Қазақстан  жалпы ұзындығы 15 мың шақырымнан астам, оның 6 мыңы қос жолды және 5 мың шақырымы электрленген тармақталған темір жолға ие. Жалпы жүк айналымының  68% астамы және жолаушы айналымының 57% көбісі темір жолдардың үлесіне тиесілі. Теміржол саласында 125 мың адам жұмыс істейді.
Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің деректері бойынша 2012-2014 жылдарда темір жолда 107 авария мен оқиғалар тіркелген. Теміржол көлігіндегі осы авариялар мен оқиғаларды жылдар мен себептері бойынша бөлу № 1 кестеде көрсетілген.
№1 кесте
Авариялар мен оқиғалар себептерінің атауы 2012 2013 2014
1.                  пойыз вагондарының теміржол төсемдерінен шығып қалуымен 12 11 8
2.                  азаматтарды теміржол төсемінен өту кезінде баспы кету 22 17 16
3.                  автомашинаның пойызбен соқтығысу салдарынан 6 2 1
4.                  теміржол көлігінің техникалық ақаулығы себебінен 2 2 -
5.                  пойыздардың соқтығысу салдарынан - 3 -
6.                  темір жол объектілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде - - 1
7.                  Барлығы 42 35 27
Осы авариялар мен оқиғаларда 133 адам зардап шеккен, оның 66 қаза болған. Жылдарға бөлу №2 кестеде көрсетілген.
№2 кесте
Кезең Зардап шеккендері Қаза болғандары
1. 2012 34 32
2. 2013 30 18
3. 2014 жылдың 8 айы 69 16
  Барлығы 133 66
Соңғы 3 жылда ауыр авариялар мен оқиғалардың себептерін талдау мынаны көрсетті:
Теміржол төсемінен пойыз вагондарының шығып қалуымен – 31 авария болған салдарынан 46 адам зардап шеккен.
Темір жолдан өткен азаматтарды басып кеткен – 55 оқиға болған.
Автомашиналардың (тракторлардың)  пойызбен соқтығысу салдарынан   9 авария болды, онда  16 адам зардап шекті, соның ішінде  12 қаза болды.
 Қазақстан теміржолының көп бөлігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ) басқаруында, қалған бөлігі  РТЖ  Оңтүстік Орал темір жол басқаруында.      
Теміржол жолдарында өтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мына: 
«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен
Үкіметтің мына қаулыларымен: 
«Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі № 825 қаулысымен;
«Магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы №1249 қаулысымен;
Темiр жол көлiгiнiң қауiптiлiгі жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлердi орналастыру, оларда жұмыс жүргізу, темiр жолдар арқылы жүру және өту ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы№ 1248 қаулысымен;
«Қозғалыс дабылының, бөгеуінің, байланысының және оны ақпараттандырудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 шілдедегі № 769 қаулысымен;
«Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 ақпандағы № 87 қаулысымен;
Уәкілетті органның (Көлік және коммуникация министрлігінің) бұйрықтарымен:
«Кірме жолдармен жүру қауiпсiздiгі талаптарының сақталуын тексеру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың багажды, жүктер мен жүк-багажды тиеу, түсіру (босату) жөніндегі қызметті жүзеге асыруы кезінде тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторының қатысу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 721 бұйрығымен реттеледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 18 қазанда № 8825 тіркелді.
 Тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін   «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да және оның еншілес ұйымдарында басшылыққа алатын мынадай құжаттар әзірленді:
1) «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқармасының 2014 жылғы 24 ақпандағы  (№ 02/4хаттама) шешімімен бекітілген «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та  және оның еншілес ұйымдарында тасымалдау процесінің қауіпсіздігін басқару жүйесі бойынша  басшылық  алу құжаты; 
2) «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің 2009 жылғы 20 тамыздағы №522-Ц  бұйрығымен бекітілген «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та  авария мен  жылжымалы құрамның рельстен шығуына әкеп соққан пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін бұзу салдарын жою  кезінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру қағидалары;  
3) «ҚТЖ» ҰК» АҚ  вице-президентінің  2011 жылғы 12 мамырдағы №413-ЦЗ  бұйрығымен бекітілген Авариялық және стандартқа сай келмейтін жағдайлар салдарын жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары.  
«ҚТЖ» ҰК» АҚ тәуекелдерді, оның ішінде төтенше жағдайларды басқару    «Жинақталған модель» (2004) - тәуекелдерді корпоративтік басқару»  COSO моделіне сәйкес жүзеге асырылады. Компанияның Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 28 маырдағы №6 хаттама шешімімен бекітілген «ҚТЖ» ҰК» АҚ тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау қағидаларына сәйкес тәуекелдерді сәйкестендіруді және бағалауды жүргізу тәртібі, рәсімі, әдістемесі, сондай-ақ ағымдағы тәуекелдерді бақылау және Компаниядағы тәуекелдерді басқару әдістерінің тиімділік мониторингі жүзеге асырылады. 
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-та көмірсутегі шикізатын тасымалдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің    2011 жылғы  21 маусымдағы № 682 қаулысымен бекітілген Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.  
Тасымалданатын жүктер мен штаттан тыс жағдайларды жою үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ  тұрақты әзірлікте  47 өрт сөндіру және 34 қалпына келтіру пойыз ұстайды, азаматтық қорғаныстың жалпы саны  4410 адам есебінде 753 құралымы құрылды. 
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Азаматтық қорғаныс құралымдары күштері мен құралдарының жедел ден қою мақсатында филиалдар бойынша   266 оқу-жаттығу    (командалық-штабтық, арнайы-тактикалық, кешенді) және  433 машықтану  (объектілік, сейсмикалық машықтанулар, авариялық жағдайлар бойынша) өткізілді.
