7 069 (-2,3%) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркелді, онда 1 562 адам (-1,5%) зардап шекті, оның ішінде 457 адам (-8,2%) қаза болды. Материалдық нұқсан 1 022,9 млн. теңгені (-5,6%) құрады.
«112» шұғыл қызмет телефонына азаматтардан 2 млн. 991 мың 111 қоңырау, оның ішінде «101»-ге 1 млн. 181 мың 126 қоңырау келіп түсті.
Төтенше оқиғаларды жою үшін өрт сөндіру қызметі, ТЖ жедел-құтқару және өзгеде бөлімшелері 32 026 шығуды жүзеге асырды, 5 407 адам құтқарылды, ТЖ аумағынан 12 313 адам эвакуацияланды, 2 189 зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының қызметі 24 510 дабыл бойынша шығуды жүзеге асырды.
Жедел-құтқару жасақтары 4 952 шығуды жүзеге асырды, бұл ретте 2 079 адам құтқарылды.
Шұғыл ден қою бригадалары 2 564 шығуды жүзеге асырды, 2 007 зардап шеккен адамға (оның ішінде 183 балаға), шұғыл медициналық көмек көрсетілді (оның ішінде 183 балаға), 503 адам ауруханаға жатқызылғаны (оның ішінде54 бала), ТЖ аймағынан 790 адам көшірілді (оның ішінде 81 бала).
Оның ішінде трассалық медициналық-құтқару пункттерінің күшімен 598 шығу жүзеге асырылды, оның ішінде ЖКО 383, 1 354 зардап шеккен адамға (оның ішінде 92 балаға) медициналық көмек көрсетілді, 429 адам емдеу ұйымдарына жатқызылды (оның ішінде 44 балаға), 655 адам (оның ішінде 57 бала) эвакуацияланды.
Санитарлық авиация саласы бойынша ТЖК авиациясы 235 ұшуды жүзеге асырды, оның ішінде 205 пациент тасымалданды, 29 консультация берілді және 11 шұғыл операция жасалды.