6 810 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркелді, оның салдарынан 1 437 адам зардап шегіп, соның ішіндегі 331 адам қаза болды. Олардың салдарынан болған материалдық шығын 1 218,2 млн. теңгені құрады.
«112» шұғыл қызмет телефонына азаматтардан 3 млн. 363 мың 110 қоңырау келіп түсті, оның ішінде «101»-ге түскені 1 млн. 355 мың 635 қоңырау.
Төтенше оқиғаларды жою үшін өрт сөндіру қызметі, ТЖ-ның жедел-құтқару және өзгеде бөлімшелері 33 654 шығуды жүзеге асырды, 6 026 адам құтқарылды, ТЖ аймағынан 11 345 адам көшірілді, 1 960 зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының қызметі дабыл бойынша 25 809 шығуды жүзеге асырды.
Жедел-құтқару жасақтары 5 339 шығуды жүзеге асырумен қатар 2 175 адамды құтқарды.
Шұғыл ден қою бригадалары 2 276 шығуды жүзеге асырып, 1 787 зардап шеккен адамға шұғыл медициналық көмек көрсетті, 1 613 адамды ауруханаға жатқызып, ТЖ аймағынан 877 адамды көшірді.
Оның ішінде трассалық медициналық-құтқару пункттерінің күшімен 660 шығу жүзеге асырылды, оның ішінде жол-көлік оқиғаларына шығу саны 460, зардап шеккен 1 329 адамға медициналық көмек көрсетілді, 524 адам емдеу ұйымдарына жатқызылды, 749 адам эвакуацияланды.
Санитарлық авиация саласы бойынша ТЖК авиациясы 250 ұшуды жүзеге асырды, оның ішінде 222 пациент тасымалданды, 26 консультация берілді және 17 шұғыл операция жасалды.