Облыстық және аудандық әкімдіктермен, ТЖД және ІІД бөлімшелері бірлесіп  көлікте   98 кеңес, дөңгелек үстел және әңгімелесу өткізді, бұқаралық ақпарат құралдарында 37 мақала жарияланды, профилактикалық  плакат шығарылды, шараларды көрсете отырып 225 дала және орман өрттерінің алдын алуға бағытталған   25  арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. 
Штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде уақытында шаралар қабылдау мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ  филиалдары Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп өзара іс-қимылды жүзеге асырады, ол үшін құлақтандыру және байланыс жүйесі тұрақты нақтыланады.
Ел аумағында суға шомылуға, демалуға және балық аулауға пайдаланатын 50 мыңнан астам су айдындары бар, соның ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің суда құтқару қызметі бөлімшелері еліміздің акваториясының аз бөлігін ғана бақыланады (суда құтқару қызметтерінің жауапкершілігі аймағына 125 су айдынының учаскесі кіреді).
Статистикалық деректерге сәйкес 10 су айдыны (9 өзен, Қапшағай су қоймасы және Балқаш көлі) аса қауіпті болып табылады.
Статистика көрсеткендей, соңғы үш жылда жыл сайын елдің су айдындарында 1 500 адам зардап шегеді, соның ішінде 500 адам қаза болады, бұл табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қаза болғандардың жалпы  70-80%-ын құрайды, бұл ретте суға батып кеткендердің 99,9 % суда құтқару қызметтерінің бөлімшелері жоқ, суға шомылуға тыйым салынған, жабдықталмаған су айдындары учаскелерінде кездеседі.
Суда құтқару қызметтерінің бөлімшелері орналасқан су айдындарында және олардың жауапкершілік аймақтарында суда зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетіледі және нәтижесінде құрбандар болмайды.
2013 жылы елдің су айдындарында 1361 адам, оның ішінде 320 бала зардап шекті, оның ішінде 942 адамды (250 бала) суда құтқару қызметінің құтқарушылары құтқарды және 419 адам (70 бала) суға батты.
2013 жылы адамдардың көп санын Оңтүстік Қазақстан (140 адам), Солтүстік Қазақстан (111), Павлодар (108) және Алматы (100) облыстарының суда құтқару қызметінің құтқарушылары құтқарған.  
2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы
су айдындарында құтқарылғандар статистикасы
2013 жылы Алматы (82 адам), Шығыс Қазақстан (43), Солтүстік Қазақстан (39), Қостанай (35), Қызылорда (34) және Оңтүстік Қазақстан (28) облыстарының су айдындарында көп адам суға батты.
Жыл сайын қиын жағдай Қапшағай су қоймасының жағалауында болады, онда оңтүстік жағалауынан 100 шақырымнан астам қашықтықта демалыс базасына арналған 500 жер учаскелері бөлінді, 100-ден астам демалыс және  жағажай аймақтары қызмет істейді, олардың көбі судағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарына сәйкес келмейді. 
Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында осы уақытқа дейін қала шетінде адамдарға арналған ресми жаппай шомылу орындарының біреуі де жабдықталмаған. Бұл Шығыс Қазақстан облысының су айдындарында жыл сайын 30% адамдар қаза болу себебі Семей қаласының акваториясында болады. 
Жабдықталған жағажайлардың қажетті саны жоқтығының себептері:
- жергілікті атқарушы органдар халықтың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету бойынша жұмысты төмен ұйымдастыруы және іс-шараларды қажетті қаржыландырмауы;
- жергілікті атқарушы органдар елдің су объектілерінде адам өмірін қорғау мәселелеріне аз көңіл бөлуі болып табылады.
Суға батқандардың жалпы санының 4% демалыс жеке аймақтары - жаппай демалу орындарында болады. 
Бұл жеке демалыс орындарының иелері құтқару құралдары бар ведомстволық құтқару бекеттерін құрмағандықтан және даярланған ерікті құтқарушыларды тартпағанынан болады.
Жүргізілген талдау бойынша:
Қаза болудың бірінші себебі - жүзе алмауы және күштерін жете бағаламауы болып табылады, суға батқандардың жалпы саны 199 оқиға немесе 47 %.
Екінші себебі – мас күйінде суға шомылуы, суға батқандардың жалпы саны 150 оқиға немесе 35 %.
Үшінші себебі – балалардың су айдындары маңында ересек адамдардың қарауынсыз қалуы (суға батқандардың жалпы саны 70 оқиға немесе 18 %).
Суға батқан балалардың жалпы санының ішінде көбі 9 бен 13 жас аралығындағы балалар – 64 % (45 бала). Балалардың қаза болуының негізгі себептері оларды су айдындарының маңында қараусыз қалдыруы және бастысы жүзе алмауы болып табылады.
Осыған байланысты суға шомылу маусымында суда құтқару қызметтері балаларды жүзу дағдыларына үйретуді жүргізеді. Соңғы 2 жылда суда құтқару қызметтерінің құтқарушылары 25 000, оның ішінде балалар үйінің 3000 баласымен сабақ өткізді.
Бұл ретте оқыту кезінде бастысы жүзудің негізгі дағдыларын және элементтерін үйрену –  өзі жүзе және суда ұстай білуі болып табылады. Осы мақсаттар үшін суға шомылу маусымына дайындалу кезеңінде суда құтқару қызметтері суға шомылудың ресми орындарында қауіпсіз оқыту орындарын айқындайды. 2014 жылы 55 қауіпсіз оқыту орындары дайындалған.
2014 жылғы суға шомылу маусымы кезеңінде су айдындарындағы төтенше жағдайларға және шұғыл режимдегі жұмысқа жедел ден қою үшін суда құтқару қызметі автомобилді және құтқару техникасының 140 бірлігін, суда жүзу құралдарының 440 бірлігін, сүңгуір құралдары мен жарақтарының 1374 бірлігін дайындайды, жанар-жағармай материалдарының және азық-түлік өнімдерінің қорлары жасалған.
