Республика аумағында 7 230 (+5,9%) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркелді, онда 1 585 адам (+0,6%) зардап шекті, оның ішінде 492 адам (-16,1%) қаза болды.
Материалдық нұқсан 1 055,9 млн. теңгені (+25%) құрады.
«112» шұғыл қызмет телефонына азаматтардан 2 млн. 824 мың 37 қоңырау, оның ішінде «101»-ге 945 мың 261 қоңырау келіп түсті.
Осы төтенше оқиғалар салдарын жою үшін өрт сөндіру қызметі, жедел-құтқарушылар және ТЖ өзге бөлімшелері 31 мың 262 шығуды жүзеге асырды, 6 413 адам құтқарылды, ТЖ аумағынан 20 731 адам көшірілді, 3 004 зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының қызметі 23 456 – дабыл бойынша шығуды жүзеге асырды, оның ішінде: өртке – 6 221, авариялық-құтқару жұмыстарына – 2 864, жану жағдайларына, өрт ретінде есепке алынбайтын жануларға – 13 717, жалған шақыруларға – 113, расталмаған фактілерге – 541.
Жедел-құтқару жасақтары 5 374 шығуды жүзеге асырды, бұл ретте құтқарылғандар – 3 301 адам.
Шұғыл ден қою бригадалары 2 432 шығуды жүзеге асырды, 2 539 – зардап шеккенге шұғыл медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға жатқызылғаны – 582 адам, ТЖ аймағынан 930 адам көшірілді.
Оның ішінде трассалық медициналық-құтқару пункттерінің күшімен – 606 шығу жүзеге асырылды, 1 786 зардапшеккенге медициналық көмек көрсетілді, 452 адам ауруханаға жатқызылды.
«Қазавиақұтқару» АҚ санитарлық авиация саласы бойынша 217 ұшу жүзеге асырылды, әуе кемелерінің ұшуы 508,08 сағатты құрайды (205 емделуші тасымалданды, 25 консультация берілді және 9 шұғыл ота жасалды).
Консультациялық-диагностикалық поездар Қарағанды, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының 80 станция тұрғынын қарады, 22 543 тұрғын, оның ішінде 5 796 бала тексеруден өтті. Дәрігерлердің бару саны 154 877-ні құрады.