16 619 (-6,2%) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркелді, онда 3 567 адам (-5,4%) зардап шекті, оның ішінде 1 033 адам (-5,5%) қаза болды. Олардың салдарынан болған материалдық шығын 3 005,4 млн. теңгені (+15,4%) құрады.
«112» шұғыл қызмет телефонына азаматтардан 5 млн. 939 мың 507 қоңырау келіп түсті, оның ішінде «101»-ге түскені 2 млн. 448 мың 379 қоңырау.
Төтенше оқиғаларды жою үшін өрт сөндіру қызметі, ТЖ-ның жедел-құтқару және өзгеде бөлімшелері 69 474 шығуды жүзеге асырды, 11 167 адам құтқарылды, ТЖ аймағынан 25 551 адам көшірілді, 5 053 зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының қызметі дабыл бойынша 53 865 шығуды жүзеге асырды.
Жедел-құтқару жасақтары 10 249 шығуды жүзеге асырумен қатар 4 094 адамды құтқарды.
Шұғыл ден қою бригадалары 5 360 шығуды жүзеге асырып, 4 640 зардап шеккен адамға шұғыл медициналық көмек көрсетті, 1468 адамды ауруханаға жатқызып, ТЖ аймағынан 283 адамды көшірді.
Оның ішінде трассалық медициналық-құтқару пункттерінің күшімен 1 587 шығу жүзеге асырылды, оның ішінде ЖКО 1 100, зардап шеккен 3 269 адамға медициналық көмек көрсетілді, 1 290 адам емдеу ұйымдарына жатқызылды, 1 795 адам эвакуацияланды.
Санитарлық авиация саласы бойынша ТЖК авиациясы 1 752 ұшуды жүзеге асырды, оның ішінде 459 пациент тасымалданды, 59 консультация берілді және 37 шұғыл операция жасалды.