Су айдындарында адам өмірін қорғау бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарларына сәйкес суда құтқару қызметтері мыналармен бірлесіп:
- білім беру, денсаулық сақтау және ішкі істер басқармаларымен су айдындарында қараусыз қалған балаларды анықтау бойынша бірлескен рейдтер, жазғы каникул басталар алдында ата-аналармен профилактикалық нұсқамалар және әңгімелесулер, демалыс лагерьлерінде балалар қауіпсіздігіне жауаптыларды тағайындау және демалыс кезінде суда тәртіп сақтау қағидалары туралы балалармен әңгімелесулер өткізеді;
- балық және көлік инспекциясы жануарлар әлемін қорғау туралы, кеме иелерінің ішкі кеме жүретін жолдарда жүзу қауіпсіздігі қағидалары туралы заңнама талаптарын бұзуды анықтау мақсатында 255 рейд жүргізді.  Рейдтер барысында өздерімен бірге құтқару құралдары (жилеттер, кеудешелер, және құтқару шеңберлері) бар балықшылар анықталды, балықшыларға «Судағы қауіпсіздік қағидалар» жөнінде жаднамалар тарата отырып, олармен түсіндіру және профилактикалық  әңгімелесулер жүргізді.
Елдің су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін арттыру, жазатайым оқиғалардың санын азайту, адамдардың суда демалулары бойынша жұмыстарды жандандыру мақсатында суға шомылу маусымын өткізуге дайындық кезеңінде суда құтқару қызметтері демалу үшін пайдаланылатын су айдындарын түгендеу бойынша жұмыс жүргізілуде, қазіргі 11 696 су айдынын түгендеу жүргізілді, бұл 2013 жылға қарағанда 7 696 су айдынына артық.  
Шомылуға жарамды 487 демалу аймағы айқындалды, онда судың түбін қауіпті заттардан тазарту жұмыстары жүргізілді. 
1 434 су айдынының иелерінің мекенжайына адамдардың өліміне  жауапкершілік туралы хат жіберілді және жағажайларды дайындау мен  ескерту сипатындағы іс-шаралар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.   
Су айдындарының маңында орналасқан балалар демалыс лагерьлеріне аса көңіл бөлінеді, суда құтқару қызметтері білім беру, денсаулық сақтау басқармаларымен, жергілікті атқарушы органдарымен  бірлесіп, судағы балалар қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар кешенін жүргізеді:
- тікелей балалар демалыс лагерьлерінде ақпараттық-консультациялық жұмыстар, жылдың басынан бастап «Шомылу маусымы кезеңінде судағы қауіпсіздік қағидалары» тақырыбы бойынша 1000-нан астам әдістемелік ұсынымдар таратылды;   
- сүңгуір-құтқарушылар 249 балалар лагері жағажайын тексеруді және түбін тазартуды жүргізді, бұл 2013 жыға қарағанда 49 жағажайға артық;
- судағы қауіпсіздік шаралары жөнінде ақпараттық стендтерді жабдықтауға көмек көрсетілді, плакаттар мен жаднамалар таратылуда. 
Сапалы жүргізілген профилактиалық іс-шараларына, жаңа тәсілдерге және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының арасындағы өзара іс-қимылдарға сәйкес, өткен жылы  балалар ларгерьлерінің  демалу аймақтарының су айдындарында балалар өліміне  жол берілмеген.
  Су айдындарындағы жаппай демалу ресми орындарында Суда құтқару қызметтері «Судағы жүріс-тұрыс қағидалары», «Суда зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсету» және «Жүзу құралдарын пайдалану қағидасы» тақырыптары бойынша 500-ден астам көрнекілік стендт орнатылды.
    Жылдың басынан бастап Суда құтқару қызметтері 100-ден астам бейнематериал (мультфильмдер, қысқа метражды оқу-жаттығу фильмдері, «Судағы жүріс-тұрыс қағидалары» тақырыбы бойынша бейнероликтер) дайындады, кейін оларды оқу орындарында көрсету және тыныс-тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздері бойынша сабақтар өткізу үшін таратты.      
Елдің су айдындарындағы жабдықталмаған және қауіпті учаскелерінде  «Шомылуға тыйым салынады» деген 551  тыйым салу белгілері орнатылған.
2013 жылы, екеуі ірі су айдындарында суда құтқару және сүңгуір іздеу жұмыстарын жүргізуге арналған бес қазіргі заманғы құтқару катері, «Ssаng Yong» базасында ілесіп жүретін жедел автомобильдерінің 9 бірлігін, ТМД елдерінде төтенше жағдайлар құрылымдарында өздерін оң жағынан көрсеткен жаңа құтқару құралдарының (атылатын фалдар және құтқару тақтайлары) 96 бірлігі, сүңгуір құралдар мен жабдықтардың қазіргі заманғы үлгілерінің 170 бірлігі сатып алынды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті аумақтық бөлімшелерінің деректеріне сәйкес республика аумақтарында 2014 жылғы 1 қыркүйекке жай-күйі бойынша 1094 гидротехникалық құрылыс (бұдан әрі – ГТҚ) бар, оның ішінде 187-і республикалық меншікте, 632-і коммуналдық меншікте, 241-і жеке меншік иелеріне және 34-і иесіз объектілерге жатады. 
Облыстар мен меншік түрлері бойынша ГТҚ бөлу №1 және № 2 диаграммаларында көрсетілген.
1-диаграмма. Облыс бөлігіндегі ГТҚ саны
2-диаграмма. ГТҚ жекеменшік иелері
Соның ішінде 363 ГТҚ жөндеу жұмыстарын қажет етеді, оның ішінде 93-і республикалық меншікте, 193 – коммуналдық меншікте, 73 – жеке меншіктегі және 4 иесіз объектілер.
