүйемелдеу; Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне сәйкес, сондай-ақ тиісті өкімдер мен тапсырмалар негізінде Комитет құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілер жобаларын әзірлеу; Комитет қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде Қазақстан Республикасының соттарында, сондай-ақ басқа ұйымдарда Министрліктің мүдделерін белгіленген тәртіппен білдіру және оларға қатысу; заңнамада көзделген негіздемелер болған жағдайда Комитет пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану бойынша шараларды уақтылы қабылдау; Комитет аппаратының қызметін құқықтық сүйемелдеу; Комитет құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер әзірлеу; шарттарды олардың заңнама талаптарына сәйкестігіне қарау, міндеттемелерді орындамау және тиісті түрде орындамау кезінде экономикалық ықпал ету шараларын қолдану.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: халықаралық құқық, құқықтану, құқық қорғау қызмет

 

6. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Комитет қызметіне қатысты заңдар, қаулылар және басқа нормативтік құқықтық актілердің жобаларын редакциялық сараптау; мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша Комитеттің аумақтық органдарымен және басқа ведомстволық бағынысты ұйымдарымен өзара іс-қимылды қолдау, Комитеттің орталық аппаратында, аумақтық органдарында мемлекеттік тілдің қолданылуы бойынша іс-шараларды өткізуге қатысу, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе  жоғары оқу орнынан кейінгі білім: қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, журналистика, халықаралық құқық, есеп және аудит, саясаттану, экономика, бастапқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі, құқықтану, филология, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, аударма іс, әлеуметтану, қоғамдық байланыс, электр энергетикасы, шет тілі: екі шет тілдер, лингвистика, халықаралық журналистика, мемлекеттік және жергілікті басқару

 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3)бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4)еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6)Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 ЖҰМЫС КҮНІ, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

 

Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

 

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, C-R-1 санаттары үшін:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (145 сұрақ) кем дегенде 102 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 115 минутті құрайды.

 

B-5, B-6, C-4, C-5, C-O-4 санаттары үшін:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 78 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz


 

 

 

 

 

___________________________________
(мемлекеттік орган)

   

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________

 

 

__________   ____________________________________
(қолы)                                                           (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

 

 

«____»_______________ 20__ ж.

 


«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА

НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/
Дата и место рождения
 
2. Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
 
3. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 
4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
5. Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
 
6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
 
7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
 
8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)  
9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
 
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения
 
     
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
_______________
күні/дата