Республика аумағында 16 823 (-4,8%) төтенше жағдайлар мен табиғи және техногендік сипаттағы оқиғалар тіркелді, онда 3 691 адам (-10,1%) зардап шекті, оның ішінде 1 196 адам (-3,3%) қаза болды. Материалдық шығын 3 423,8 млн. теңгені (-17%) құрады.

 

«112» шұғыл қызмет телефонына азаматтардан 5 млн. 025 мың 363 қоңырау түсті, оның ішінде «101» 87 мың 127.

Осы төтенше оқиғалар салдарын жою үшін өрт сөндіру қызметі, жедел-құтқарушылар және ТЖ өзге бөлімшелерімен 64 мың 428 шығулар жүзеге асырылды, 8 764 адам құтқарылды, ТЖ аумағынан 49 726 адам көшірілді, 6 274 зардапшеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметімен  47 582 дабыл бойынша шығу жүзеге асырылды, оның ішінде: өртке – 13 517, авариялық-құтқару жұмыстарына – 5 633, жану жағдайларына, өрт ретінде есепке алынбайтын – 27 301, жалған шақырулар – 230, расталмаған фактілерге – 901.

Жедел-құтқару жасақтарымен 10 814 шығу жүзеге асырылды, сонымен қатар құтқарылғандар – 5 484 адам.

Шұғыл ден қою бригадаларымен 5 084 шығу жүзеге асырылды, 5 744 зардапшеккендерге – шұғыл медициналық көмек көрсетілді, госпиталге жатқызылғаны – 1 762 адам, ТЖ аймағынан – 2 258 адам көшірілді.

Оның ішінде трассалық медико-құтқару пункттері күшімен – 1 664 шығу жүзеге асырылды, 4 664 зардапшеккендерге – медициналық көмек көрсетілді, 1 452 адам –- емдеу ұйымдарына госпиталге жатқызылды.

«Қазавиақұтқару» АҚ санитарлық авиация саласы бойынша – 248 ұшу жүзеге асырылды, әуе судаларының ұшуы 594 сағатты құрайды (234 пациент тасымалданды, 20 кеңес және 15 шұғыл ота жасалды).

Кеңестік-диагностикалық поездарымен 159 жұмыс күнінде СҚО, ШҚО, БҚО, ОҚО, Қарағанды, Ақмола, Қостанай,  Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Ақтөбе облыстарының 158 тұрғыны қаралды, 40 828 тұрғын тексеруден өтті, оның ішінде 5 796 балалар. Дәрігерлердің бару саны 288 978 құрады.