Гидротехникалық құрылыстарды түгендеу барысында  авариялық жай-күйдегі немесе халыққа қатер төндіруі мүмкін 6 объект (3 ШҚО, 2 СҚО,         1 БҚО) анықталды.
№3 диаграммада облыстар бойынша қолда бар 34 иесіз ГТҚ-ы бөлу көрсетілген.
 3-диаграмма.  Республикадағы  иесіз ГТҚ саны.
Сонымен қатар облыстар, Астана, Алматы қалаларының ТЖД деректеріне сәйкес республикада 1107 ГТҚ тіркелген, соның ішінде 218 – республикалық меншікте, 626 – коммуналдық меншікте, 263 – жеке-меншікте. Иесіз объектілер тіркелмеген.
2014 жылы ГТҚ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 11 млрд. 53 млн. теңге бөлінген, оның ішінде 5,1 млрд. теңге – республикалық бюджеттен,       4,3 – жергілікті және 1,5 млрд. теңге жеке қаражаттан. Облыстар бойынша бөлінген қаржы №1 кестеде көрсетілген.
1-кесте. 2014 жылы жөндеу-қалпына келтіру іс-шараларына қаражат бөлу
Өңір атауы 2014 жылы  барлық қаржы қаражаты (млн.теңге)

республик.

бюджет

жергілікті бюджет жеке қаражат
Астана 15 - -
Алматы 65,68 2387,46 -
Ақмола облысы 56,24 128 -
Ақтөбе облысы 13,34 3,92 -
Алматы облысы - 746,8 -
Атырау облысы 23,80 - -
ШҚО 24,80 483,53 -
Жамбыл облысы 2526 304,40 15
БҚО 20,50 3,4  
Қызылорда облысы 1233 172,6  
Қарағанды облысы 827,64 54,57 1388
Қостанай облысы 3,25 45,36 8,72
Маңғыстау облысы - - 115,54
Павлодар облысы - - -
СҚО 308,4 33,3 5,7
ОҚО 39,99 - -
Барлығы 5157,64 4363,34 1532,96
 

Қорытынды:

Соңғы жылдары әлемнің әр түрлі елдерінде гидротехникалық құрылыстардағы апаттық салдары болған аварияларға талдау жасау  олардың туындауына басты себеп адами фактор болып табылатынын көрсетті.

Авариялардың және олармен байланысты болған ТЖ-ның шамамен 50%-ы – пайдалану персоналының төмен біліктілігінің, жұмыстарды дұрыс ұйымдастырмау, қауіпсіздік нормалары мен қағидаларын бұзу нәтижесі. Бұл құрылыс жеткілікті жоғары техникалық деңгейде пайдаланбаса, ғылымның жаңа жетістіктері мен техникасы ескерілген, ең жетілдірілген ГТҚ, құрастырудың ең оңтайлы схемасының тиімділігі төмен болуы мүмкін. Дұрыс және оңтайлы пайдалану ГТҚ жұмысының барынша жоғары қауіпсіздігін және сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ұсыныстар:

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ГТҚ толық мемлекеттік есебі жоқ және барлық мүдделі тұлғалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін су объектілерінің бірыңғай ақпараттық дерекқоры құрылмады. Осыған байланысты республиканың су шаруашылық объектілерінің саны және ведомстволық қажеттілігі туралы дәлелді ақпарат жоқ. Бұған әр түрлі мемлекеттік органдардың деректеріндегі айырмашылықтар дәлел болады.

ГТҚ саны бойынша айрықша айырмашылықтар республикада есептің бірыңғай қағидаттарының, су шаруашылық құрылыстарды бағалау критерийлерінің жоқтығымен негізделген. Осыған байланысты орталық және жергілікті атқарушы органдардың ГТҚ жалпы санын есептегенде деректерде елеулі айырмашылықтар бар. 

- облыстың су шаруашылық құрылыстарының жай-күйі туралы дәлелді ақпарат алу үшін объектілердің техникалық сипаттамаларын, қатерінің дәрежесін және бұдан әрі жұмыс істеуінің орындылығын зерттеу және белгілеу жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды қатыстыра отырып, барлық су объектілері бойынша бірыңғай ақпараттық дерекқор құру қажет;

-  алынған деректер негізінде су объектілерін қауіпсіз пайдалану бойынша алдағы іс-шараларды әзірлей отырып, әлеуетті қаупінің дәрежелері бойынша оларды каталогтау қажет.

 Еліміздің халқы мен экономикасының салалары үшін гидротехникалық құрылыстардың рекконструкциясы жөніндегі іс-шаралардың стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган республикалық меншіктегі гидротехникалық құрылыстардың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге және реконстуркциясына республикалық бюджеттен қаражат бөлуді жыл сайын көздеу қажет, бұл республиканың су шаруашылық объектілерінің техникалық жай-күйін жалпы жақсартуға ықпалын тигізеді.

 Нысан меншігіне қарамастан, барлық су шаруашылық объектілерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне тексерістерді өткізу және оларды қауіпсіз жай-күйде ұстап тұру бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ коммуналдық меншіктегі ГТҚ-ның қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етіп, олардың нақты есебін және тексерісін қамтамасыз ету ұсынылады. Коммуналық меншіктегі су шаруашылық құрылыстарының және гидромелиоративті жүйелердің жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына қаражатты жергілікті бюджеттен көздеу қажет. Жергілікті атқарушы органдар 2015 жылға ТЖК отырысында ГТҚ есебі және оларды мағлұмдау мәселесін қарауды жоспарлау қажет.

СУ ТАСҚЫНЫ - судың өз деңгейінен көтерілген кезде біршама жердің су астында қалуынан пайда болады. Су тасқыны - қардың еруі немесе жаңбырдың құюы, дамбаларды қоршап тұрган қақпалардың қирауы, желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі және жердің қозғалуы салдарынын болады.
Ұзақ мерзімдік су тасқыны - су басу 1 айдан 2 айға дейін созылады.
Қысқа мерзімдік су тасқыны - су басу бірнеше сагатқа созылады.
Кенеттен болатын су тасқындары - мол жаңбырлардың, бөгеттердің, дамбалардың бузылу нәтижесінде болады.
Судың аумалы деңгейі - жақын гидрологиялық күзет орнымен өлшенетін деңгей, одан асып кетсе аумақты су басады.
Су басу ауқымдығы - сумен басылған аумақтың мөлшері.
Су ағымының жылдамдығы - уақыт бірлігіне судың ауысу жылдамдығы.
Су деңгейінің көтерілу жылдамдығы - белгілі бір уақыт аралығында су деңгейінің көтерілуін сипаттайтын мөлшер.
Адамның су тасқынымен күресі көптеген мың жылдардан бұрын басталды. Ертедегі Мысырда көктемгі су тасуы кезінде судың артығын өзеннен табиғи шұңқырларға ағызды, қазаншұңқырлар (котловандар) - бірінші су қоймалардың түп бейнесі .
Бірінші бөгет Сирияда Оронт өзенінде осыдан бес мың жыл бұрын салынған. Сол кездерде бірінші дамбалар да паида бола бастады.
Су тасқынымен күрес бойынша үлкен тәжірибе Мысырдан Қытайға созылып жатқан Шығыс тұрғындарымен жиналған болатын. Еуропада дамбаларды салу бір мың жылдан астам бұрын басталды.
Су тасқындарының негізгі себептері:
- Көктемгі су тасуы кезінде судың мол құйылуы, қар мен мұз айдындарының еруі.
- Нөсерлі жаңбырлар.
- Өзен сағасындағы және теңіздің жиегіндегі желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі.
- Өзен арнасының мұзбен немесе бөренелермен жабылып қалуы.
- Өзен арнасының ішкі мұзбен тығын далуы.
- Цунами.
- Гидротехникалық құрылыстардың қирауы.
- Су ағысы алқаптарындағы көшкіндер мен үйінді тастар.
- Жер асты суларыныңжер қабатының бетіне кенеттен шығуы.
Қазіргі уақытта су тасқынымен күрессу арнасының бөлек учаскесінде емес, барлық өзен су алаптарында жүргізілу керек деп есептелінеді. Бәрінен бұрын, су ағыны біркелкі болуы керек.
Бүгінгі күні су тасқындарының барлық түрлеріне жеткілікті дәрежеде болжам жасауға болады.
Су тасқынының ерекше үлгісіне өзендердің сағаларындағы желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі жатады. Су тасқындары көпірлерді, жолдарды, ғимараттарды, құрылыстарды қиратып, едәуір материалдық нұқсан келтіреді, ал су қозғалысының үлкен жылдамдығы (4 м/с - тан жоғары) және судың өте биік көтерілуі (2 м - ден жоғары) адамдар мен жануарлардың өліміне әкеледі.
Ғимараттар мен құрылыстарға сеңнің, әртүрлі мұз сынықтарының үлкен жылдамдықпен жүзіп келе жатуы, су салмағының гидравликалық соққыларының әсері қиратулардың негізгі себебі болып табылады. Су тасқындары кенеттен пайда болып, бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін. Қар мен жаңбыр суларының жолдарына бөгет жасауға ағаштарды отырғызу көмектеседі. Нәтижесінде көктемгі су тасқынының болу мүмкіндігі төмендейді.
Су тасқынының ауқымы мен салдары олардың ұзақтығына, жер рельефіне, жыл уақыттары мен ауа-райына, топырақгық қабаттың ерекшелігіне, судың көтерілу биіктігі мен қозғалыс жылдамдығына, су селінің құрамына, қоныстанған мекен-жайдың құрылыс салу деңгейіне және халықтың осы жерде тұру тығыздығына, гидротехникалық және мелиоративті құрылыстардың жағдайына, су басып қалған аймақтағы болжаудың туралығына байланысты болады.
Су тасқынына қалай дайындалу керек?
- Егер сіздер тұратын аудан су тасқынынан жиі зардап шегетін болса, үлкендермен бірге су басатын жерлерді зерттеңіздер және оның шекараларын, сонымен қатар биіктегі, сирек су басатын жерлерді және ол жерге апаратын ең қысқа жолды есте сақтаңыздар.
- Ұйымдастырылған және жеке көшу (эвакуация) кезіндегі, сонымен қатар кенеттен пайда болған және қарқынды дамып келе жатқан су тасқыны кезіндегі мінез-құлық ережелері туралы отбасыларыңызбен талқылаңыздар.
- Қайықтар мен салдардың қай жерде тұрғанын үлкендерден сұрап, есте сақтап алыңыздар.
- Көшу кезінде өздеріңізбен бірге алатын құжаттардың, заттардың, дәрі-дәрмектердің тізімін алдын ала жасап алыңыздар.
- Жолқапшыққа керекті жылы киімдерді, азық-түлік қорын, суды, дәрі-дәрмектерді алдын ала салып қойыңыздар.
Су тасқыны кезінде не істеу керек?
- Кідірместен қауіпсіз ауданға немесе аймақтың ең биік жеріне барыңыздар.
- Өздеріңізбен бірге құжаттар мен керекті заттарды алып, оларды су өткізбейтін пакетке салыңыздар, сонымен қатар бұзылып кетпейтін тамақ өнімдерінің екі күндік қорын да алуды ұмытпаңыздар.
- Үйден шығарда электр қуаты мен газды өшіріп кетіңіздер.
- Егер уақыттарыңыз болып жатса, үлкендерге үйдің бағалы заттарын жоғарғы қабаттарға немесе түрғын үй шатырының астына апаруға көмектесіңіздер.
- Көмек келгенге дейін немесе судың басылуына дейін жоғарғы қабаттарда және ғимараттардың шатырларында немесе басқа да биік жерлерде болыңыздар.
Мұнымен қатар апат дабылын беріп тұрыңыздар:
- күндіз - көзге түсетін шүберекті ағаш сапқа іліп алып, қайта-қайта бұлғап тұрыңыздар;
- түнде - жарық дабылын беріп тұрыңыздар және оқтын-оқтын айқайлап дауысыңызды шығарып тұрыңыздар;
- басқа жағдайларда - от жағыңыздар, жалау көтеріңіздер, автокөліктің дыбыс дабылын қолданыңыздар және т.б.
- Құтқарушылар келген кезде үрейсіз және әбігерліксіз, сақтық шараларын сақтай отырып, жүзу құралына барыңыздар.
Мұнымен қатар құтқарушылардың талаптарын мүлтіксіз орындаңыздар.
Су басып қалған ауданнан мына себептер болған жағдайда ғана өз бетінше шығуға болады:
- Медициналық көмек көрсету қажеттілігі.
- Жоғарғы қабаттарды (шатырлардың астыларын) су басып қалу қаупі кезіндегі су деңгейі көтерілуінің жалғасуы.
- Сонымен қатар сіздердің сенімді жүзу құралдарыңыз болуы керек және сіздер жүзу бағыттарыңызды білулеріңіз керек. Матадан жасалған қапты бос пластикалық бөтелкелермен толтырып, қолдан жүзу құралын жасауға болады. Егер сіздер суда болсаңыздар, онда суға батпайтын кез келген заттардан ұстаныңыздар.
- Апат дабылын беруді тоқтатпаңыздар (қол шам, ысқырғыш).
- Егер сіздерді судан алып шықса, міндетті түрде киімдеріңізді сығып, қайтадан киіп алыңыздар. Өздеріңізді суықтан сақтаңыздар!
Су тасқынынан кейін не істеу керек?
- Ғимаратқа кірмес бұрын,  оның құлау немесе қандай да болмасын заттардың құлау қаупі бар ма жоқ па, соны тексеріңіздер.
- Ғимараттың ішін желдетіңіздер (жиналған газ иістерін жою үшін).
- Электр жарығын қоспаңыздар, ашық от көздерін қолданбаңыздар, үйдің ішін толық желдеткенге дейін және газбен жабдықтау жүйесін тексергенге дейін сіріңке жақпаңыздар.
- Үлкендерден электр жабдықтарын, газ, су құбырларын тексеруді сұраңыздар. Мамандардың тексерісінен кейін ғана оларды қолданыңыздар.
- Бөлмелерді кептіру үшін барлық есіктер мен терезелерді ашып тастаңыздар, еден мен қабырғаларды батпақтан тазалаңыздар, суды ағызып жіберіңіздер. Тұрып қалған шалшықтарға құрамында хлор бар сұйықтықтарды құйыңыздар.
ЖЕР СІЛКІНІСІ - бұл аяқ асты қозғалыстан немесе жер қабаты мен мантияныңжоғарғы бөліктерінің бөлінуінен пайда болады. Үлкен қашықтықта діріл ретінде жететін жер асты дүмпулері және жер бетінің дірілі.
Жер сілкінісінің ошағы - ол жер сілкінісін алып жүретін алғашқы өзгертулері бар кеңістік (көлем).
Жер сілкінісінің гипоцентрі (жер сілкінісінің   жер астындағы басталған орны) - жарылыс немесе қозғалыс басталатын жер қабығының ішіндегі орын.
Жер сілкінісінің эпицентрі - жердің үстіңгі қабатындағы гипоцентр проекциясы.
Жер сілкінісінің магнитудасы, Рихтер магнитудасы - жер сілкінісі кезінде бөлінетін энергияның мөлшерін сипаттайтын шама. Афтершоктар - жер сілкінісінің негізгі соққысынан кейін жүретін ошақтық аймақтың ең әлсіз энергиялары. Афтершоктар барлық күшті жер сілкіністерін алып жүреді.
Форшок  -  негізгі түрткінің әсерінен бір ошақ аймағында пайда болатын жер астындағы әлсіз соққылар. Сейсмология  - жер сілкінісі, олардың ошақтары және толқындарының Жер қойнауларында таралуы туралы ғылым.
Сейсмикалық толқын  -  жер сілкінісі, жарылыс, соққы және олардың Жерге таралуы нәтижесінде пайда болатын серпінді толқын.
Кіріспе
Болған жерін қиратып, жайпап кететін, алдын ала болжалуы қиын табиғи апат - жер сілкінісі болып табылады. Жер сілкінісі кенеттен пайда болатын және тез таралатын табиғи апатқа жатады. Осы уақытқа дейін дайындық және эвакуациялық (көшу) шараларын жүргізе алмағандыктан, жер сілкінісі нәтижесінде үлкен экономикалық шығынға және көп адамдардың құрбан болуына алып келуде.
Жер сілкінісі қалалардың қирауына, адамдар мен жануарлардың опат болуына алып келеді. Жер сілкінісі нәтижесінде сан түрлі зардаптар –ғимараттардың бұзылуы, өрттер, опырылып құлаулар, селдер, су тасқындары, цунами және көшкіндер туындайды.
Сонымен қатар жер сілкінісінің зардабы Жердің бетінде жыралардың пайда болуына, жер беті қабаттарының (шөгінді жыныстардың қалың тығыз қабаты) жылжуына, таулардың опырылып құлауына және көшкіндердің пайда болуына, су көздерінің, колдердің жоғалуына немесе пайда болуына, теңіз жағалауларының қүрғауына және тасуына т.б. алып келеді.
Күшті жер сілкінісі кезінде әйнектер сынады және ұшады, сорелердегі заттар құлайды, жиһаздар теңселеді және құлайды, июг.іралар шайқалады, төбедегі сылақ түседі, ал қабырғаларда «ірықтар пайда болады. Мұның бәрі құлақ тұндыратын шуылмен шоді. Оншақты сілкіністің өзі бүкіл ғимараттарды қиратады. Сілкініс ұзаққа созылған сайын, зақым күшейеді.
Жөр қыртысы сілкіністерді толассыз сынақтан өткізеді, бірақ адамдар бұл сілкіністердің тек бір бөлігін ғана сезеді. Жыл сайын ірнайы құралдар арқылы әлемде жүз мыңдаған жер сілкіністері тіркіледі, олардың ішіндегі 20 мыңдайы қиратқыш сипатқа ие. Әлсіз жер сілкінулер толассыз болып отырады, әлемдік станциялар орта есеппен әр 5 минут сайын бір жер сілкінісін тіркейді.
Жыл сайын жер шарында болатын жер сілкіністерінің орта есебі
Жер сілкінісінің сипаты Жылдық саны
Ауыр апаттылары 1 ден көп емес
Кең көлемді қирату тудыратыны Шамамен 10
Қирату зардаптары бары Шамамен 100
Жекелей зақым келтіретіндер 1000
Қирату тудырмайтындары 10000
Қазіргі заманғы құралдармен тіркелетіндер 100000
Қазіргі заманғы білім және техника деңгейі жер сілкінісіне сенімді болжам жасай алмайды, сондықтан жер сілкінісі қатерінің алдын алу әрекетіне көшу қажеттілігі туындап отыр.
Орталық Азиядағы сейсмика
Орталық Азиядағы мемлекеттердің басым аумағы жер қыртысының жоғары сейсмикалық аймағына жатады. Жер қыртысының құрылымы бір текті емес, ол ғалымдар «плита» (тақта) деп атайтын көлемді, әркелкі блоктарға бөлінген. Бұл тақталар өте баяу қозғалады - олар мантия байлауымен мұхиттағы айсбергтер сияқты жүзеді. Осы қозғалыстардың нәтижесінде таулар, алқаптар, шұңқырлар және үстірттер құрылады. Ірі жер сілкіністері қозғалушы тақталардың қактығысуы нәтижесінде пайда болады. Ондай кезде барлық жаққа тарайтын тербелмелі қозғалыстар түзіледі.
1887 жылы Верныйда болған жер сілкінісі бүкіл Верный қаласын (қазіргі Алматы) толығымен қиратты. 1911 жылы Памирда болған жер сілкінісі апатты болып, Сарезск көлінің Тажікстанда пайда болуына себеп болды. 1946 жылы Ташкент қаласынан 300 км қашықтықга болған Чаткальск жер сілкінісі көптеген қала ғимараттарын қиратып, зақым келтірді.
Қазақстандағы Сейсмика
Қазақстан ғаламшардағы күш мөлшері әртүрлі күш мөлшеріндегі жер сілкінулері болуы мүмкін (әлсіздерден апаттыларға дейін) белсенді сейсмикалық аймаққа жатады.
Соңғы жүз жылда аймақта көптеген апатты жер сілкіністері болды. Осындай күшті жер сілкіністері XIX ғасырдың соңында және XX ғасырдың басында қазіргі Алматы аумағында болды. Шамамен Қазақстан Республикасының аумағының 30% 6-дан 9 балға дейін күшті жер сілкінісі болуы мүмкін сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады. Бұл жерде шамамен 6 млн. астам адам өмір сүреді.
Жер сілкінісіне қалай дайындалу керек?
Адамдар табиғи апаттардан, оның ішінде жер сілкінісінен туындайтын төтенше жағдайларды тоқтата алмайды, бірақ саналы түрде әрекет етіп, өмірді сақтауға және тәуекелдерді, заттық және адамгершілік нұқсандарды төмендетуге болады. Сейсмоқауіпті аймақта тұратын әрбір адам болуы мүмкін жер сілкінісіне дейін және жер сілкінісі кезінде өз әрекетін саналы және жүйелі түрде жоспарлай алады. Егер сіз өзіңіз болатын орындарда үйде, мектепте, көшеде, дүкенде, автокөлікте және басқа да орындарда өзіңізді қалай ұстау керектігін алдын ала ойластырсаңыз, сізде ақылды әрекет жасайтын сабырлық пен қабілеттілікті сақтауға көп мүмкіндік болады.
•        Ата-аналарыңызбен және мұғалімдеріңізбен бірге жер сілкінісі кезінде үйде, мектепте, кинотеатрда, театрда, көлікте және көшеде, сонымен қатар жер сілкінісі болмастан бұрын және болғаннан кейін қалай әрекет жасау керектігі туралы жоспарды ойластырыңыздар.
•        Пәтердегі, мектептегі, көшедегі қауіпсіз орындарды аныкп"аңыздар.
•        Отбасы мүшелеріңізбен алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін талқылаңыздар.
•        Жер сілкінісі кезінде отбасы мүшелерінің әрқайсысы әр жақта жүрген жағдайда, қалай және қайда кездесетіндіктеріңізді анықтаңыздар.
•        Жер сілкінісі біткеннен кейін, сіз өзіңіздің қайда екеніңізді және жағдайыңызды хабарлау үшін қоңырау шалатын досыңыздың немесе туысыңыздың нөмірін таңдап жазып қойыңыздар.
    Қүжаттарды, ақшаларды, қалта шамын (жылжымалы электр фонары) және қосымша батарейкаларды, дәрі қорапты, ысқырықты, сонымен қатар қажетті телефон нөмірлерінің тізімін қолайлы орынға қойыңыздар.
•        Үйде бірнеше күнге жететін ауыз су және азық-түлік сақтаулы тұруы
керек.
•        Үлкендерден кереуеттерді терезенің және сыртқы қабырғалардың жаиынан алыс қоюды, пәтерге кіретін жолға және дәлізге заттарды үйіп тастамауын өтініңіздер.
•        Пәтердегі  шкафтарды, сөрелерді ата-аналарыңызбен бірге шегелеп бекітіңіздер, ал жоғарғы сөрелердегі және антресольдердегі ауыр заттарды алып тастаңыздар.
•        Қауіпті заттарды (улы химикаттарды, тез тұтанғыш сұйыктарды) жақсы оқшауланған сенімді орында сактаңыздар.
•        Электрді,  газ бен суды өшіру қажеттілігі туындаған жағдайда, ажыратқыштың, газ және су шүмектерінің қайда орналасқанын білу керек.
Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
Ғимараттың шайқалуын сезгенде, шамдардың теңселгенін, заттардың қүлағанын көргенде, күшейіп жатқан гуілді және сынып жатқан әйнектің дауысын естігенде, үрейленбеңіздер!
Егер сіздердің үйлеріңіз бірінші қабатта, далаға шығар есіктің жанында болса, онда құжаттарды, ақшаны, қажет заттарды алып, ғимараттан тез шығыңыздар.
•        Далаға шыққаннан кейін - ғимараттан алыс және ашық жерге барып тұрыңыздар, тұйық көшелерден аулақ болыңыздар.
•        Үзілген сымдардан сақтаныңыздар.
•        Сабырлылық сақтаңыздар және басқаларды да тыныштандыруға тырысыңыздар.
Егер Сіздер ғимараттың ішінде  қалып  қалуға мәжбүр болсаңыздар, онда:
•        Отырыңыздар да бастарыңызды бір қолдарыңызбен  жабыңыздар,  ал екінші қолдарыңызбен  берік  орнатылған бір заттан ұстаныңыздар.
•        Қауіпсіз жерлерге: негізгі ішкі қабырғаның жанына, негізгі қабырғаның бұрышына, есіктің жақтауына немесе негізгі тіреуіштің жанына тұрыңыздар.
•        Егер мүмкін  болса,  үстелдің  астына тығылыңыздар - ол сіздерді құлап жатқан заттар мен сынықтардан қорғайды.
•        Терезелер мен ауыр  жиһаздардан алыс болыңыздар.
•        Майшамдарды,  сіріңкені,  оттықтарды  қолданбаңыздар, электр қуатын қоспаңыздар - газдың шығып кету салдарынан өрт тұтануы мүмкін.
Жер сілкінісі кезінде мыналарды істеуге болмайды:
Үреленіп жүгіру.
Есікте кептеліс жасау.
• Лифтіні қолдану.
Баспалдақ аралығына шығу.
Балконға шығу.
• Жоғарғы  қабаттардың терезелерінен немесе балконнан секіру.
• Майшамдарды,  сіріңкені,  оттықтарды  қолдану,  электр  қуатын қосу
  Егер сіздер автокөлікте болсаңыздар, онда:
 •ашық жерге барып тоқтаңыздар,бірақ соққылар тоқтағанға шейін көліктеріңізді тастамаңыздар.
Басқаларға көмек көрсетуге дайын  болыңыздар.
Жер сілкінісінен кейін не істеу керек?
Дүмпулердің тоқтағанын тосыңыздар.
Жер қыртысы дүмпулері тоқтағаннан кейін, мүмкін, сіздер елеулі қиратулар мен зардап шеккендерді табатын шығарсыздар.
Сабырлық сақтаңыз. көмекке шақырыңыз.
Еденді тарсылдатып ұрыңыз неме-се Сізді тауып алғанға дейін дауыс беріп тұрыңыз.
Мүмкіндігінше езіңізге өзіңіз медициналық көмек көрсетіңіз.
Есіңізде болсын, от жағуға болмайды, унитаздың күбішесіндегі суды ішуге болады, ал құбырлар мен ба-тареяларды дабыл беруге қолдануға болады.
Күшіңізді үнемдеңіз. Адам тамақсыз жарты ай шыдай алады.
Есіңізде болсын: көмек міндетті түрде келеді, ең бастысы - оны күту керек.
Қирататын жер сілкіністерінің хронологиясы. Соңғы жүз жылда әлемде сан мыңдаған құрбандар мен зардаптар алып келген көптеген жер сілкіністері болды. XX ғасырдағы 1976 жылы тіркелген Шығыс Қытайдағы Таньшанск жер сілкінісі (7,8 магнитудамен) нәтижесінде шамамен 700 мың адам қайтыс болды.
Адам көп қайтыс болған жер сілкінісі 1201 жылы жазда Таяу Шығыста және Шығыс Жерорта теңізінде болды. Осы қорқынышты табиғат апатынан бір миллионнан астам адам қайтыс болды.
Ең үлкен қирату әкелген Жапонияның Канто жазығындағы 1923 жылы 1 қыркүйек айында болған Түрткі магнитудасы 8.2 баллға жеткен. Нәтижесінде Сагами шығанағының теңіздік тереңдігі 400 метрге түсіп кеткен! Ресмі ақпараттар бойынша қайтыс болғандар саны 140 мың адам. Осы жер сілкінісінің материалдық зардабы 17 миллиард фунт стерлингті (қазіргі баға бойынша) құрады.
Жер сілкінісі Иокогама және Токио қалаларында өшіру мүмкін емес алапат өрттермен жалғасты, бірінші түрткіден соң су кұбырлары істен шықты.
Көптеген құрбандық және ауқымды заттық шығын әкелген жер шарының әр түрлі аудандарында әр түрлі күште болып тұратын осындай жер тізімдегі жер сілкіністерін көптеп тізе беруге болады.